Аштық
1932 жылғы аштықта аса зор зардап шеккен ауданның бірі- біздің Шұбартау, мүны мына деректер анық көрсетеді.
1928-1929 жылдарда бірқатар байларды конфискелеп, жер аударғаннан кейін мал біршама азайған. Соның өзінде 1930 жылы ауданда 17 214 ірі қара, 49 287 жылқы, 336973 қой-ешкі, барлығы 403479 мал болған екен. Содан 1933 жылы 6 ірі қара, 50 жылқы, 453 қой-ешкі, барлығы 509 ғана мал қалған.
1928 жылы ауданда бар 28000 жаннан 1930 жылы 1997 ғана жан, екінші сөзбен айтқанда 10 проценті ғана қалған. Мұның қаншасы қырылғанын, қаншасының ауданнан тыс жерлерге, басқа республикаларға, шет елдерге кеткенін ешкім де білмейді. Біле де алмайды.
Қырылған адам да аз болмаған. Сол сияқты басқа жаққа кеткендер де аз емес еді. Мәселен Талдықорған, Алматы облыстарына біздің ауданнан ауып барғандардан құралған жеке ауыл Кеңестері, жеке колхоздар болған. Олардың ұрпақтары осы күнге дейін сонда тұрып жатыр. Елге қайтып оралғандары өте аз.
Аштық зардабын ауызбен айтып жеткізу қиын. Бірақ қанша ауыр болғанымен, мұндай қайғылы оқиғаны қайталамас үшін, айтпауға тағы болмайды. Халқымыздың тең жартысы осы нәубеттің құрбаны болды.
Өлген адамдардың денесінен аяқ алып жүргісіз еді. Оларды екі килограммнан астық беріп жерлетіпті. Әлсіз адамдар астық алу үшін, таяз қазып, бетін жасыра берген. Осындай шала ашық қабырларды осы Баршатастың айнала-сынан бәріміз де көрдік. Үстінен таптай -таптай жер болып кетті. Кейін осы жерлерге талай үйлер салынды. Мұндай жан түршіктірер деректерді ондап келтіруге болады.
Егер әр нәрсені өзінің атымен атап, турасын айтсаң, біздің ауданның сол кезде ауылаткомының бірінші хатшысы бастаған басшылары аштық апатының болуына толық ай-ыпты. Олардың ішінде ауданның өзінен шыққан басшылар-да бар. Олар елдің ақырғы малдарына қол сала бастағанда бірнеше қызметкерлер бұған қарсы болған. Оны түсіну орнына аудан басшылары олардың өздеріне тисе бастаған соң олардың бірқатары басқа жаққа кетіп қалған. Ішкі істер бөлімінің сол кездегі бастығы Мұхаметжанов деген кісі ғана қарсы күресін тоқтатпай, дереу Алматыға хабарлаған. Одан тексеруге Машрепов деген КК РКП қызметкері келген.
Ол аудан басшыларының халықты қыруға бет алып, жаулық істеп отырғанын дәлелдеп, қорытындысын Алматыға ала бара жатқанда аупартком хатшысы Қүлбаев оны Айғызда өлтіріп тынған. Бүл іс кейінірек анықталғаннан кейін ау-дан басшылары үсталып, айдалған. Бүл да бүгінге дейін ақталған жоқ. Машреповтың өлімі анықталып, жедел шара қолданғанша талай адам аштан өлді. Сөйтіп, өлім күшейе түскен. Бүл аңыз да, әңгіме де емес, бүл- тартқысыз шындық. Болған оқиға. Мүны қазіргі үлкендердің көбі біледі. Қүлбаев сияқты жауыздар Қазақстанның талай жерінде халықты мыңдап қырды.
Бүгінде бүкіл Қазақстан болып осы аштық, қырғын мен босқын неден болды деп әркім-ақ қалам тартып, өз пікірін айтып жатыр, бүрында айтып келген еді.
Коллективтендіру деген теріс емес еді. Оны науқаншылдықпен жеделдетіп жүргізу теріс болды. Оған шаш ал десе, бас алатын шолақ белсенділер кірісті. Оларға қарсыластарынан өш алушы бақталастар қосылды. Осы науқан асыра сілтеп істі ушықтырып, асқындыра түсу үшін, сөйтіп Кеңес Өкіметін халыққа жек көрсету үшін лас саяса-тын ішіне түйіп, «Уралап» аса белсенділік танытты. Нағыз халық жаулары араласты.
Ал республиканы басқарып отырған сол кездегі қазақтар үйымдасып, саяси бюроға, не Орталық Комитет пленумына дәлелдеп, үзілді-кесілді мәселе қоймаған. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ата-бабамыздың өсиетін орындамаған, халық мүддесінен тақты артық көрген. Солай бола түрса да біздің жетесіздер оларға ескерткіш орнатайық, атаулыларымыз еді деп келеді.
Г.К.Жуков өзінің естелік кітабында (294 бет) Сталинге қарсы айтуға да, пікір таластыруға да, өзіңнің пікіріңді қорғауға да әбден болатын, ол біліп айтқанның бәрін де тыңдайтын, ал бүлай емес еді дейтіндердің бәрінікі де өтірік деп жазды.
Қазір Ғ.Мүсірепов бастаған бес адамның Сталинге жазған хатын ертегідей бір ғажайып батырлық іс деп жүр. Хаттың өзі әбден ел қырылып, болары болған соң жазылған.
Орыс оқымыстылары ертеректе қазақ өмірін зерттеп, бес жаны бар бір үйдің күн көруі үшін (біреуді қанау үшін емес) 15 жылқысы, 6 ірі қарасы, 2 түйесі, 50 қой-ешкісі болуы керек деп қорытынды жасаған. Мұны республика басшылары болған қазақтар білмеген. Олардың ел басқару қабілеті төмен, жоғарыдан берген нұсқауды құлдық ұрып, жанын салып орындаушылар ғана. Олар біздің сорымызға жаралғандар.
Қазір талғамай жазатын, бөстіріп жазатын журналис-тер, оларға білмейтінін білем деп әңгіме айтып берушілер бар.
Қазірде жасы жеткен қарт Молдабай Әбдреев де-ген кісі Қазақ педагогика институтында оқып жүргенде командировкаға 1933 жылдың көктемінде Шұбартауға келгенін жазған. Сонда ел аралауға шыққанда қасыма ер-ген есек мінген шал бұрын аудандық тұтынушылар қоғамы төрағасының орынбасары болып істедім, 175 мың жылқыны тегіс етке алып, әуелі Аягөзге айдадық, ол алмаған соң Қарқаралыға айдадық, жолда жартысы қырылды, қалғанын тапсырдық деді,-дейтін. Бұл Шұбартауда болды деген жылқыдан 3,5 есе артық.
Енді осы жылы сәуірде шыққан «Жұлдыздың» төртінші санында Тілеуберлин Рыздықбай ақсақал айтты деп Қорғанбек Аманжолов деген журналист 1930 жылы Шұбартауда 980 мың бас мал, 40 мың халық болыпты дейді. Бұрын малдың барлық түлігін қосып, бірақ айту тәртібі болған. Сол бойынша айтып отыр. Бұл мал шын мәнісінде болған малдан 2,2 есе артық. Ал халық саны сол кезде болған халық санынан 1,4 есе артық.
Біз шындықтан ауытқып айтылған бірер мысал ғана келтірдік. Егер тізіп айтсақ, мұндай кемшіліктер аз емес.
Мұндай жазбалар жұртшылықты шатастырады. Дәлді, дұрыс ұғым бермейді.
Сондықтан үлкендер өздерінің нақты білетіндерін ғана айтса, журналистер сын көзбен қарап, анығына жетіп, толғап жазса демекпіз.
Қандай апаттан болсын, аман болайық! Тәртіпті, дәстүрді, заңдылықты сақтап, құрмет тұтайық! Бірақ жоғарыдан берген нұсқауды талғамай, көр-соқырлықпен, құлдық ұрып орындаудан сақ болайық! Ұйымшылдығымызды, іскерлігімізді арттырып, табысқа жете берейік! Тәуелсіздігімізді нығайтып, нағыз қазақ болайық!
Авторы нағашы атам Сейсембай Бәуов
Алғашқы рет 1992 жылы мамыр айында «Шұбартау шұғыласы» газетінде жариалянған.
Жіберген - Мұрат Елемес