misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'homepage', action: 'blogs', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 120 гостей

Последние записи в блогах

Қазақстан

Шетелде Қазақстанның Тәуелсіздік күні қалай тойланды?

Қазақстанның биыл тәуелсіздік алғанына 24 жыл толып отыр. Осы күнге орай ұйымдастырылған іс-шаралар елімізде аяқталып, енді Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталды. Шетелдегі Қазақстан елшіліктері мен қазақ диаспорасының өкілдері тәуелсіздік күнін тойлаудан шет қалмады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 3 желтоқсаннан бастап бірқатар елдерде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдаулар Бразилия, Мысыр, Норвегия, Катар, Иран, Венгрия елдерінде ұйымдастырылды.  Будапешттегі салтанатты қабылдау. Шара барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының мажар тіліндегі нұсқасы таратылды.  Ал Беларусияда Тәуелсіздік күнін атап өту 17-22 желтоқсан аралығында «Беларусь» кинотеатрының VIP-залында «Қазақфильм» киностудиясының соңғы жылдары түсірілген алты картинасын көрсетумен атап өтілмек. Бұнан бөлек, Израиль, Мьянма, Австрия, Германия, Франция, Біріккен Араб Әмірліктерінде еліміздің Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шаралар өтті. 15 желтоқсанда Мәскеуде тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау кеші өтті. 17 желтоқсан күні М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Қазақ мәдениетінің күні» өтті. Онда қазақ ұлттық тағамдары мен мәдениетінің таныстрылымы болып, «Менің атым - Қожа» атты фильмін талқылау ұйымдастырылды. Фото Мария Волкова Омбы қаласындағы заң академиясында "Достық көпірі: Ресей-Қазақстан"  кітап көрмесі ашылды. 17 желтоқсан күні Татарстанның Достық үйінде тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті. Қонақтарды ұлттық киімдегі қыз-жігіттер қарсы алып, Қазақстан тулары таратылды. Фото addnt.ru Фото "Жас Алаш" Қазан қазақтарының ұйымы Вашингтонда қазақ-американ қауымдастығының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Фото Айжан Күлжанованың жеке парақшасынан алынды Тәуелсіздік мерекесіне орай М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде "Түркіден тараған Тәуелсіз Қазақ елі" атты мерекелік шара өткізілді. Осы шара аясында шахмат, дойбыдан жарыс және шығарма байқауын ұйымдастырылды.  Фото Айзат Мұхтардың жеке парақшасынан алынды  
просмотров: 3980, комментариев: 2
18 декабря 2015 Диас БЕЙСЕНБЕК
Тарих

Александр Затаевич: «Қазақтар - менің туған халқым»

Затаевич қазақ әндері мен күйлерін 500-дей адамнан жазып алған. Затаевичке қазақ әндері мен күйлерін жинауға қазақ зиялылары да көптеп көмек қолын ұсынды.
просмотров: 5734
17 декабря 2015 Berdaly OSPAN
История

Решетки на окнах. Повсюду конвой.

Памяти Кайрата Рыскулбекова посвящается...
просмотров: 7669
16 декабря 2015 Aizhan KHAMIT
Топ

Самые популярные казахстанские спортсмены в Instagram

просмотров: 3531, комментариев: 1
15 декабря 2015 Talgat Mikhaidarov
Актуально

Номофобия – ловушка XXI века.

Есть ли жизнь без смартфона?
просмотров: 2989
14 декабря 2015 Aizhan KHAMIT
Қазақстан

Тәуелсіздік күні қарсаңындағы Қазақстан

Әкімдер жасыл шырша орнатып әлек
просмотров: 4726
13 декабря 2015 Диас БЕЙСЕНБЕК
Цитируй своих!

Әбіш Кекілбаевтің 10 нақылы

  Кемеңгер жазушының ойлары
просмотров: 4729
12 декабря 2015 Daniyar Asylbek
Вся страна

Город отдыха и развлечений

просмотров: 4855, комментариев: 1
10 декабря 2015 Talgat Mikhaidarov
Интервью

Дети - мои главные критики

Интервью с художницей Ансаган Мустафа
просмотров: 2758
9 декабря 2015 Aizhan KHAMIT
Сатира

«Айфон» атауы қайдан шыққан?

  – Қазақта қанша би болған? – Үшеу. – Кім-кім? – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. – Қазіргі би қанша? – Біреу. – Ол кім? – «Сотыби». Қазіргі мәселенің көбісін сол «сотыби»-іңіз шешеді. Білмейтін бәлесі жоқ. Бір кісінің баласы «үйлену» мәселесін реттеу үшін ең бірінші «сотыби» сатып алып, екі өкпесін қолына ала үйіне асығып жетеді: – Алақа-а-а-ай, «айфон» алдым. – Не дейді, құлыным? – деп әжесі елең ете қалады. – «Айфон» алып келдім, апа, «айфон», – десе, әжесі әуелгіден де ден қоя: – Ол кім? Келін бала ма? – деп еліге түседі. – Бізге бір ауыз айтпастан бұл қайткенің? Әлде астыртын көлікке өңгеріп, алып қашып келдің бе? – Кеше алдым кредитке. – Ойбай-ау, келінді кредитке алған қай ата-бабаңды көріп едің? Бетім-ай!.. – Қайдағы келін, апа? «Сотыби» алдым, кәдімгі телефон. Міне! – Бағаналы бері сөйтіп айтпайсың ба бірден. Әкелші бері!.. Әй, мына титімдей «тілипөн» үшін несиеге ұрынып жүрсің бе? – Ой, апа, бұл – кім көрінген ұстайтын көди-сөди емес, «айфонның» алтыншы ұрпағы. – О, масқара! Қай-қайдағы бір «тілипөннің» ұрпағын әкелгенше, одан да сонша қарыз ақшаға анау Мергенбайдың алтыншы қызын алғаның анағұрлым жақсы еді ғой. Енді, мына биттей бәлені не істейміз? Түкке қажеті жоқ.    Осының бәрін төрде құлағы шалып отырған әкесі жастықты жантая: – Енді қолыңызды суға емес, күнде телефонды токқа малып отырасыз, қуаты азайған сайын, – деп әзіл жүгіртеді.     – Олай демеңіздер, қазір заман талабы осы. Оның үстіне бұл телефонның «заряды» толса, әрмен қарай қуат қабылдамайды. Өте ақылды! Әрі түнде фонарик. Айсыз түнде адаспай жүре бересіз. Міне, қараңыз... – Ой, тоба, тап бір айдың сәулесіндей тамаша түсіп тұр ғой! – Айдың фоны ғой, апа, жарқырап тұрған. Жасап шығарған Стив Джобс деген азамат екен. «Айфон» деп сол үшін атаса керек!   – Ой, айналайын, автордың атасына рахмет! – Бұл биттей болғанмен, жұмысы киттей. Ішін ашсаңыз құс сүтінен басқасының бәрі бар. Қайта осы телефон арқылы бойжеткендермен тілдесем. Сөйтіп, болашақ келініңізге қол жеткізем. – Міне, ақылы атасынан асқан, алтыным сол, – деп әжесі немересінің бетінен сүйіп еміренді, – «сотыбиің» расымен де сондай ақылды болса, айналайын, айта қойшы, дүниеде не боп жатыр? – Қазір «Айфоннан» қарай саламыз. Тә-ә-әк, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы мектеп директоры С.Естемісова және бас есепшісі Қ.Оразаева! Әлгілер дегенің қадірлі қызметін қалағанынша пайдаланып, өздеріне сондай сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 2014-2015 жылдар аралығында заңсыз иемденген.  – Қу дүние қиын ғой. Сонда қанша жымқырған? – Қазір ашайын. 2 миллин 340 мың 744 теңгені қылқ еткізсе керек. – Мешкей деген жақсы ат емес, шырағым. – Сол да сөз боп па? Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Instagram» мен «WhatsApp»-та ресми аккаунт ашты ғой, апа. – Ақау ат деген не пәле? – Ақау ат емес, апа. Аккаунт! Бір сөзбен айтқанда, сіздің желідегі үйіңіз. Бір күнде қанша адам қонақ боп кіріп шығады. Хат алмасасыз. Бетпе-бет отырғандай сөйлесесіз. Міне, мынау асағыштардың алдын алатын күрес қызметінің желісі – «WhatsApp». Телефон нөмірі – 8 702 683 77 83. Оларға хабарласақ, бірден тоқтатады. – Тезірек хат жібер, әйтпесе, жемқорлардың жегені желкесінен шығып, жарылып кетер.    Жемқорлық жайлаған жегі құрттардың жолы кесілсе, қане!.. Тойымсыздар тоқтай ма, осы?
просмотров: 4354, комментариев: 1
8 декабря 2015 Нұрсұлтан Оқпанұлы