misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 1335 гостей
Әлеумет
5785 1
с нами с 25 августа 2015

Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?

Біздің бүгінгі әңгімеміз Ақтауда шаңырақ көтерген егіздер Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлы және Асыл мен Айым Биназаровалар туралы.  Тағы екі егізге көбейген  Ұзақбаевтар әулеті арнайы Gonzo үшін олардың мінезі мен қылықтарындағы ерекшеліктер, тойдан кейінгі өмірі және  Қазақстанның аймақтарындағы той өткізу ерекшеліктері жайлы айтып берді. 

Қуыршақ аттар немесе Айман мен Шолпан

Біз барғанда Ұзақбаевтар әулеті кешкі астарын ішкелі жатыр екен. Төргі бөлмеге өткен біз егіз Айым мен Асылды және Төребек пен Жолдасбекті ажырата алмадық. Аңтарылған кейпімізді көрген отағасы Төлепберген аға төрді нұсқап,  дастарханға шақырды. Ауыл амандығын сұрасқан соң қайсысы Төребек, қайсысы Жолдасбек екенін сұрадым. Ыңғайсыздау сұрағыма үйдегілер күле жауап қатты.

- Егіздерді ажырату бәріне қиын тиіп жатады. Кейде бұлар біздерді де алдап соғатындары бар.Төребек бірінші туылса, ал Жолдасбек он минуттан соң жарық дүние есігін ашты. Егер ажырата алмай жатсақ, олардың отырыстарына  қарап анықтаймыз. Мәселен Төребек бірінші, ал Жолдасбек екінші болып отырады. Кішкене кездерінен осылай үйреттік. Есейе келе өздері де үлкеннің алдын орауға болмайтындығын түсінді, - деді Төлепберген.

Келіндер қазақтың әдебімен шай құйды. Төлепберген аға әңгімесін ары қарай жалғастырды. Маңғыстаудың тумасы жұбайы Лиза апаймен шаңырақ көтеріп отбасы болғанына биыл 34 жыл толыпты. Алппыстың алқымдаған отағасы Мұнайлы ауданындағы ауыл шаруашылық инспекциясында еңбек етеді екен. Ал Лиза апайымыз балабақшада тәрбиеші. Алты баланың ата-анасы егіздер үйдегі кенжелер екенін айтады.

- Егіздердің алдында Сұлтанбек, Кәмшат, Дина, Гүлшат деген балаларым бар. Барлығы отау құрып, балалы-шағалы болды. Кезек кенжелерге келген болатын. Өздері үйленгілері келетінін айтты. Үйімізге қос қуаныш болатындығына  біз де қуанып тойға дайындалдық, - дейді кейіпкерлеріміздің анасы Лиза.

Жігіттердің анасының сөзінше, Төребек пен Жолдасбектің атын үлкен апасы (әпкесі) қуыршақ ойнап отырып кездейсоқ айтып қалған екен. Кейін Лизаның енесі «баланың аузына кездейсоқ түспеген болар» деп ырымдап қойған көрінеді. Дастархан барысында Оралдан Маңғыстауға келін болып түскен Айым мен Асылдың  екінші есімдері Айман және Шолпан екендігі анықталды.

- Біз туылған кезімізде атамыз қатты қуанып, немерелерімнің атын Айман және Шолпан қоямын деп шешіпті. Бірақ, ата-анамыздың достары қаладан құжат жасатқанда біздің аттарымызды Айым мен Асыл деп жаздыртып алып келген екен. Атам құжатты көріп қатты ренжіген. Бір берілген куәлікті қайта өзгертпейтіндігіне байланысты Асыл мен Айым атанып кеттік. Бірақ  үйдегілер бізді Айман-Шолпан деп атайды. Асыл мен Айым құжаттардағы атымыз ғана, - дейді жас келіндер.

Тойдың боларынан боладысы қызық

Студент болса да қос ұлын үйлендірген Төлепберген мен Лиза бұл күнге ұзақ дайындалғандарын айтады.

- Біздер балалар бір күнде үйленеді-ау деп ойладық әрине. Бірақ, олардың жарлары да егіз болады деп ойлаған жоқпыз. Екеуі келіп, үйленгілері келетіндігі туралы айтқанда қуандық. Келіндеріміз Орал қаласынан екен. Тез арада той уақытын бекітіп, сырғасын салдық. Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей әулетімізбен біраз жүгірдік. Одан қалды дос-жарандар біраз  көмектесті, - дейді Төлепберген.

Үй иелерінің айтуынша, құда түсіп сырға салу, үйленту той, құдалық сынды қазақтың жөн-жоралғысының барлығы қатар жасалған той  біраз шаршатыпты.

Келіндеріміз алыс жақтан түсіп жатқан соң барлық, салт-дәстүрімізді бірге жасайық деп шештік. Бұл келіндеріміздің өзімізге тез үйренісіп, туған тумаларымен араласуына себепкер болады. Жалпы қос келін түсіру қаржылық жағынан да салт дәстүрі тұрғысынан да қиын. Мәселен бір бала үйленсе, келінді босағадан кіргізесің. Ал екі бала бір күнде үйленсе, екінші келінді бірінші келін аттаған босағадан кіргізуге болмайды. Оны терезеден кіргізеді. Бұл қазақтың келіннің басқан қадамы құтты болсын, бастары тату болсан деген ырыммен жасалады. Біз де екінші келінімізді терезеден кіргіздік. Оған да арнайы дайындық жүргіздік. Бірінші қабатта тұрсақ та, терезеге көтерілетін арнайы баспалдақ жасаттық. Оны ырымдап сұрағандар да болды. Бірақ ешкімге бермедік, - деп күлімдеді  Лиза.

Сондай-ақ беташарда келіннің бетін екі адам ашқан..

Келіннің бетін ашу да маңызды. Басқа облыстарда домбыраның ұшымен бет ашады деп естіп жаатмыз. Бірақ біз екі келін үшін екі бет ашатын адам іздедік. Одан қалды домбыраға байланатын матаның ұшына ілінетін таяқты да екеуіне екі бөлек  жыңғылдан жасаттық. Балалар егіз болып, бірге жүргенімен олар біреу деген сөз емес. Сондықтан жеке-жеке болғаны дұрыс, - деді Төлепберген аға.

Әр елдің салты басқа демекші Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының тұрғындарының салт-дәстүрінде де өзгешелік бар екендігі той кезінде біршама байқалыпты. Мәселен, ауылға түскен келінді 2-3 күн бойы шымылдық артында ұстау, ата-енеге сәлем салу не болмаса жаңа түскен келіннің басынан орамалын тастамай үй ішінде ұлттық киіммен жүру Асыл мен Айымның және оның туыстарына алғашында түсініксіз, әрі жат болып көрініпті. Десе де, жас келіндер ырымдарға үйренісіп, өз міндеттерін атқарып жүр.

- Оралда келіндер өздерін біраз еркін ұстайды. Мәселен, қайын ағаларымен әзілдесіп сөйлесіп, кейде орамалсыз да жүре беруі мүмкін. Университетте оқып жүргенімізде ақтаулық құрбымыз болатын. Сол келіннің міндеттерін айтқанда жағамызды ұстайтынбыз. Бірақ, өзіміз босаға аттаған соң ондай қиындық көріп жүрген жоқпыз. Сәлем салып, қайын інілерімізге ат қойдық. Қазақ болғандықтан бұл міндеттерді атқару қиын емес деп ойлаймыз, - деді Асыл.

Жігіттердің анасының сөзінше, жас отбасылардың бөлмелері де бірдей. Жиһаздар да сондай. Мұны әулет мүшелері егіздердің бірге және бірдей жүру әдеттерімен түсіндіреді.

- Бала кезімізде ата-анамызға бізге киім алу қиын бір шаруа болатын. Өйткені егіздерге арналған арнайы киім сататаын жер жоқ. Сол себепті бізге киім-кешек табу оңай емес. Бір сызығы өзгеше болса да ол ақыры киілмей қалады. Келіншектерімізде де сондай. Сол себепті бәрі ұқсас. Біз ешқашан бір-бірімізден ерекшеленіп не болмаса бөлек жүруге ұмтылған емеспіз, - деді Төребек жымия.

Үш бөлмелі үйде тұратын Ұзақбаевтар әулеті үйдің тарлық ете бастағанын айтады. Мүмкіндік болса бір бөлмеге үлкен үйге ауысқылары келетіндігін жасырмады.

- Қазір екі балаға екі бөлме бердік. Әзірге сыйып жатырмыз. Болашақта отбасымыз көбейе түссе үлкендеу пәтерге көшу керек болады, - деп күледі Лиза апай.

«Мал дәрігері болғымыз келеді»

Жігіттер қазір Батыс Қазақстан облыстық Жәңгір хан атындағы университетінің 5-курс студенттері.  Төребек пен Жолдасбек оқуын жалғастыруға кетті. Бұйыртса келесі жылы қолдарына диплом ұстайтын олар мал дәрігері болғылары келеді. Тіпті мұны 6-сыныптан бастап армандаған көрінеді.

- Біз қазір Ақтауда тұрғанымызбен осыған дейін Жармыш деген ауылда тұрдық. Жастайымыздан мал шаруашылығымен айналыстық. Әкеміз де мамандығы бойынша мал дәрігері. Жалпы шаруашылық саласында жүргеніне 43 жыл болды. Оның ісіне біз де қызығушылық таныттық. Өзімізге ұнайтын іс болғандықтан осы мамандыққа оқуды жөн көрдік, -деп жауап қатқан Жолдасбек ауылдың жұмысынан қашпайтындығын байқатты.

Ал, бұл уақытта жігіттердің жұбайлары педагог мамандығы бойынша жұмыс істемек.

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 1065
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Міндетті түрде елге ораламын
4 сентября 2015
Бауыржан Карипов
просмотров: 4275, комментариев: 5
Кәріс азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының сыры 

Комментарии

Aizhanat Kaziyeva
26 Окт 00:36 # ответить
Оте ерекше окига, кызыкты макала екен! Рахмет!
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3306 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3306', { type: 'blog', node_id: '3306', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });