Қазақ операсының жұлдызы Әлібек Дінішевтің өмірі өнерге айналған, қайталанбас тұлға. Оның шығармашылығы, өмір қағидаттары мәдениет майталмандары үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін үлгі тұтарлық нәрсе.
***
Менің балалық шағым, тіпті барлық өмірім әнмен, күймен өр-нектеліп, ғажайып ертегі әлемінде өтті.
***
Мен бала кезімде теледидардан Кеңестер Одағының халық артистері Әлібек Дінішевті, Ермек Серкебаевты, Бибігүл Төлегенованы көргенде "Қандай сұлу да сымбатты жандар еді. Шетелдіктер осы кісілерге қарап, "Қазақ не деген өңді халық деп ойлайтын шығар" деп іштей масаттанатынмын.
***
Тамаша ән естісем, жақсы концерт көрсем, менің де шығармашылықпен айналысқым, өнерімді паш еткім келіп кетеді. Ал егер ешқандай әуен естімесем, ештеңеге зауқым болмай, солып қаламын.
***
Мен операны Парижде, Венада тамашалаймын. Ал қазіргі қазақстандық операға көңілім толмайды.
***
Ешқашан ізденуден жалыққан емеспін.
***
Өткен күнде белгі жоқ деп жатады. Өтті, кетті. Ал ертеңгі күн туа ма, жоқ па, белгісіз.
***
Өкінішке орай, бүгінде өнер жөнінде мәні мен мазмұны бар мақалалар басылмайды.
***
Мен көптеген беймәлім газет пен журналдарға сұхбат беруден бас тартамын.
***
Нағыз әнші атану үшін түбегейлі білім мен тәжірибе қажет.
***
Сондай-ақ, мен ән айтып жатқанда залда отырғандардың ыстық ықыласпен тыңдап отырғандарын байқасам, менің шабытым артып, қанаттана түсемін. Одан да жақсырақ айтуға тырысамын.
***
Шығармашылығымда еркіндікке қол жеткіздім. Яғни, мен ешқандай жерде жұмысқа тіркелмегенмін.
***
Сахнада менің бәсекелестерім болған емес.
***
Altaynews.kz сайтындағы және «Айқын», «Время» газетіндегі материалдар пайдаланылды.