misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 133 гостя
Блоги
11302 2
11302 2
с нами с 25 июля 2017

Мең неге қауіпті?

 Бұрын халқымыз сәбиге Меңдіқыз , Меңлібек, Қалдыгүл, Қалжан  деген есімдерді қойғанда  денесіндегі мең кетеді деп ырымдағаны белгілі.  Ал онколог  дәрігерлер бір ауыздан қалды  алып тастауға кеңес береді.  Туғаннан  теріңізге шыққан  нүктедей дақтан құтылу -қатерлі ісіктің алдын-алу екенін ескертеді. Өкінішке қарай , мән бермейміз. Меңнің қауіпті екеніне сенгіміз келмейді. Қалдан пайда болатын кеселдер және  хирургиялық операцияның құны қанша тұрады? Осы жайында Алматы қалалық Онкологиялық орталықтың онколог хирургі Хәкімжан Бекішевпен әңгімелескен едім.

- Күннің астында жеңі қысқа көйлекпен неге жүрсіз? Ультракүлгін сәуледен теріңіз зиян шегеді. Денедегі меңнің үлкеюі, жарақат алуына да күн сәулесі қатты әсер етеді. Бұрын апаларымыздың терісі неге жұмсақ болды? Есіңізге түсіріп көріңізші. Себебі, ол кісілер жеңі қысқа көйлекті  кимеген. Желден, күннің көзінен терісін қорғаған. Қазіргі қыз-келіншектер денені тұмшаламаса да, теріні қыздырады, ашық жүреді, күннен қорғанбайды. Содан терілері қатты, - деп Хәкімжан Бекішев күлді.     

Хәкімжан Бекішев онколог –хирург , еңбек өтілі 30 жыл. Жылына 500 операция жасайды. Тәжірибелі маман.  

-Меңнен қалай құтылуға болады?

-Меңді хирургиялық әдіспен, яғни кесіп , физикалық лазермен , электрмен күйдіру, сұйық азотпен алып тастауға болады.  Солардың ішінде тиімдісі хирургиялық әдіс . Денеден сылып алынған меңді гистологиялық зерттеуге жібереміз. Оның нәтижесі өте маңызды. Емделуші ағзасында қатерлі  ісіктің бар-жоғынан хабар алады.  

-Қарақаттай қал соншалықты қауіпті дегенге сену қиын екен.

-Оныңыз рас. Бізге келетін пациенттердің бәрі сіз сияқты ойлайды. Басым бөлігі  қорқады. Екіншіден қалдың түсі, түрі ,тіпті пішіні өзгеруі мүмкін. Қышиды, ісінеді, іріңдейді және қанайды.  Үшіншіден эстетикалық жағынан  адамға  меңнің  пішіні өзгеріп, ыңғайсыздық туындайды. Өткенде бір кісінің иығындағы қалының үлкендігі сонша салмағы 2 келіге жеткен. Отамен алып тастадық. Төртіншіден, қалды алып тастау қатерлі ісіктің алдын алу.  Меңнің ішіндегі қара дақтар-меланома дегені өте қауіпті. Оны медицинада қара ісік деп те атайды.  Денеге тез жайылады. Меланома асқынғанда адам өмірін сақтап қалу қиындайды. Сондықтан меңді ертерек дәрігерге тексертіп,  қауіптің бетін қайтаруға болады.

-Дертін асқындырып келетіндер көп пе?

- Көбіне әйелдер денесінде  өзгеріс пайда болса  тез байқайды. Күдігін сейілту үшін медициналық көмекке жүгінеді. Өкінішке қарай ер кісілер кеселді  асқындырып келеді.   Сондықтан теріңізде пигменттік кез-келген дақты тексерту қаперіңізде жүрсін.  

Хәкімжан БЕКІШЕВ Алматы қалалық Онкологиялық орталықтың онколог-хирургі .

- Түймедей меңнің  қатерлі ісікке айналуына не түрткі болады?

- Экологияның әсері бар , көбінесе майлы, қуырылған  тағамдарды жиі тұтынудың салдарынан ағзадағы зат алмасу процесі бұзылады. Шектен тыс күнге теріні қыздыру ,артық салмақ, жарақаттап алу, түгін жұлу да зиян. Қатерлі ісікті қоздыратын факторлар әрқалай.    

-Сіз күннің сәулесі пигменттік дақтардың өзгеруіне әкеледі дедіңіз. Ал  қазіргі кезде таңсық емес ,теріні жасанды түрде қыздыру сәнге айналды. Бұл зиян емес пе?

- Осы сұрақ төңірегінде айтатын болсам, даулы тақырып. Әзірге оның зияны бар ма,жоқ па, ол жағы  белгісіз. Дегенмен теріні жасанды түрде түсін өзгертуге кеңес бермеймін. Тері үлкен орган. Ағзаны басқа микробтардан, сыртқы  факторлардың әсерінен  қорғайды.  Денеге тырысқан киімдер кию, күнге қыздырыну тері үшін пайдасы жоқ.  

- Әңгімеңізге рахмет!

Меңнен қалай құтылдым?

   Бала  кезде пайда болған  ернімдегі нүктедей мең соңғы екі-үш жылда қарақаттай болды.  Алдырып тастау ойымда болған жоқ. Өйткені ауырмайды, қышымайды. Биыл көктемде дәрігерлер емханада өтетін  ашық есік күніне шақырып, медициналық тексеруден өттім. Онкологқа кірдім. Дәрігер денемді түгел шолып , қарап шықты. Ернімдегі қалды алдыру керек деп ескертіп, терапевтке жолдама берді. Шынымды айтсам, емханадан шыққаннан кейін онкологтың айтқанын ұмытып кеттім. Сол күні түскен маммографиялық аппараттың  қорытындысын алып, екі-үш күннен кейін онколог-маммологқа бардым. Маммологтың ернімдегі қалға көзі бірден түсті. Емханадағы жалпы тәжірибе  дәрігеріне жедел қаралуға кеңес берді. Жалпы тәжірибе дәрігері  бірнеше талдаулар, медициналық тексерулерге жолдама беріп, екі күнде тапсырдым.  Оның ішінде ВИЧ/ СПИД –ке өткізген талдау қорытындысын ұзақ күттім. Операция алдында бағасы 6300 теңгедей онкомаркерлік зерттеудің қорытындысы керек.     

    Талдау нәтижелерін алып, Алматы қалалық онкологиялық орталықтың онколог –хирургы Хәкімжан Бекішевке бардым.  Операция күнін белгілеп, операция жасалатын күні таңертең ақылы бөлімге, сосын кассаға бардым.

     Айтпақшы операция алдында  мең жайында ырымдар да,тыйымдарды  көп естідім.   Ата-анам, ата-енем көздері үйренген қалға пышақ тигізгенімді қаламады . Олар ол  әр адам туғанда берілетін Алланың сыйы деп түсіндірді. Таныс кісілер  меңнің  ырыс-құт әкелетінін айтты. Көршім  қалдан кейін қатерлі ісігі асқынып, емделушінің о дүниеге аттанып кеткенін айтып жүрегімді тас төбеме шығарды. Олар операциядан бас тартуға үгіттегенін түсіндім. Бәрі алаңдап жүр. Дегенмен өзім дәрігерге сендім.

     Сонымен меңді кесіп алып тастау үшін кассаға  24300 теңге ақша санап бердім.  Неліктен екенін ешкім түсіндірмеді,   палатаға жатқан жоқпын, тіпті бас сұқпадым. Сол үшін  3 мың теңге шығындадым. Операциядан кейін медбике жараның аузын спиртпен сүртіп, онколог хирург бақылауда ұстады ,3 күнге  4200 теңге . Ал гистологиялық тексеру -6450 теңге. Барлығы 37950 теңге жұмсадым.  Бұған қоса , 1900 теңгеден операцияға қажет 2 жіпті алдым. Операциядан кейін 7 күн антибиотиктер қабылдау керек. Бұл  дәрілердің міндеті инфекцияны тұншықтыру.   Жалпы дәрі-дәрмекке  13300 теңге суға сіңген құмдай ғайып болды.  Қарақаттай қалдан құтылу үшін  55 050  теңге кетті.   Енді тыртықты жоятын крем бар екен. Оның бағасы 8500 теңге екен.

     Операциядан кейін көп сөйлеуге болмайды, тамақты блендермен езіп, түтікшемен ішесіз. Шынымды айтсам, ұмытшақ ауру сияқты ,қалдың ізі қалғаны болмаса , ауырып, қиналған шақтарды ұмытып қалдым. Мең мазаласа онколог дәрігерге жол тартыңыз. Өйткені ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз.

   Жазира Бегалы журналист ,Алматы.

3 eвpeйcкиx aнeкдoтa o тoм, кaк нaдo oтнocитьcя к дeньгaм
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 13992
Англичане говорят: "Если ты такой умный, покажи мне свои деньги". Скрытый сарказм подразумевает, что не всегда интеллект приносит материальные плоды. Можно быть человеком умным и образованным, но жить от зарплаты до зарплаты.   А у евреев своя мудрость:   Если уронишь золото и книгу, подними сперва книгу.   Почему? Потому, что деньги могут быть украдены, могут обесцениться или вложены в пирамиду или долгострой. А знания и опыт всегда с тобой, с их помощью ты всегда сможешь заработать еще.   Но заработать - это половина дела. Нужно еще уметь контролировать свои траты, сберегать деньги и преумножать их.   Чем русский подход к деньгам отличается от еврейского? Наши люди могут потратить все, до копейки, любят пускать пыль в глаза, хотели бы получать больше, но презирают тех, кто живет на нетрудовые доходы. Считается, что в нашей стране копить деньги - это утопия. Либо их "сожрет" инфляция, либо отберет государство.   Евреи же наслаждаются своими накоплениями. И чем их больше, тем сильнее, могущественнее личность.   Три стадии бедности у евреев:   1. Нет денег.   2. Совсем нет денег.   3. Придется менять доллары.   Наш народ во многом живет и надеется "на авось". Что попадется хорошая жена, что на работе заметят и станут платить больше. Евреи не признают иллюзии и стараются многое спрогнозировать и запланировать. Они не позволяют детям валять дурака и лениться, выбирают им достойные профессии и программируют на будущий успех.   У евреев, действительно, есть чему поучиться.   Они легко генерируют идеи, стараются придумать варианты, как заработать деньги. Людей с таким мышлением в России называют нелицеприятными словами, самое меньше из которых "спекулянт" и "барыга".     Наши люди любят говорить: "Как нам платят, так мы и работаем". В этой фразе - усталая смиренность. Но специалисту, который не горит своим делом, которым сложно управлять, потому что он обижен на жизнь, никто платить хорошо не будет.   Евреи умеют видеть преимущества даже там, где их быть не может:   Еврейский мальчик говорит своему деду: - Дедушка, у меня только что на улице отобрали все деньги! - Ничего, внучек. Они вернут в семь раз больше! - Почему? - Сейчас они это отметят. Затем затеют пьяную драку. Набьют друг другу морды, повыбивают зубы... Ну а потом придут их вставлять ко мне.   Жен стараются выбирать таких, чтобы их имущество не разбазарили. А женщины, в свою очередь, весьма требовательны к мужчинам. За непризнанного гения или свободного художника никто не пойдет замуж. Зачем по своей воле обрекать себя на нищету?   Еврейки говорят: "Мужчина без денег - это подруга". Вы никогда не услышите из их уст фразу про рай в шалаше. Рай - это Мальдивы и Бали, но не конструкция из веток и палок.     Ну и еще немного юмора о том, что мыслить нужно уметь нестандартно:   - Изя, представляешь, я в выходные предложил директору парка отдыха идею одну. Естественно, не просто так, а за 10% от прибыли. Суть такая: посетитель парка должен сделать фото в комнате кривых зеркал и выложить его на сайт парка отдыха. Тот, кто наберёт наибольшее количество лайков, получит два билета на концерт Киркорова. - И каков, Абрам, результат? - Количество посетителей парка втрое превысило обычное! Денег срубил прилично! И никаких затрат! - Хм... Ну два билета на концерт Киркорова прилично стоят! - А кто тебе сказал, что я их покупал? Я их взял с Киркорова за рекламу концерта.       По материалам - Мадам Хельга Источник
Жecткиe и беcкoмпpoмиccныe цитaты Фaзиля Иcкaндepa
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 12823
Они нaучaт paзбиpaтьcя в людяx