misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 565 гостей

Оңай олжа орға жығады

с нами с 14 ноября 2012

Бұрыңғылар бірінші байлық денсаулық десе, қазіргілердің көбі бірінші орынға ақшаны қояды. Онысы заңдылық та шығар. Себебі, бейқам өмір сүру үшін қалтаңда шытырлаған ақшаң болуы тиіс. Сондықтан болар, тез байып кетуді көздейтіндер жеңіл ақшаға әуес. Алайда, бәрінің бірдей жолы бола бермейді. Оңай ақшаның етегінде кеткендер ойынханаларды жағалайды.

Бүгінгі күні ойынханалардың орнын басқан букмекер кеңселерінің саны күрт арта бастады. Онда бәс тігу арқылы тез баюға деген құмарлығы басым тұрғындарды көптеп кездестіруге болады.

Психологтардың айтуынша, әлемде құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады екен. Ал, тәуелділікке ұшыраған адам бүкіл шаруасын тастайды, есіл-дерті ойында ғана болып, еркінен айырылады. Сонымен қатар, мамандар букмекерлік кеңселерге тәуелді болған жандар сәтсіздікке ұрынған сәтте өз-өзіне қол жұмсауға, қарызын төлеу үшін отбасының, ата-анасының дүние-мүлкін сатуға дейін барып, кейбір жағдайда қылмыстық жолға түсуі мүмкін екендігін де айтады. Ойындардың кесірінен қолындағы ақшасын, басындағы баспанасын бәйгеге салып, отбасының шырқын бұзу бүгінгі қоғамның кеспірсіз келбетіне айналып барады.

«Менің күйеуім букмекерлік кеңселерде бәс тігетін. Ұтқан күні қуанамыз, ұтылған күні отбасымызбен қайғырамыз. Таңғы бес-алтыға дейін кірпік ілмей, оның жолын тосумен болатынмын. Тіпті, кейде дірдектетіп, кеудедегі баланы қойнымызға қысып, оны демеуге де баратынмыз. Соңғы кездері ойынға берілгені соншалық, алысты-жақынды қалаларға барып ақша тігіп жүрді. Ақшасы таусылғанда қарыз алып,  алтын мен құндыз ішігімізді ломбардқа салған күніміз болды. Бір түнде 700 мың теңгені желге ұшырып, жеңілістің ащы дәмін татқан соң, кілт тоқтады», - деп өткенін еске алып күрсінді Шолпан.

Кейіпкердің басынан өткендері өкінішке қарай қазір көптің бүгіні болып отыр. Күндіз-түні букмекерлік кеңселерді күзетіп, тапқан таянғанын жұмсаудан талмайтындардың қатарында жастар мен жасамыстар да бар. Құмар ойындар көбінесе ең әуелі кірісі төмен адамдарды, әсіресе, жастарды баурап алатыны шындық. Олардың ондағы түпкі ойы – қолда бар тиын-тебенін көбейтіп алу. Бұл жөнінде «Pari match» кеңсесінің алдында қобалжыған күйде темекісін тартып тұрған Марғұлан: «Мен бәс тігуге байланып қаламын деп ойламаппын. Әуелі қолымда барды екі еселеп көбейттім. Бара-бара санамды көп ақша тапсам деген ой улап, тігілетін қаражаттың соммасын ұлғайттым. Талай ұтылдым да. Бар айлығымнан айрылып, шаштаразға барар ақша болмаған да кез болды. Мен ұтылған ақшамды қайтарған күні ғана тоқтаймын» дейді. Ал, оның ойы қаншалықты дұрыс бұрыстығын білмекке психолог мамандарының кеңесіне жүгіндік.

Психологтың айтуынша, кеткен есесін қайтарамын деп жұ­дырық түйіп жүретіндердікі бос әурешілік. Олар одан бетер ұтылмаса ұтпайды.  Букмекерлік кеңселердің жұмыс жасау үлгісі – өз қалталарынан бір тиын да шығармау. Яғни, олар біреуді жеңіліске ұшырату арқылы басқа бір ойыншыға жеңіс әпереді. Жеңіліс тапқан сайын ойыншы ашу мен ызаға булығып, психологиялық соққы алады. Жалған сөйлеп, қарыз сұрағыш болады, ортада сый-қадірінен айрылады. Сондықтан, құмар ойындарға соқтықпай, ойнағын күні дер кезінде тоқтай білу қажеттігін психологтармен қатар  дін өкілдері де алға тартуда.

 «Нәпсіге бой алдырып, құмар ойындарды ойнау асыл дініміз бойынша харам. Бәс тіккен адам өз пайдасын ғана ойлайды және ұтқан жағдайда ол ақша жеңіл жолмен табылған ақша болмақ. Ал, адал жолмен, маңдай тер, табан ақымен келмеген ақша қашанда харам»,- деген түсініктеме берді қалалық мешіт имамдары.

Шет ­елдерде өзінің букмекерлік кеңсенің құлына айналғанын сез­ген жастар не олардың ата-ана­лары букмекер­лік кеңсеге өзін не баласын кіргізбеу туралы өті­ніш жазады екен. Яғни, олар өз-өздерін ұстай алмай қала­тындықтан, бук­мекерлік  кең­сенің әкімшілігіне өздерін ал­астау туралы өтініштерін бере ала­ды. Алысты-жақынды елдердің сәнін, сөйлеу мәнері мен ас мәзірін жатсынбай өз өміріміздің бөлшегі ететініміз бар. Ойынқұмарлықтан ада болудың осы амал-тәсілін де өз елімізде неге сынап көрмеске?! Ал, бізде бук­ме­кер­лік кеңселерге заңмен тыйым салынғанша, құмар ойындарға құмартпай, адал еңбекпен тапқан нанымызды желге ұшырмайық!

Диана ОРАЗАЛИНА.

Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12901, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"
Міндетті түрде елге ораламын
4 сентября 2015
Бауыржан Карипов
просмотров: 7716, комментариев: 5
Кәріс азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызының сыры