Ақтамберді жырау Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда Қаратау бойында ауқатты отбасында дүниеге келеді. Ақындық таланты тым ерте, 10-11 жасында танытқан Ақтамберді 17 жасында қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатысады. Талай рет өлім аузынан қалады.
1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айырылған шақта Ақтамберді батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының бірі еді. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысында өкіл болды.
"Ақтабан шұбырынды" оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгелі 70 жыл бойы ат үстінен туспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр.
Ел ушін аянбай еңбек етіп көзге түссең дегеніңе жетесін. Ер азаматтың алдына қояр талаптарына ол өзінше термелейді:
Кумбір- күмбір кісінетіп,
Куреңді мінер ме екенбіз.
Күрек тісін қасқитып,
Сұлуды құшар ма екенбіз,
Кудеріден бау тағып,
Кіреукеден тон киер ме екенбіз...
Жауға қашырар ма екенбіз,
"Актамберді қолы" деп,
" Жанайдың салған жолы" деп,
Жақсы атанар ма екенбіз.
Актамберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады. Сайып келгенде, ол 90 жасап, 1752 жылы дүние салады, өз заманына сай әрі батыр, әрі жырау болған.
Лязат Мырзаш