Өміріңізде сурет салып көргенсіз бе? 2 сағаттың ішінде ше? Жауабыңыз «жоқ» болса, сіз де біздің қатарымыздағы адамдардың бірі екенсіз :) Мен де кешегі күнге дейін өзімнің суретші екенімді білмеген едім.
Жұмыс аптасының басында суретші Лаура Есқожина астаналық бір топ жастарды өзінің «Пикассо» арт студиясына қонаққа шақырды. "Шақырған жерден қалма" демекші, не үшін екендігін аса түсіне бермесек те, бәріміз айтылған уақытта, белгіленген жерде жиналдық.
Сол кезде Лаураның бізге 2 сағаттың ішінде Пабло Пикассоның ең қымбат «Түс» атты туындысын салуға шақырған екендігін білдік.
Лаураның айтуы бойынша, "Пикассо" арт студиясының қонақтары сурет салғанды ұнататын және сурет салғысы келетін адамдар. Олар апта сайын өздерінің инстаграм парақшаларында белгілі бір картинаны шығарады. Оны салуды үйрегісі келетіндер белгілі бір уақытқа жазылып, топ құрылады. Одан кейін жиналған топ сурет салып, осында әңгіме-дүкен құрып, шәй ішіп, соңында туындыларын өздерімен бірге алып кетеді екен. 2 сағаттың ішінде картина салатын бұл сынды жоба Алматыда да бар. Лаура мен Сәбина адамның тынығуына, бір сәтке өзге әлемге шомып кетуге мүмкіндік беретін жобаны Астанада да қолға алу ниетімен "Пикассо" студиясын ашқан.
Бұл картинаның түпнұсқасы 2013 жылдың 26 наурызында 155 миллион АҚШ долларына сатылған. Қазіргі уақытта "Түс" картинасы Пабло Пикассоның ең қымбат картинасы саналады.
Сурет салуға қажетті құрал-жабдықтар:
Кенеп, майлы бояу, палитра, қоспа, мастихин және түрлі көлемдегі қылқаламдар ;)
Ал кеттік, жұмыс басталды! Суреттер сөйлесін!
Көбіміз суретті бірінші рет салып жатқандықтан басында қорқыныш та, мынаны мен сала алмаймын деген артқа тарту да болғаны рас. Алайда "Көз қорқақ, қол батыр" дегендей қолымыздағы қылқаламымызбен Лаураның айтқандарын жасап, сол деген суреттерін салып отырдық...
Топпен, бейресми жағдайда сурет салғанның бір жақсысы барлығы емін-еркін, қалжың аралас әңгімелер, қиялдар...
Ал жаманы көп сөйлеп, көп күлемін деп салып жатқан картинаңның бір элементтерін ұмытып кетуің мүмкін немесе көзі\мұрны\ көкірегі ағып кетуі ықтмал :D
Вууаляяя! 2 сағаттың ішінде осындай сүйкімдііі шедевр дүниеге келді. Ешқашан сурет сала аламын деп ойламаппын. Адам ниеттенсе алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ екен ғой дегеннен басқа айтарым жоқ :)
Баянның қорытындысында, Самсон айтпақшы, енді Астананың 8 пәтерінде Пикассоның ең қымбат туындысының фейкі ілініп тұрады ;)
P.S. Мүмкін сіз де суретші шығарсыз?