misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'blog', action: 'user', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Altyn Sapar11:00 Такая "правильная" светскость Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешек тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Anuar Kabiden12:13 Такая "правильная" светскость Altyn, қайсы сөзге ызаңыз келіп тұрғанын түсінбей ақ қойдым. Жеке өзіңізді, не қыздарыңа орамал тақпағандарды ақымақ, нақұрыс деп балағаттанды қайсы жерден оқып отырсыз? Ал сіздің жас қыздарымызға орамал тағу надандық десеңіз, қай жастан бастап адал іс болатының айта аласыз ба? кәмелетке толып, отау құруға дайын болған мұсылман қыздарға орамал тағу парыз. Бұл біз бен сіз ашып отырған жаңалық емес, атам замаңнан келе жатқан шариғат талабы. Ешбір мазхаб оған қарсы шықпайды да, шыға алмайды. Егер де тарихымызды жақсы оқыған болсаңыз, қыздарымыз ерте жасынан ақ отау құрып, 25-30 жасында киіз тігетін апа атанғандарынан хабардар болушы едіңіз. Ал ендеше, осы сөзіме көңсеңіз, балағат жасқа толмаған бүлдіршіндеріміздің басын бүркіп орамал тағудың не пайдасы бар деп сұрайсыз ғой. Оған айтарым, нағыз халқымызға жанашар болған сіздей жанның, "бала жастан", "баланың тәрбиесі бесіктен басталады" деген ұғымдардан бейхабар емессіздігіңіз аңық. Соған орай қазіргі қасқыр заманда болашақ ана, ертеңгі күнде бір қолымен бесік тербететіп, екінші қолымен ел болашағын тербететің қыздарымыздың абыройын барынша сақтап қалу амалымыз. Оған біреуге ақыл айтып, ол үшін біреуден рұқсат сұрайтын жағдай емес. Әр ата-ананың өз шешімі. Ақылға келейк десеңіз, осыған тоқталайық.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 1593 гостя

Автор: Диас БЕЙСЕНБЕК

с нами с 1 февраля 2015
Учат в школе, учат в школе...
8 сентября 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1578, комментариев: 3
В Алматы открылась Школа телеведущих
Как казахстанцы болеют за спортсменов в Рио?
20 августа 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 2732
Переживания, волнения, слезы... Все так, как у спортсменов.
Шегесіз мешіт сыры
13 августа 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1711
Кең-байтақ қазақ жерінің төсінде небір құрылыс-сәулет өнерінің ғажайып үлгілері уақыт сынына сыр бермей, ғасырлар аттап бүгінгі күнге жетті. Мысалы, орта ғасыр сәулет өнерінің озық үлгілері Бабаша хатун, Айша бибі кесенелері, Қарахан мазары, Қожа Ахмед Ясауи кешені уақыт сынынан өтіп, қалпын жой­май мәңгілік мұраға айналды. Бұл ескерткіштер хал­қымыздың тарихымен тығыз байланысты. Арғы тегі сақ, үйсін, түрік деп аталатын еліміздің мыңдаған жыл бой­ғы ізденіс-тәжірибесін, талғам-танымын, сәулеткерлік өне­рін тал бойына жинақтаған мұндай ескерткіш жә­ді­герлер арнайы ден қойып, жан-жақты зерттеуді, қастерлеп ұрпақ игілігіне мәңгілік пайдалануды қажет етеді. Сондай назар аударарлық ескерткіштердің бірі – Жар­кент мешіті. Қала орталығына орналасқан бұл кешенді ғима­раттың сан алуан әдемі на­қыш­тармен безендірілген қа­бырғалары, жақтауларындағы өрнектері, қайқы шатыры, мұ­на­расы адам назарын бір­ден аударады. Бүгінде «Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайы» ата­нып, халыққа қызмет көр­с­етіп тұрған осынау ғажайып ғи­мараттың осыдан бір ға­сыр­дан астам уақыт бұрын са­лынуына Жаркенттің 1882 жы­лы уезд орталығына ай­налуы себепші болды. Өйт­ке­ні мешіт құрылысы уезге ба­ғы­нышты Нарынқол, Кеген, қыр­ғыздардың бірқатар ай­мақ­­тары мен Шонжы, Қо­ғалы, Сарөзек, Жаркент өңірі тұр­ғындарынан жиналған қа­ра­жат­пен салынғаны соны аң­ғар­тады. Жергілікті халық сай­лаған құрылыстың бас мер­­­дігері, көпес – Уәли ахун Юлдашов, бас сәулетшісі – жер­гілікті халық Мұқан деп атаған қытай шебері Хон Пик (Хон Фи). Жаркент қаласынан 200 шақырым жердегі Кетпен тауы­нан емен, қарағай бөре­не­лері өгіз арбамен тасып әке­лін­геннен кейін Хон Пик бас­та­ған Бұқара, Самарқаннан шақырылған 75 шебер жұ­мыс­қа кірісті. Шеберлер тек құ­рылыс материалдарын сүр­гілеп, шауып, жуан бөрене тіреулерді көлеңкеде арнайы шыт матаға орап кептіріп, тақ­тай­лаға айшықты суреттер ою­ға бірнеше жыл арнайды. Сөйтіп, алдын ала дайын­дал­ған құрылыс материалдары бір шегесіз құрастырылып, 1892 жылдың жазында жұма мешіті бой көтереді. Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, күнделікті бес уақыт намаз оқылатын кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіштен қа­ланған сәнді дуал қоршау, оң­түстік және солтүстік жа­ғын­дағы қосымша шағын қақ­палар енді. Бір ғажабы осын­дай күр­делі құрылысты сәулетші Хон Пик жобасын құпиялап, жеке дара өз жоспарымен жүргізді. Алайда болашақ ғимараттың жалпы көрінісі мен сәу­лет­ші­лік ерекшеліктеріне бай­ла­ныс­ты салдырушы бас мер­ді­гер мен шебердің келісімі болған. Шығыс елдерінде ертеде құрылыс өнеріне жастарды үйрету тікелей іс барысында жү­зеге асырылған. Құры­лыс­та­ғы өзіндік ерекше үлгіні ше­бер­­лердің ұрпақтары мұра­гер­лікпен жалғастырған. Сәу­ле­т­кер Хон Пик те сондай өзіндік ерек­ше атамұра үлгісі бар шығыс шеберлерінің бірі еді. Сондықтан ол Жаркент ме­ші­тінің құрылысына бірде-бір шеге қолданбай, өрнектелген ағашты қиюластыру арқылы жасады.  Бас мешіттің көне қытай үлгісінде қос қабатты қайқы бел шатыры 122 бөрене баға­на­ларға бекітілген. Әсіресе ша­тыр құрылысы айрықша күр­де­лілігімен ерекшеленеді. Ме­шіт шатырының жиектерін иіп, қайық тәріздес етіп көтеруге «дау», «гун» деп аталатын имек сырықтар пай­да­ла­ныл­ған. Ғажайып сырлы ғи­ма­рат­тың қабырғаларында, шатыр қапталдарында 1500-ден астам алуан түрлі сүрет, араб-парсы тілдеріндегі көне жазу үлгілері бар. Бұл ою-өрнектерді зерт­теушілер тақырыптық маз­мұ­нына қарай бірнеше топқа бө­леді. Олар – жергілікті ха­лық­тың ою-өрнек нақыштары, гео­метриялық кескіндер, қор­ша­ған табиғат, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі, дінге қатысты белгі шарттар. Бас мешіттің төріндегі дін­басы отыратын мінбер сәкінің босаға тұсындағы қабырғаға үнді халықтарының үлгісімен аңыздарға арқау болған зәйтүн «өмір ағашы» кескінделген. Шеберлердің әшекейге, сәнді пішіндерге, түске көп мән бер­гендігін тек ғимарат тұлға­сы­нан ғана емес, қолданбалы өнер бұйымдарынан – әдемі шы­рағдандардан, ағаштан ойып істелген сәнді мінберден де байқау қиын емес. Мұнда кө­бі­не­се ақ, қара, қызыл, жа­сыл, сары, көк түстер өте сәт­ті, үйлесімді қол­данылады. Жалпы Қытайдың, Жа­по­ния­ның, үндінің ертеректегі ғимараттарының көпшілігі ағаш­­тан салынған. Шығыс сәу­лет өнерінің бұл ерек­ше­лі­гінің өзіндік себептері бар, со­ның ең бас­тысы – ағаш­тан жа­салған ғи­мараттардың зіл­за­лаға тө­зім­ді­лігі. Мешіт құрылысының өзін­дік ерекшелігі мен дараланып көрінетін бөлігінің бірі – бас қақ­па. Ол Орта Азия мен Қа­зақ­станның дәстүрлі сәулет өнеріне тән пішінде. Пор­тал­дың идеялық, көркемдік жа­ғынан атқаратын қызметі көр­некілік және асқақтық әсер бе­ру. Бұл әдетте құрылыстың өзге бөліктерімен салыстыр­ған­да оның көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.  Портал иіндісі өсімдік са­ры­нындағы ашық түсті өр­нек­термен көркемделген де, оның сыртқы бетінің маң­дай­шасы гүл оюлармен, араб жаз­бала­рымен толтырылған үш ойын­дымен бітеді. Порталмен бүйірлес күмбез төбелі екі бөл­ме мешіт қызметшілеріне ар­налған. Бас қақпаның оң­түс­тік, солтүстік қабырғаларымен жанаса медресе үйі орна­лас­қан. Мұнда кезінде жергілікті жас­тар бастауыш діни білім алған. Осының бәрі қызметке ар­налған ғимараттар сәу­ле­тінің халық қолөнерімен ты­ғыз байланыста екендігін дә­лел­дейді. Мешіт құ­ры­лы­сы­ның жұмысына әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуы да ғи­ма­ратқа өзіндік ерекше түр бе­ріп, әр ұлттың сәулетшілік, сән­деу үлгілері кең қол­да­ныл­ғаны байқалады. Түпкі мақсат оның бар болмысының ха­лықтарды, бірлікке, ынты­мақ­қа үндеуінде жатқандай.  Құрылысы толық біткен Жаркент мешіті дін жолында аса көп қызмет ете алмады. Оның бірден-бір себебі – ке­ңестік биліктің дінге қысым жасауы. Кеңес өкіметі мешіт қақпасын жапқанымен оны халық өнер туындысы, көне­нің асыл жәдігері ретінде сақ­тап, бүгінгі күнге жеткізді. Тиіс­ті орындарға хат жазып, ша­ғым айта жүріп, тағдыр тәл­кегімен тасада қалған асыл мұ­раға мемлекет назарын ау­дар­ды. Мырзағали Нұрсейіт (с)
Добро пожаловать!
6 августа 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1253
И вот недавно на берегу озера Алаколь он открыл свой следующий проект - первый в Казахстане пансионат для людей с особыми потребностями «Асар».
Алакөлге барып ем
23 июля 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 2282
Алакөлдегі демалушылар мен қызмет көрсетудің келбеті қандай? 
Мағжан Жұмабаев туралы 10 дерек
26 июня 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 3156
25 маусым – ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туған күні
Олжас Сүлейменовтің өмір қағидаттары
20 мая 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1487, комментариев: 1
"Мен өмір бойы өкіл әкеме тәнті болумен, қайран қалумен өттім"
Темірхан Медетбектің өмір қағидаттары
6 марта 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1566
«Мен поэзияда мықтымын, ешкімді өзіме шақ келтірмеймін» деген сөздерді айтқан емеспін. Айтпаймын да. 
В боксе только девушки
28 февраля 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1738
В Астане завершился чемпионат Казахстана
Тоқырау
24 февраля 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 1671
Соңғы төрт жылда өміріміз қалай өзгерді?
Алтынбек Сәрсенбайұлының айтқандары
11 февраля 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 2114
Бүгін Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің қаза болғанына 10 жыл
2016 жылы Қазақстанда қандай атаулы күндер мен меройтойлар бар?
11 января 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 14539, комментариев: 4
Биыл Қазақстан үшін маңызды мерейтойлар мен мерекелік даталарға толы жыл болмақ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Әлібек Дінішевтің туғанына 65 жыл Қазақ домбырашысы Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл Ақын Күләш Ахметованың 70 жылдығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының ашылғанына 70 жыл Қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 80 жыл Қазақ ақыны, ҚР қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 80 жыл Қазақ жазушысы Медеу Сәрсекеевтің 80 жылдығы Театрлық актер, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты, ҚР халық әртисі Сәбит Оразбаевтың туғанына 80 жыл Қазақ жазушысы Саин Мұратбековтың туғанына 80 жыл Қазақ ақыны Қастек Баянбаевтың туғанына 80 жыл Қазақ ақыны, журналист Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл Қарағанды облысында Долинка ауылында 85 бұрын Қарағанды еңбекпен түзету лагері Карлаг (1931 ж.) ұйымдастырылған Атақты тарихшы Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл ҚР Халық артисі Ермек Серкебаевтың 90 жылдығы Балалар жазушысы Әдібай Таубалдиевтің 90 жылдығы М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ашылғанына 90 жыл Қазақ ақыны, драматург, әйгілі өлендердің авторы Бәкір Тәжібаевтың туғанына 90 жыл Ертегіші-жазушы және журналист Құрманбай Толыбаевтың туғанына 90 жыл Әнші, композитор, Қаз.ССР халық әртісі Дәнеш Рақышевтың туғанына 90 жыл Сырнайшы, педагог, ҚазССР-ң еңбек сіңірген өнер қайраткері Қабидолла Тастановтың туғанына 90 жыл Белгілі әдебиеттанушы, журналист, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожабекович Қожакеевтің туғанына 90 жыл ҚазССР халық әртісі, қобызшы Фатима Жұмағуловна Балғаеваның туғанына 90 жыл Қазақстанның халық суретшісі, график, өрнекшісі, Саха Романовтың туғанына 90 жыл Кинорежиссер, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдулла Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл «Лениншіл жас», қазір «Жас Алаш» газетінің бірінші нөмірі шыққанына 95 жыл Ақын, драматург Ғабдулқауым Мұхамедхановтың 100 жылдығы Ақын Әмина Шалабаеваның 100 жылдығы   Кинорежиссер, қазақстанның халық әртісі Ораз Әбішевтің туғанына 100 жыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы Публицист Баубек Бұлқышевтің 100 жылдығы Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы Қазақстанның халық әртісі, әнші, режиссер Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығы Ақын, халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығы Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары – Мүсілім мен Ришат Абдуллиндердің 100 жылдығы Қазақ актрисасы, ҚазССР халық әртісі Айша Әбдуллинаның туғанына 100 жыл Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл Шопан, Социалистік Еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына  115 жыл Композитор, педагог, ҚазССР халық әртісі Латиф Хамидиның туғанына 110 жыл Қазақ жазушысы Айтбай Хангелдиннің туғанына 110 жыл ҚР халық әртісі, әнші Нұғман Әбішевтің туғанына 110 жыл Қазақ композиторы, Қаз.ССР халық әртісі, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мариям Хәкімжанованың туғанына 110 жыл Ақын Нұғыман Молыбаевтың туғанына 110 жылдығы Қазақ ақыны, жазушы, драматург Мәжіт Дәулетбаев туғанына 110 жыл Ғажайып қазақ әншісі Манарбек Ержановтың туғанына 115 жылдығы Қазақ қоғам қайраткері, күйші Ғабдолхаким Бөкейхановтың туғанына 120 жыл Қазақтың атақты лингвист , қазақ тілін оқыту әдістемесі негізін қалаушылардың бірі Сейтіл Жиенбаевтың туғанына 120 жыл Қазақстандық жазушы-натуралист Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 120 жыл ҚазССР халық әртісі, Серке Қожамқұловтың туғанына 120 жыл Халық ақыны Қазанғап Байболұлының 125 жылдығы Күріш атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы Қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш магистрі Жақып Ақбаевтың туғанына 140 жыл Ақын, аудармашы Тұрағұл Ибрагимовтың туғанына 140 жыл Аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұнайпасовтың туғанына 145 жыл Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы Ақын Ақылбай Құнанбаевтың 155 жылдығы  Қаз.ССР халық әртисі, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске160 жыл Қазақ халық ақыны Әріп (Мұхамедғарып) Тәңірбергеновтың туғанына 160 жыл Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы Ақын, жырау Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы Сазгер Мұхит Мералыұлының 175 жылдығы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске 180 жыл Ақын Құлмамбеттің туғанына 190 жыл Ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығы Қазақ ақыны Шернияз Жарылғасұлы туған 210 жыл Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл Исатай Тайманұлының 225 жылдығы Мемлекеттік қайраткер Абылай ханның (Әбілмансұр) туғанына 305 жыл Қазақ батыры Наурызбай Кұттымбетұлының 310 жылдығы Қазақ ақыны, дастаншы, абызшы, қобызшы Үмбетей Тлеуұлы туғанына 310 жыл 
Талғат Мұсабаев туралы 15 дерек
7 января 2016
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 2823
Бүгін ғарышкер, Халық қаһарманы, Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев 65 жасқа келіп отыр