misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 413 гостей

Шұжықтың жайын мен жазайын, суреттер айтсын

с нами с 12 мая 2014

Шұжық жартылай фабрикаттардың ең көне түрі болып табылады. Әлемде бұл өнімнің 100-ден аса түрі мен сұрыпы бар. Статистика бойынша әрбір қазақстандық жылына 7 килограмм шұжық жейді. Ал Қазақстанның қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда шұжықты екі есеге көп тұтынады екен.

Соңғы уақыттары «Халал» маркалы өнім тек мұсылмандардың арасында ғана емес, көптеген өзге де конфессия өкілдері арасында да сұранысқа ие екендігі мәлім. Ол шариғат бойынша халал тағамға доңыз еті қосылмайды дегенге емес, жалпы мал мен құсты тамақтандыру мен оларды бауыздау шарттарында да, оны әрі қаратай өндеу ерекшеліктеріне қарай, экологиялық таза, синтетикалық қоспаларсыз тағам болғандығына байланысты.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеу қорытындылары бойынша, шұжық өнімдерінің құрамында доңыз еті анықталып, ол қалай болуы мүмкін екендігі жайында дау туындаған болатын.

Өз басым андааа-санда «Беккердің» жылқы етінен жасалған шұжықтарын жейтінім болмаса шұжық жемейтін адаммын. Бірақ туған-туыс, достарым жеп жүргеннен кейін қашан да артынан түрлі әңгімелер ерген шұжықтың жасалуы мен үшін қызық еді... Шұжықтың дайындалуын көру мақсатында «Целинная» фабрика Деликотесов ЖШС-барып, Ақмола ғана емес, бір қатар облыстарды ет өнімдерімен қамтамасыз ететін, астаналық ең үздік, әрі ең үлкен деген шұжық дайындайтын кәсіпорынға бардым.  Ал ендеше көрген-білгенімді мен жазайын, суреттер айтсын...

                       «ХАЛАЛ» СТАНДАРТТАРМЕН ЖАСАЛҒАН ШҰЖЫҚТАРҒА СҰРАНЫС КӨП

«Целинная» фабрикасының өндіріс бөлімінің басшысы Лукман Сәрсебековтың айтуынша бүгінгі күні мұсылман еместердің өздері «Халал» өнімді сатып алатын болғандықтан «Халал» стандарттармен жасалған шұжықтарға сұраныс көп.

 - Біз шұжық жасалатын шикізаттарды арнайы «Халал» деген сертификаттары бар Қостанайдың «Қарасу ет» және Қорғалжын ауданының «Бақара» шаруашылықтарынан, тұз, түрлі дәмдеуіштерді чехиялық өндірушілердің өнімдеріне тапсырыс беру арқылы аламыз. Ал шұжыққа қосылатын су мен мұзды арнайы үш реттік тазалаудан өткіземіз. Біздің фабрикада бір ауысымда 5 тоннаға дейін шұжық өндіріледі. Кәсіпорында шұжықтардың барлық түрін, еттен дастарханға қойылатын арнайы кесектер және қақталған\жартылай қақталған тауық етін өндіреміз. Сонымен қатар біз Астана қаласы бойынша KFC мейрамханалар жүйесінің тауықтарын дайындайтын жалғыз кәсіпорын болып табыламыз.

Халал өнімдерді дайындайтын кезде ыдыстар мен техникаларды жеті рет жуып, бір рет тұзбен тазалап шығамыз. 

Жоғарыда айтып өткенімдей етті тек «Халал» сертификаты бар шаруашылықтардан ғана аламыз.

Біздің цехта 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

Кәсіпорын толықтай аустралиялық техникамен жабдықталған. 

                                                         ШҰЖЫҚ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛАДЫ?

Шұжық жасауға арналған шикізатты алдымен майдалап, кутерде дәмдеуіштер қосып ең жоғарғы жылдамдықта араластырамыз. Кудердің минутына 400 рет айналатын ыстық лезвиясында фарш пісіп қалмас үшін арнайы мұз салынады. Кутерден шыққан паштет шприц деп аталатын аппаратқа құйылады. Ол аппараттың бір жағына "паштет" құйылса, екінші жағына табиғи орауыш жинақталады. Сөйтіп "паштет" белгілі мөлшерде орауышқа құйылып, формаланып, бөлінеді. 

Одан кейін пісірілетін шұжықтардың партиясы қайнатуға, ал жартылай қақталған шұжықтар 8-20 сағатқа кептірілуге жіберіледі. 

Шұжықтар аустриялық бук ағашының түтінімен кептіріледі. Шұжық тек бук ағашының түтінімен қақталғанда ғана ол сапалы болады. Өйткені ағаштың жаңқасымен қақтайтын болсақ онда қандай ағаштың жаңқалары барын ешкім білмейді. Ішінде желімді ағаштардың жаңқасы болса ол өнімнің де сапасын құртары анық.

Термокамерадан шығарғаннан кейін қабық пен ет бір-біріне жақсы жабысуы үшін оларды 3-5 минут аясында суық сумен жуамыз. 

 

Шұжық суығаннан кейін оларды орау бөліміне жіберіліп, онда олардың барлығы өлшеніп, арнайы қағаздары жабыстырылады. 

Сөйтіп дайын өнімдердің қоймасына, әрі қаратай дүкендерге жібереміз.

                                               «ХАЛАЛ» ШҰЖЫҚТЫ ҚАЛАЙ АЖЫРАТАМЫЗ?

- «Халал» мен кәдімгі шұжықтың арасында ішіндегі қоспаларында ғана айырмашылығы бар. Ал былайша алғанда олардың сақталу мерзімдері бірдей. Біз өз өнімдерімізді сатуға жібергенде «Халал» шұжық пен кәдімгі шұжықтың екі түрлі тоңазытқышқа салуларын ескертеміз. «Халал» шұжық пен кәдімгі шұжықты көзбен қарап айыру мүмкін емес. Өйткені олар сыртқы көзге бірдей болып көрінеді. Сондықтан шұжықты алатын кезде құрамы туралы ақпаратты толықтай оқу керек. Тағы бір айта кетерлігі, шұжық термокамерадан өткеннен кейін оларды сақтау мерзімі 2 апта сақтауға, ал жартылай қақталғандардікі 3 айдан 6 айға  дейін жарамды болады.

                                                            ОТАНДЫҚ vs ШЕТЕЛДІК ӨНІМ 

Назарларыңызға ұсынылып отырған материалда еліміздегі бір цехтің «Халал» шұжықты жасау жолымен таныстырдым. Өз көзіммен көріп, құлағыммен естіп келгеннен кейін, сендім! Сұхбатқа барардан бұрын интернеттен шұжық жайында бірақ ақпараттар жинастырған едім. Сонда елімізде отандық өнімнен гөрі шетелдік өнімнің көп екендігін байқадым. Сонымен қатар, халық отандық өнімнен гөрі сырты жылтыраған шетелдік өнімдерге көбірек сеніп/қызығады екен...

Соңғы уақыттары шетелде шұжықа қатысты қандай жаңалықтар болып жатқандығына шолу жасап өтсек:

- Латвияның сауда-ветеринариялық қызметі белоруссиялық 20 шұжықтың алтауынан африкалық доңыз обасының вирусын анықтаған.

- 2014 жылдың қазан айында Ресейдің Брянск, Оршанск, Минс, Могилевск облыстарының ет комбинатының шұжықтарынан Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау қызметі африкалық доңыз обасының геномын тапқан.

- Германиялық шұжық, сиыр етінен сібір жарасы жұққан өнімдері анықталған. Роспотребнадзор инфекцияланған ет ең алғаш рет словакиялық фермада анықталғандығы туралы айтады. Артынша ол ет және еттен жасалған өнімдер Бельгия, Дания, Франция, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания, Швецияға жеткізілген. Алайда бүгінгі күнге дейін аталмыш елдерде сібір жарасын жұқтырған тұтынушылардан арыз келіп түспеген. Арыз келіп түспесе де, оның зияны тұтынушыға тимеді деген сөз емес екендігін барлығымыз ұғынып отырмыз... ЕНдеше сыртындағы ақпараты сіз түсінбейтін тілде жазылған өнімді тұтыну сіздің ойыңызша қаншалықты қауіпсіз? 

                    СІЗДІҢ ШҰЖЫҚ ТУРАЛЫ ОЙЫҢЫЗ ҚАНДАЙ? СІЗ ҚАНДАЙ ШҰЖЫҚ ЖЕЙСІЗ?

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3284
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12901, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"