misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 127 гостей

Ұқсастығымыз болса да...

с нами с 2 мая 2013

Испанияға жол тартқан туристерге арнап кеңестерімді жазғым келді, кім біледі, біреулеріңе пайдасы тиіп қалар:

1) Испания Еуроодақтың құрамындағы ел, мұндағы валюта еуро. Сапарға аттанар алдында ақшаңызды Қазақстанда айырбастап алыңыз. Испанияда доллар қабылданбайды, есесіне долларды сол жерде айырбастау оңай емес. Біріншіден, валютаны тек банктарда айырбастауға болады, тек екіге дейін істейді, сенбі, жексенбі күндері демалады. Екіншіден, біздікімен салыстырғанда, ол жердегі курс біз үшін тиімсіз. Үшіншіден, банкқа барғанның өзінде, карталық есепшотың болу керек деп естідім. Әйтеуір, машақаты көп.

2) Бірінші танысқанымызда гид бізге Испанияда пайдасы тиіп қалар сөз тіркестерін үйретті. Солардың ішінде "descuento por favor" дегені болды, яғни "өтінем, бағасын түсіріңізші" дегенді білдіреді. Алайда сапар көрсеткендей, испандықтар саудаласуға бармайтын халық екен. Біріншіден, барлық жерде кассалық аппарат орнатылған, белгіленген бағаны ұрып береді. Екіншіден, Түркияда саудаласпасаң ренжісе, бұл жерде саудалассаң ренжиді екен. Монтсеррат тауына шыққанымда сүт және ет өнімдерін сатып тұрған фермерлерді көрдім. Бұлармен саудаласуға болады деп қуанып кетсем, саудаласқың келсе Мароккоға бар деп кесіп салды. Үш-төрт күн әлек болғаннан кейін, саудаласпайтын болдым.

3) Испанияның біраз қаласында туристерді қызықтыратындай орындар мен тарихи ескерткіштер өте көп және олар қаланың үлкен аумағын алады. Қайда ұрынсаң да қымбат бағалар. Басында барлық жерде сондай екен деген жалған ой туындайды. Мәселен, коланың 0,33 банкасы 3 еуроға дейін барады. Бірақ туристік жерлерден кетіп, жай жерлеріне шамалы жаяу жүріп өтсең, тура сол коланың бағасы алты есе арзан екеніне көзің жетеді.

4) Барселонада жүрсеңіз, көп адам шоғырланған жерлерде, мәселен, Rambles-те қалтаңызға сақ болыңыз. Ұсақ-түйек әшекейлерін ұсынып түрлі адам жабысады. Аңқауланып, аузыңызды ашып қалсаңыз, артыңыздан біреу келіп әмианыңызды суырып алуы мүмкін. Гидтің айтуы бойынша, қарақшылардың көбісі мигранттар.

5) Егер де заттар сатып алып жатсаңыз, сатушыдан tax-free рәсімдейтін-рәсімдемейтінін сұрап біліңіз. Болған жағдайда, бас тартпаңыз, себебі tax-free-дің арқасында ақшаңызды үнемдей аласыз. Бірақ оны рәсімдеу үшін сатып алған заттарыңыздың сомасы 90 еуродан кем болмауы керек. Сізге жазып берген чек бойынша қосылған құн салығын әуежайда қайтаруға болады, кезекте көп тұрасыз, сондықтан ертерек келген жөн. Гид ақшаңызды паспорт бақылауға дейінгі бокстан алу керек деп айтуы мүмкін. Ол жерде қырғын кезек, негізінен ресейлік және қытайлық туристер. Кемінде бір-бір жарым сағат кезекте тұрасың. Біз басында білмедік, гид те айтпаған. Тура сондай бокс паспорт бақылауынан кейін де бар екен, ол жерде кезек жоқ, соны таба білген ақшасын қайтаруға екі-ақ минут жұмсады. Соған қарағанда, гидтар бұл туралы ия білмейді, ия осылай әдейі істейді.

6) Испанияда, оның қалаларында коммуникациялар қатты дамыған. Бір жерден екінші жерге барғыңыз келсе, мәселен, Барселонада, автобус, метро, трамвай, такси, қалағаныңызды таңдай аласыз. Такси шақырсаңыз, отырған сәттен есептегіш есептеуді 4,5 еуродан бастайды. Ары қарай жүрген қашықтығыңызға есептей береді. Метро желісі жақсы дамыған және метромен жүру ыңғайлы. Бір жүріп өту 2,15 еуро тұрады. Бірақ егер сіздер он шақты адам болып қыдырып жүрсеңіз, онда он адамдық билетті сатып алған дұрыс. Сонда әрбір адамның жол ақысы 1 еуро шамасында шығады. Билет бір жүруге жарамды және оны метроға кіреберістегі арнайы автоматтарда сатып алуға болады.

Болгария глазами казахского туриста
13 июня 2015
Бақытжан Бұқарбай
просмотров: 2831
Что общего между культурами двух стран?
Что посмотреть в Узбекистане. Заключительная часть
17 апреля 2015
Бақытжан Бұқарбай
просмотров: 3372, комментариев: 1
40 ценных советов по Хиве и Нукусу    

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2394 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2394', { type: 'blog', node_id: '2394', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });