↑
Автор: Диас БЕЙСЕНБЕК
Диас БЕЙСЕНБЕК
с нами с 1 февраля 2015
Учат в школе, учат в школе...
В Алматы открылась Школа телеведущих
Как казахстанцы болеют за спортсменов в Рио?
Переживания, волнения, слезы... Все так, как у спортсменов.
Шегесіз мешіт сыры
Кең-байтақ қазақ жерінің төсінде небір құрылыс-сәулет өнерінің ғажайып үлгілері уақыт сынына сыр бермей, ғасырлар аттап бүгінгі күнге жетті. Мысалы, орта ғасыр сәулет өнерінің озық үлгілері Бабаша хатун, Айша бибі кесенелері, Қарахан мазары, Қожа Ахмед Ясауи кешені уақыт сынынан өтіп, қалпын жоймай мәңгілік мұраға айналды. Бұл ескерткіштер халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Арғы тегі сақ, үйсін, түрік деп аталатын еліміздің мыңдаған жыл бойғы ізденіс-тәжірибесін, талғам-танымын, сәулеткерлік өнерін тал бойына жинақтаған мұндай ескерткіш жәдігерлер арнайы ден қойып, жан-жақты зерттеуді, қастерлеп ұрпақ игілігіне мәңгілік пайдалануды қажет етеді.
Сондай назар аударарлық ескерткіштердің бірі – Жаркент мешіті. Қала орталығына орналасқан бұл кешенді ғимараттың сан алуан әдемі нақыштармен безендірілген қабырғалары, жақтауларындағы өрнектері, қайқы шатыры, мұнарасы адам назарын бірден аударады.
Бүгінде «Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайы» атанып, халыққа қызмет көрсетіп тұрған осынау ғажайып ғимараттың осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынуына Жаркенттің 1882 жылы уезд орталығына айналуы себепші болды. Өйткені мешіт құрылысы уезге бағынышты Нарынқол, Кеген, қырғыздардың бірқатар аймақтары мен Шонжы, Қоғалы, Сарөзек, Жаркент өңірі тұрғындарынан жиналған қаражатпен салынғаны соны аңғартады. Жергілікті халық сайлаған құрылыстың бас мердігері, көпес – Уәли ахун Юлдашов, бас сәулетшісі – жергілікті халық Мұқан деп атаған қытай шебері Хон Пик (Хон Фи).
Жаркент қаласынан 200 шақырым жердегі Кетпен тауынан емен, қарағай бөренелері өгіз арбамен тасып әкелінгеннен кейін Хон Пик бастаған Бұқара, Самарқаннан шақырылған 75 шебер жұмысқа кірісті. Шеберлер тек құрылыс материалдарын сүргілеп, шауып, жуан бөрене тіреулерді көлеңкеде арнайы шыт матаға орап кептіріп, тақтайлаға айшықты суреттер оюға бірнеше жыл арнайды. Сөйтіп, алдын ала дайындалған құрылыс материалдары бір шегесіз құрастырылып, 1892 жылдың жазында жұма мешіті бой көтереді.
Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, күнделікті бес уақыт намаз оқылатын кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіштен қаланған сәнді дуал қоршау, оңтүстік және солтүстік жағындағы қосымша шағын қақпалар енді. Бір ғажабы осындай күрделі құрылысты сәулетші Хон Пик жобасын құпиялап, жеке дара өз жоспарымен жүргізді. Алайда болашақ ғимараттың жалпы көрінісі мен сәулетшілік ерекшеліктеріне байланысты салдырушы бас мердігер мен шебердің келісімі болған.
Шығыс елдерінде ертеде құрылыс өнеріне жастарды үйрету тікелей іс барысында жүзеге асырылған. Құрылыстағы өзіндік ерекше үлгіні шеберлердің ұрпақтары мұрагерлікпен жалғастырған. Сәулеткер Хон Пик те сондай өзіндік ерекше атамұра үлгісі бар шығыс шеберлерінің бірі еді. Сондықтан ол Жаркент мешітінің құрылысына бірде-бір шеге қолданбай, өрнектелген ағашты қиюластыру арқылы жасады.
Бас мешіттің көне қытай үлгісінде қос қабатты қайқы бел шатыры 122 бөрене бағаналарға бекітілген. Әсіресе шатыр құрылысы айрықша күрделілігімен ерекшеленеді. Мешіт шатырының жиектерін иіп, қайық тәріздес етіп көтеруге «дау», «гун» деп аталатын имек сырықтар пайдаланылған.
Ғажайып сырлы ғимараттың қабырғаларында, шатыр қапталдарында 1500-ден астам алуан түрлі сүрет, араб-парсы тілдеріндегі көне жазу үлгілері бар. Бұл ою-өрнектерді зерттеушілер тақырыптық мазмұнына қарай бірнеше топқа бөледі. Олар – жергілікті халықтың ою-өрнек нақыштары, геометриялық кескіндер, қоршаған табиғат, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі, дінге қатысты белгі шарттар.
Бас мешіттің төріндегі дінбасы отыратын мінбер сәкінің босаға тұсындағы қабырғаға үнді халықтарының үлгісімен аңыздарға арқау болған зәйтүн «өмір ағашы» кескінделген. Шеберлердің әшекейге, сәнді пішіндерге, түске көп мән бергендігін тек ғимарат тұлғасынан ғана емес, қолданбалы өнер бұйымдарынан – әдемі шырағдандардан, ағаштан ойып істелген сәнді мінберден де байқау қиын емес. Мұнда көбінесе ақ, қара, қызыл, жасыл, сары, көк түстер өте сәтті, үйлесімді қолданылады.
Жалпы Қытайдың, Жапонияның, үндінің ертеректегі ғимараттарының көпшілігі ағаштан салынған. Шығыс сәулет өнерінің бұл ерекшелігінің өзіндік себептері бар, соның ең бастысы – ағаштан жасалған ғимараттардың зілзалаға төзімділігі.
Мешіт құрылысының өзіндік ерекшелігі мен дараланып көрінетін бөлігінің бірі – бас қақпа. Ол Орта Азия мен Қазақстанның дәстүрлі сәулет өнеріне тән пішінде. Порталдың идеялық, көркемдік жағынан атқаратын қызметі көрнекілік және асқақтық әсер беру. Бұл әдетте құрылыстың өзге бөліктерімен салыстырғанда оның көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.
Портал иіндісі өсімдік сарынындағы ашық түсті өрнектермен көркемделген де, оның сыртқы бетінің маңдайшасы гүл оюлармен, араб жазбаларымен толтырылған үш ойындымен бітеді. Порталмен бүйірлес күмбез төбелі екі бөлме мешіт қызметшілеріне арналған. Бас қақпаның оңтүстік, солтүстік қабырғаларымен жанаса медресе үйі орналасқан. Мұнда кезінде жергілікті жастар бастауыш діни білім алған. Осының бәрі қызметке арналған ғимараттар сәулетінің халық қолөнерімен тығыз байланыста екендігін дәлелдейді. Мешіт құрылысының жұмысына әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуы да ғимаратқа өзіндік ерекше түр беріп, әр ұлттың сәулетшілік, сәндеу үлгілері кең қолданылғаны байқалады. Түпкі мақсат оның бар болмысының халықтарды, бірлікке, ынтымаққа үндеуінде жатқандай.
Құрылысы толық біткен Жаркент мешіті дін жолында аса көп қызмет ете алмады. Оның бірден-бір себебі – кеңестік биліктің дінге қысым жасауы. Кеңес өкіметі мешіт қақпасын жапқанымен оны халық өнер туындысы, көненің асыл жәдігері ретінде сақтап, бүгінгі күнге жеткізді. Тиісті орындарға хат жазып, шағым айта жүріп, тағдыр тәлкегімен тасада қалған асыл мұраға мемлекет назарын аударды.
Мырзағали Нұрсейіт (с)
Добро пожаловать!
И вот недавно на берегу озера Алаколь он открыл свой следующий проект - первый в Казахстане пансионат для людей с особыми потребностями «Асар».
Алакөлге барып ем
Алакөлдегі демалушылар мен қызмет көрсетудің келбеті қандай?
Мағжан Жұмабаев туралы 10 дерек
25 маусым – ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туған күні
Олжас Сүлейменовтің өмір қағидаттары
"Мен өмір бойы өкіл әкеме тәнті болумен, қайран қалумен өттім"
Темірхан Медетбектің өмір қағидаттары
«Мен поэзияда мықтымын, ешкімді өзіме шақ келтірмеймін» деген сөздерді айтқан емеспін. Айтпаймын да.
В боксе только девушки
В Астане завершился чемпионат Казахстана
Алтынбек Сәрсенбайұлының айтқандары
Бүгін Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің қаза болғанына 10 жыл
2016 жылы Қазақстанда қандай атаулы күндер мен меройтойлар бар?
Биыл Қазақстан үшін маңызды мерейтойлар мен мерекелік даталарға толы жыл болмақ.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы
Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы
КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Әлібек Дінішевтің туғанына 65 жыл
Қазақ домбырашысы Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл
Ақын Күләш Ахметованың 70 жылдығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының ашылғанына 70 жыл
Қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 80 жыл
Қазақ ақыны, ҚР қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 80 жыл
Қазақ жазушысы Медеу Сәрсекеевтің 80 жылдығы
Театрлық актер, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты, ҚР халық әртисі Сәбит Оразбаевтың туғанына 80 жыл
Қазақ жазушысы Саин Мұратбековтың туғанына 80 жыл
Қазақ ақыны Қастек Баянбаевтың туғанына 80 жыл
Қазақ ақыны, журналист Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл
Қарағанды облысында Долинка ауылында 85 бұрын Қарағанды еңбекпен түзету лагері Карлаг (1931 ж.) ұйымдастырылған
Атақты тарихшы Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл
ҚР Халық артисі Ермек Серкебаевтың 90 жылдығы
Балалар жазушысы Әдібай Таубалдиевтің 90 жылдығы
М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ашылғанына 90 жыл
Қазақ ақыны, драматург, әйгілі өлендердің авторы Бәкір Тәжібаевтың туғанына 90 жыл
Ертегіші-жазушы және журналист Құрманбай Толыбаевтың туғанына 90 жыл
Әнші, композитор, Қаз.ССР халық әртісі Дәнеш Рақышевтың туғанына 90 жыл
Сырнайшы, педагог, ҚазССР-ң еңбек сіңірген өнер қайраткері Қабидолла Тастановтың туғанына 90 жыл
Белгілі әдебиеттанушы, журналист, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожабекович Қожакеевтің туғанына 90 жыл
ҚазССР халық әртісі, қобызшы Фатима Жұмағуловна Балғаеваның туғанына 90 жыл
Қазақстанның халық суретшісі, график, өрнекшісі, Саха Романовтың туғанына 90 жыл
Кинорежиссер, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдулла Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл
«Лениншіл жас», қазір «Жас Алаш» газетінің бірінші нөмірі шыққанына 95 жыл
Ақын, драматург Ғабдулқауым Мұхамедхановтың 100 жылдығы
Ақын Әмина Шалабаеваның 100 жылдығы
Кинорежиссер, қазақстанның халық әртісі Ораз Әбішевтің туғанына 100 жыл
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы
Публицист Баубек Бұлқышевтің 100 жылдығы
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы
Қазақстанның халық әртісі, әнші, режиссер Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығы
Ақын, халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығы
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары – Мүсілім мен Ришат Абдуллиндердің 100 жылдығы
Қазақ актрисасы, ҚазССР халық әртісі Айша Әбдуллинаның туғанына 100 жыл
Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл
Шопан, Социалистік Еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 115 жыл
Композитор, педагог, ҚазССР халық әртісі Латиф Хамидиның туғанына 110 жыл
Қазақ жазушысы Айтбай Хангелдиннің туғанына 110 жыл
ҚР халық әртісі, әнші Нұғман Әбішевтің туғанына 110 жыл
Қазақ композиторы, Қаз.ССР халық әртісі, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл
Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мариям Хәкімжанованың туғанына 110 жыл
Ақын Нұғыман Молыбаевтың туғанына 110 жылдығы
Қазақ ақыны, жазушы, драматург Мәжіт Дәулетбаев туғанына 110 жыл
Ғажайып қазақ әншісі Манарбек Ержановтың туғанына 115 жылдығы
Қазақ қоғам қайраткері, күйші Ғабдолхаким Бөкейхановтың туғанына 120 жыл
Қазақтың атақты лингвист , қазақ тілін оқыту әдістемесі негізін қалаушылардың бірі Сейтіл Жиенбаевтың туғанына 120 жыл
Қазақстандық жазушы-натуралист Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 120 жыл
ҚазССР халық әртісі, Серке Қожамқұловтың туғанына 120 жыл
Халық ақыны Қазанғап Байболұлының 125 жылдығы
Күріш атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы
Қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш магистрі Жақып Ақбаевтың туғанына 140 жыл
Ақын, аудармашы Тұрағұл Ибрагимовтың туғанына 140 жыл
Аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұнайпасовтың туғанына 145 жыл
Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы
Ақын Ақылбай Құнанбаевтың 155 жылдығы
Қаз.ССР халық әртисі, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске160 жыл
Қазақ халық ақыны Әріп (Мұхамедғарып) Тәңірбергеновтың туғанына 160 жыл
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы
Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы
Ақын, жырау Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы
Сазгер Мұхит Мералыұлының 175 жылдығы
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске 180 жыл
Ақын Құлмамбеттің туғанына 190 жыл
Ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығы
Қазақ ақыны Шернияз Жарылғасұлы туған 210 жыл
Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл
Исатай Тайманұлының 225 жылдығы
Мемлекеттік қайраткер Абылай ханның (Әбілмансұр) туғанына 305 жыл
Қазақ батыры Наурызбай Кұттымбетұлының 310 жылдығы
Қазақ ақыны, дастаншы, абызшы, қобызшы Үмбетей Тлеуұлы туғанына 310 жыл
Талғат Мұсабаев туралы 15 дерек
Бүгін ғарышкер, Халық қаһарманы, Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев 65 жасқа келіп отыр