misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 1576 гостей

"Болашақ" бағдарламасына қалай түстім

с нами с 8 октября 2014

Шыны керек, студент кезімізде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуді армандадық. Неге екенін білмеймін, "Болашаққа" тек таныстары барлар ғана түседі деп ойлайтынмын. Бәлкім, масс медиада жарияланған мақалалардың әсері де болған шығар. Оқуды бітірген соң, кейін мүмкін тәжірибеге барып қайтармын деп шештім де, шетелде оқу туралы ойымнан мүлде бас тарттым.

Уақыт өте келе достарым, бауырларым бірінен соң бірі шетелге оқуға кете бастады. Сонда ғана әділетті өтетініне сене бастадым. Бәлкім, алғашында степендия саны аз болғандықтан әртүрлі әділетсіздіктер орын алған шығар. Кейін Президент степендия санын 3 мыңға дейін ұлғайтқан соң ғана реттелген де болуы мүмкін. Мұны нақты тұжырымдайтын дәлел жоқ. Бәрінен бұрын дәл қазіргі уақытта елімізде мұндай бағдарламаның әділетті өтетініне шын қуандым. Себебі, шын мықты жастарға ешкім де тоқтау болмайды. Дегенмен, өзің емтиханның барлық кезеңінен өткенің басқаша болады екен.

Бұл шешімге АҚШта тіл курсын оқып келген бауырымның үгіттеуімен келдім. Екінші жағынан, осы жылдан бастап «БАҚ өкілдері» санатының енгізілуі де өзінің әсерін берді. Мұндай мүмкіндікті пайдалану қажет деп ойладым. Сөйтіп, барлық емтихандардан өткен соң, осы жылдың 21 тамыз күні «Болашақ» халықаралық бағдарламасының степендианты атандым. Шексіз қуандым. Енді өз тәжірибеммен Сіздербен бөліссем деймін. Себебі, әлеуметтік желіде осыған қатысты сұрақ көп болғандықтан жазуды дұрыс көрдім әрі бәлкім біреуіңіз осы постты оқыған соң тапсырамын деп шешімге келетін шығарсыздар деген ойым да жоқ емес. Сонымен, «Болашақ» бағдарламасына түсу үшін не істеу қажет?!

Өзім үш кезеңге бөлдім.

  1. Қай бағдарлама (магистратура, докторантура, тағылымдама), қай санат бойынша, қай елге тапсыратыныңызды шешу қажет.

  2. Ағылшын тілінен сынаққа дайындалу (ielts емтиханы).

  3. Соңғы емтихандар. Қазақ тілінен, психологиялық тестті тапсыру, коммисиямен болатын сұқбатқа дайындалу.

 

1-кезең.

Негізі «Болашақ» бағдарламасының сайты арқылы барлық сұраққа жауап ала аласыз. Тіпті, орталыққа хабарласудың да қажеттілігі шамалы. Дегенмен, бір-екі сілтемемен бөлісейін. Ең алдымен, санатты анықтауымыз қажет. Қазіргі кезде магистратура бойынша 6 санат бар. Осы сілтеме бойынша, олардың әрқайсысымен таныса аласыз әрі талаптарын анық білуге болады: http://www.bolashak.gov.kz/index.php/kz/pretendentu/trebovaniya

Әр санат бойынша талап әртүрлі. Көбіне, жұмыс тәжірибесіне байланысты. Басты ерекшелік – өз бетімен түскендер академиялық оқуды бірден бастайды, яғни Сізге тіл курсы берілмейді. Өз бетімен түсу үшін шетелдік оқу орнынан шақыртуыңыз болуы тиіс. Ол бойынша, тәжірибем жоқ. Сондықтан, нақты айта алмаймын. Санатпен анықталған соң, мамандықты таңдау қажет. Мына сілтемеде: http://www.bolashak.gov.kz/index.php/kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej

Егер, Сіз басқа мамандықты оқығыңыз келсе, онда мына сілтеме бойынша сәйкес мамандықтар тізбегін қарайсыз: http://www.bolashak.gov.kz/index.php/kz/pretendentu/perechni/perechen-rodstvennykh-spetsialnostej

Негізі құжат саны бар-жоғы 8-9 ғана. Оны жинау мүлде қиын емес. Ең ұзақ уақыт алатыны - 082 формасы бойынша денсаулық анықтамалығы. Мәселен, мен оны №12 қалалық емханасынан ақылы түрде (6 мың теңге) 3 күннің ішінде алдым. Құжаттар ішінде маңыздысы – «ielts» емтиханының қорытындысы. 5 санат бойынша 4 ұпайдан артық жинауыңыз қажет. Егер, Сіз үшін ағылшын тілі қиын болмаса, онда уайымдайтын ештеңе жоқ. Менің тіл деңгейім elementry болғандықтан, тыңғылықты дайындалу қажеттілігі туындады. Тілдің алдын оқысам да, көп қолданбағандықтан ұмытып қалғаным бар. Дегенмен, менде уақыт аз болғандықтан, бірден ielts емтиханына дайындалу қажет болды. Сондықтан, мықты ұстаз табуды басты мақсат қойдым.

2 – кезең.

Бұл ретте, ұстаз мәселесінде маған сәтті болды. Асхат Еркімбай ағамызбен (facebook желісінен таба аласыз) жеке дайындала бастадық. Шыны керек, ол кісінің дайындау технологиясы өзіме ерекше ұнады. Дұрыс стратегия таңдау, күнделікті сабаққа бару, 1,5 айдың ішінде нәтижесі – ielts 5,0 ұпай. Алдын-ала емтиханға жазылып кіріссең, ерекше мотивация болады. Менің нәтижем: Listening - 5,5. Reading – 5,0. Writing – 4,5. Speaking – 5,0.

Негізі емтиханнан 4 ұпай жинау дегеніңіз қиын болып көрінгенімен, іс жүзінде ондай емес. Тыңғылықты дайындалатын болсаңыз, аз уақыттың ішінде алу әбден мүмкін. Дайындалу жөнінде қарындасым 7,5 ұпай жинаған Ақнұр Жидебекқызы постына сілтеме жасағым келеді: http://blogtime.kz/mumkindikter/ielts-75-aknurdyn-okigasy.html

3 – кезең.

Құжат өткізуде ешқандай қиындық көрмейсіз. Мен 15 минуттың ішінде тапсырдым. Осы ретте, «Болашақ» бағдарламасы ұжымының кәсіби деңгейін атап өткім келеді. Тек, барлығын сайтта көрсетілген тәртіп бойынша алып келуіңіз ғана қажет. Құжаттарыңыз қабылданған соң, 15 күннен кейін Сізді емтиханға шақырады.

А) Қазақ тілінен тест. Бұл мен үшін ең оңай тест болды. Дегенмен, сынақтан өте алмағандар да кездесті. 3 сағаттың ішінде 150 сұрақтан 85 жинауыңыз қажет. Мен 133 ұпай алдым. Мына сілтеме бойынша қарап көруге болады: http://kazakhtest.kz/KAZTEST/

Ә) Психологиялық тест. Бұл тест бойынша 99%-ы өтетінін біліңіз. Аса ауыр емес. Шамамен 478 сұрақтың 350-і Амтхауэр тесті бойынша келеді, қалғаны қарапайым психологиялық сұрақтар. Интернетте көптеген сілтеме бар. Сол бойынша 3-4 рет тапсырып көрсеңіз, емтихан кезінде мүлде қиын болмайды. Тек есептерді шығару кезінде калькулятор пайдалануға, кітапшаға жазып шығаруға болмайды.

Б) Ең бастысы – коммисиямен болатын сұқбат. Дәл осы жерде Сіздің түсетініңіз шешіледі. Сондықтан, тыңғылықты дайындалу қажет.

Негізгі сұрақтар:

  1. Неліктен тапсырамын деп шештіңіз?! Кейін қандай жоспарыңыз бар?!

  2. Конституцияны толық жаттап алу қажет.

  3. Мамандық жайлы толық білуіңіз керек, сосын қазіргі салаңызды жетік білмесеңіз қиын болмақ.

  4. Қазақ тарихын толық қайталап шығуыңыз тиіс. Кез-келген кезеңнен қоюы мүмкін.

  5. Жеке қабілеттеріңізге қарайды. Өзіңізді ұстауыңыз, жауап беруіңіз, психологиялық ұстанымдылығыңыз ерекше маңызды. Сондықтан, сенімді жауап беріңіз.

    Сұқбат 10 минуттан аспайды. Сұрақты ағылшын тілінде де қоюы мүмкін. Қысқасы, барлығына дайын болыңыз.

    Егер, осының барлығын өтсеңіз, Сіз «Болашақ» степендиясының иегері атанасыз.

Осы постты оқыған соң, тапсырамын деп шешсеңіз, Сізге сәттілік тілеймін!

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 1063
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 5782, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"

Комментарии

Darkhan Omirbek
09 Окт 16:15 # ответить
Керемет бастама Руслан! Жарайсың!
Ruslan Zheldibay   →  Darkhan Omirbek
09 Окт 16:21 # ответить
Darkhan Omirbek, Рахмет!
Жансая Галимжанова   →  Ruslan Zheldibay
27 Сент 17:40 # ответить
Ruslan Zheldibay, салеметсиз бе,тек жогаргы оку битиргендерге гана ма,алде колледжден сон тусуге болады ма?)
Sainur Darmenbai
09 Окт 17:31 # ответить
Руслан мырза сiз сойтiп кай мемлекетке кандай мамандык бойынша тустiнiз ?
Ruslan Zheldibay   →  Sainur Darmenbai
09 Окт 17:40 # ответить
Sainur Darmenbai, :) Қызық болса айтайын, Ұлыбритания, "Жобаларды басқару" мамандығы.
Sainur Darmenbai
09 Окт 18:06 # ответить
Ruslan Zheldibay, рахмет үлкен, білгім келген тағыда сұрақтарым бар еді, сіздің жанұяңыз бар және оларда сізбен бірге барады деген ойдамын мүмкін бұл сұрақ сізді де мазалап жауабыңызды алған боларсыз, қойғым келген сұрақ мынадай егерде біздің де жанұямыз барып жатса бірақ оқу ұшін емес жай бірге тұрғанға, олар үшін бөлек қаржы бөлінеді ме екен ай сайын бізге берілетін сияқты және виза, авиабилет мәселесі ше ? мазалағаным үшін кешірім сұраймын
Ruslan Zheldibay   →  Sainur Darmenbai
09 Окт 18:10 # ответить
Sainur Darmenbai, Оқасы жоқ, отбасыңыздың шығындарының барлығын өз қаражатыңыздан төлейсіз. Қосымша, тұрғанға, әуебилетіне, визаға қаражат берілмейді.
Manas Kaiyrtaiuly
09 Окт 19:18 # ответить
Русеке, құтты болсын тек! Тілекшімін! Дайындықты баппен бастап кеткен сияқтымын жазбаны оқып))
Ruslan Zheldibay   →  Manas Kaiyrtaiuly
10 Окт 10:49 # ответить
Manas Kaiyrtaiuly, рахмет! Өзіңе де тілекшімін, міндетті түрде тапсыр!
Saule Saule
10 Окт 12:15 # ответить
Сізге рахмет, Руслан! Қажетті ақпарат еді.
the_stampede
10 Окт 17:21 # ответить
ielts 5 - это совсем позорный результат, to be honest.
Saule Saule
11 Окт 16:10 # ответить
Ruslan Zheldibay, Асхат Еркімбай аға қай қалада тұрады және ол кісі басқа жастарды дайындайды ма?
Beybit Binazarov
13 Окт 10:07 # ответить
Жарайсын Руслан! Бул ойыңыз жастарға ерекше ынта сыйлады,Алла разы болсын!
Bekdos Maltaev
27 Окт 21:07 # ответить
Руслан, бауырым, Көп рахмет! Алла разы болсын! Сәттілік сізге!
Фариза Абдуллаева
24 Нояб 13:55 # ответить
Улкен алгыс сизге. Кажетти маглумат екен. Аллах разы болсын.
Айгул Ергеш
28 Март 12:59 # ответить
Салеметсиз бе?болашак багдарламасын кай жерге барып тапсырамын

адресин айтсаныз.мен алматы каласында турамын
Nako Dautbaeva
04 Апр 23:28 # ответить
Сәлеметсізбе! "Болашақ" бағдарламасында тілдік курстардан өтуге болады деп естіп едім. Бірақ ол туралы ақпарат таба алмадым. Сұрайын дегенім сол туралы айта кетсеңіз екен) Жазбаңыз өте керемет, нақты әрі түсінікті, Рахмет сізге!
Aaa
15 Янв 02:22 # ответить
Ruslan Zheldibay, саламатсызба агай , бұған тек бакалавр дәрежесін алғаннан кейн бара алама ? Мен мектепти енди битирдим тек биылдан бастап биринши курс окып жатырмын ..калай болар екен
Алина Серикбек
28 Июнь 00:21 # ответить
Сәлеметсіз бе Руслан аға! Мазалағаным үшін кешірім сұаймын! Оңтүстік Корея (Пусан), Америка (Лос Анджелес), Сингапур, Малайзия (Куала Лумпур) елдерінде оқуға мүмкіндік бар ма? Жалпы бұл елдерге оқуға тапсыра аламын ба? Және "Болашақ" бағдарламасы қай оқуда, яғни қай университетте? Қай оқуға түсу арқылы степендиант бола аламын? Нақты жауап берсеңіз деп едім))) Жалпы шетелге оқуға түссем, степендия Қазақстаннан түседі ме?
Ануарбек Бакдаулет
19 Сент 21:07 # ответить
Руслан аға мен 9сыныпты енді бітірдім мен "Болашақ" бағдарламасына ілігу үшін не істесем болады?Маған қандай кеңес бере аласыз.Мен өзім биолгия-химия пəндерин таңдап жатырмын осы аталған пəндер шеңберінде "Болашақ " бағдарламасында степендия барма?
Нуржайна Суеукожаева
17 Нояб 16:46 # ответить
Салеметсиз бе,Болашақ бағдарламасы бойынша 11 сыныптан кейін түсуге болады ма алде тек қана жоғары оқу орнын бітіргендер магистратураға тапсырадыма
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2606 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2606', { type: 'blog', node_id: '2606', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });