misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
С нами
Сейчас online
А также 293 гостя

Бассыз бөрі

с нами с 14 ноября 2012

Көк бөрінің маң даланы үрейге бөлеп ұлығысы келді. «Ауууу... ауууу... аууууу...» Ұли алмады. Басы жоқ екен. Қайда қалды, біреулер шауып алды ма, әлде өзі бір жерге ұмытып кетті ме, о жағын біле алмады. Қатты өкінді. Ұли алмағанына. Жортып келеді. Жоғалған басын іздеп. Ұзақ жүрді. Басы еш жерден кезікпеді.

Бір қырқадан асып түскенде топтанған қорқауларды көрді. Өздерінше у-шуға бөлеп, ұлып жатыр екен. Бассыз бөріні көріп, бәрі тырағайлап қаша жөнелді. Көк бөрі негізінде қорқаулардан өзінің басын сұрағасы келген-ді. Енді мүмкін емес. Қорқаулардың соңынан қуғысы келген, ары жібермеді.

Көк бөрі: «Менің басым кімге керек болды екен?» деп ойланып келеді. Бір қызығы өз табиғатына тән құбылыспен ұли алмаса да, адам секілді сөйлейтінді шығарды. Мұндай дауысты талай артынан қуған аңшылардан естігені бар. Оны ұли алмай ышқынып, өз ішінен ащы өксікпен «Ей, Тәңірім...» деп сыртқа шығарғанда байқады. Көк бөрінің ең алғашқы сөзі «Ей, Тәңірім» деп басталды. Осы бір дауыс даланы жаңғырықтыра жөнелген. Әуелі адамдар келіп қалған екен деп үрке түсіп, қашпаққа ұмтылған. Қателесіпті, ол – өзі екен.

Қайта-қайта ышқынған дауысқа салды: «Ей, Тә-ңі-і-і-рі-ім...» Айқайға басты. «Ей, Тә-ңі-і-і-рі-ім...» Алыстан «Несіне айқайлап, даланы басыңа көтересің» деген ашулы жауап жетті. Кілт тоқтай қалды. Жауаптың қай жақтан естілгенін аңғармады. Тағы да айқайлауға оқталғанымен, «Осы да жетер, одан да не бұйымтайың бар, айта бер. Менің атымды атап несіне шақырдың» деген дауыс естілді. Жан-жағына алақтай қараған бассыз бөрі, еш нәрсені байқай алмады.

- Бекерге әуре боласың, мені ешқашан көре алмайсың. Мен сенің Тәңіріңмін.

- Оған мен құштар емеспін де. Менің басым қайда?

- Бас дейсің бе,- қарқылдап күлген дауыс жетті бұған,- кімнің басы қайда қалмай жатыр. Неменесіне бұлдап тұрсың?

- Маған бәрібір өз басым керек. Ұлығым келеді.

- Сен енді ұли алмайсың.

- Неге?

- Оны адамдардан сұра.

- Не дейсіз, адамдардан... Сонда қалай?..

- Иә, сенің басың енді адамдардың қолында.

- Түк түсінсем бұйырмасын, мен ешқашан адамдардың тұзағына түсіп көргенім жоқ.

- Оның рас, дегенмен сенің басың солардың қолында.

- Олар менің теріме ғана қызығушы еді ғой. Басым не үшін қажет болды екен?...

 Көк бөрі ойланып қалды. Басын жоқтап жылағысы келді. Бөрілігін танытып, сыр бермеді.

- Кім біледі, өзгелердің алқымынан алу үшін шығар. Олар мені де ұмытып кеткелі қашан...

 Бұл – Тәңірдің сөзі. Өн бойы өкініштің табымен өбілген.

- Жоқ, мен бұған келісім бере алмаймын. Басымды қайтып аламын олардан.

- Енді бәрі де кеш...

- Ештен кеш жақсы.

- Мұндай қағида адамдарға ғана тән.

- Сонда не істеуім керек, Тәңірім?! Айтыңызшы?

- Саған адамдардың басын беремін. Таңдағаныңды аласың.

- Қажеті жоқ. Маған тек ұлитын бас керек.

- Оған менің дәрменім жетпейді.

- Сіз жаратушы емессіз бе?

- Иә, бірақ бірінікін біріне алып бере алмаймын.

Көк бөрі не істерін білмеді. «Тәңірдің қолынан бәрі де келді» деген ойдың шындығына жете алмағандай. Осы кезде Тәңір сөйледі:

- Енді басыңды іздеуің бекершілік. Менің ұсынысымды қабыл алмадың. Енді сенің бассыз ғұмырың басталады.

Көк бөрінің денесі дір етті. Желкесін күжірейтіп, әлдекімге айбат шеккісі келді. Қорыққаннан... Иә, үлкен үңгірдің ішінде алғаш көзін тырнап ашқаннан бері ғұмырында алғаш рет қорықты. Бассыз ғұмырынан.

- Мен бәрібір іздеп табамын.

- Жолың болсын!

Көк бөрі енді өз үйіріне өгей екендігін сезінді. «Ей, басың қайда?» деп, ұяластары да қор етуі мүмкін ғой. Бассыз бөрінің соңғы түйіні осы болды.

Мақсат Рамазанұлы

Әлібек Дінішевтің өмір қағидаттары
30 июля 2016
GONZO
просмотров: 1786
"Шығармашылығымда еркіндікке қол жеткіздім. Яғни, мен ешқандай жерде жұмысқа тіркелмегенмін"
Әуезхан Қодардың 10 нақылы
12 июня 2016
Лаура ЕСЕНБАЕВА
просмотров: 2152
Егер ақын кітап болса, өлім оның мұқабасы. Мұқабасы жабылғанда ғана кітапты оқуға болады

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3907 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3907', { type: 'blog', node_id: '3907', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });