misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 128 гостей
Цитируй
своих!
2800
с нами с 4 марта 2016

Әуезхан Қодардың 10 нақылы

Бүгін - ақын, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, жазушы, аудармашы,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Тамыр" журналының бас редакторы Әуезхан Қодардың туған күні. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орын алатын, өзінің қайталанбас ізін қалдырып отырған Әуезхан Әбдіраманұлы 58 жасқа толып отыр. 

Әуезхан Қодар қазақ және орыс тілдерінде жазатын билингвалист және ұлттық классиканың аудармашысы ретінде танымал. Орыс тіліне ортағасырлық жыраулардың поэзиясын, Абайдың, Мағжанның, Жұматай Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятинның «Атилла» драмасын, М. Хайдеггердің, Ж. Делездің, Х.Ортега-и-Гассеттің және «Батыс философиясы антологиясы» жинағына кірген өзге шет ел философтарын аударған (2002). Қазақ тілінде шыққан «Мәдениеттану сөздігінің» (2001) авторларының бірі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында қазақ тіліне әлемдік мәдени танымның екі томын аударған.

Абайдың дүркіреп, дүрілдеп өткен мерейтойлары кезінде де біз Абайға жақындай алған жоқпыз. Түсінбедік, түсіне алмадық. Абайды ашқан да жоқпыз. 
Абай – діни реформатор. Ол Лютердің деңгейіндегі адам. 

***

Батыс мәдениеті құр жобалап айта салуға көнбейтін құбылыс. Онда әрбір үтір мен әрбір нүктенің өз орны бар, оны сәл ауыстырсаң, бүкіл мағынасы құриды.

***

Меніңше, біздің қазақ ұлты таза жекетұлғалық санаға әлдеде болса көше алмай жатқан ұлт. Өйткені, егер 20-ғасырдың басында бізді коммунизмнің елесі басып, өзінің ұжымшыл бөлшегіне айналдырса, 21-ғасырдың басында әсіре ұлтшылдық ұрандары біздің басымызды айналдырып, ақыры дағдарыс тұйығына кіргізіп отыр.

***

Біз  Тәуелсіздігімізді қалай қорғасақ, өзіміздің рухани байлықтарымызды да дәп солай сақтап, дамытуымыз керек. 

***

Айтайын дегенім, материалдық жағдайды санаулы жылдарда, белгілі бір уақытта қалпына келтіруге, дамытуға болады. Ал, рухани байлығымыз жоғалса, оны қайта қалыптастыру үшін бір емес ондаған жылдар қажет етеді.

***

Біз өткенді ғана дәріптеп қоймай, бүгінгі күнді де ұмытпағанымыз жөн. Дәлірек айтсақ дәп бүгінгі күніміз ертең-ақ тарихқа айналады. Сондықтан бүгінгі күнгі айтулы азаматтарымыз жайында жазып, ел алдында көрсете білсек. Әйтпесе ертең оларды тағы да тарих қойнауынан майшаммен іздеп әуре боларымыз анық.

***

Шайтанға қосылып әулие бола алмайсың. Адамды көтеретін - тек ішкі еркіндік.

***

Егер ақын кітап болса, өлім оның мұқабасы. Мұқабасы жабылғанда ғана кітапты оқуға болады. 

***

Бізде, егер біреуге табынса, маңдайын жарғанша табынады. Ал егер біреуді қабылдамаса, ол пақырға өмірі кешірім жоқ. Себебі, біз қоғамдық сананың орташа деңгейімен санасуға ғана дағдыланғанбыз.

***

Қазіргі уақытта мәдениеттанушы болғанша, саясатта немесе оппозицияда жүрген дұрыс па деймін. Өйткені қазір барлық жерде мемлекет қаражаты талан-таражға түсіп жатыр. Ал ондай жерде ешқашан мәдениет дамымайды.

***

 

Бассыз бөрі
31 января 2017
GONZO
просмотров: 2534
Көк бөрінің маң даланы үрейге бөлеп ұлығысы келді. «Ауууу... ауууу... аууууу...» Ұли алмады. Басы жоқ екен.
Әлібек Дінішевтің өмір қағидаттары
30 июля 2016
GONZO
просмотров: 2553
"Шығармашылығымда еркіндікке қол жеткіздім. Яғни, мен ешқандай жерде жұмысқа тіркелмегенмін"

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3642 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3642', { type: 'blog', node_id: '3642', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });