misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 246 гостей
Блоги
4544
4544
с нами с 1 февраля 2015

Шегесіз мешіт сыры

Кең-байтақ қазақ жерінің төсінде небір құрылыс-сәулет өнерінің ғажайып үлгілері уақыт сынына сыр бермей, ғасырлар аттап бүгінгі күнге жетті. Мысалы, орта ғасыр сәулет өнерінің озық үлгілері Бабаша хатун, Айша бибі кесенелері, Қарахан мазары, Қожа Ахмед Ясауи кешені уақыт сынынан өтіп, қалпын жой­май мәңгілік мұраға айналды. Бұл ескерткіштер хал­қымыздың тарихымен тығыз байланысты. Арғы тегі сақ, үйсін, түрік деп аталатын еліміздің мыңдаған жыл бой­ғы ізденіс-тәжірибесін, талғам-танымын, сәулеткерлік өне­рін тал бойына жинақтаған мұндай ескерткіш жә­ді­герлер арнайы ден қойып, жан-жақты зерттеуді, қастерлеп ұрпақ игілігіне мәңгілік пайдалануды қажет етеді.

Сондай назар аударарлық ескерткіштердің бірі – Жар­кент мешіті. Қала орталығына орналасқан бұл кешенді ғима­раттың сан алуан әдемі на­қыш­тармен безендірілген қа­бырғалары, жақтауларындағы өрнектері, қайқы шатыры, мұ­на­расы адам назарын бір­ден аударады.

Бүгінде «Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайы» ата­нып, халыққа қызмет көр­с­етіп тұрған осынау ғажайып ғи­мараттың осыдан бір ға­сыр­дан астам уақыт бұрын са­лынуына Жаркенттің 1882 жы­лы уезд орталығына ай­налуы себепші болды. Өйт­ке­ні мешіт құрылысы уезге ба­ғы­нышты Нарынқол, Кеген, қыр­ғыздардың бірқатар ай­мақ­­тары мен Шонжы, Қо­ғалы, Сарөзек, Жаркент өңірі тұр­ғындарынан жиналған қа­ра­жат­пен салынғаны соны аң­ғар­тады. Жергілікті халық сай­лаған құрылыстың бас мер­­­дігері, көпес – Уәли ахун Юлдашов, бас сәулетшісі – жер­гілікті халық Мұқан деп атаған қытай шебері Хон Пик (Хон Фи).

Жаркент қаласынан 200 шақырым жердегі Кетпен тауы­нан емен, қарағай бөре­не­лері өгіз арбамен тасып әке­лін­геннен кейін Хон Пик бас­та­ған Бұқара, Самарқаннан шақырылған 75 шебер жұ­мыс­қа кірісті. Шеберлер тек құ­рылыс материалдарын сүр­гілеп, шауып, жуан бөрене тіреулерді көлеңкеде арнайы шыт матаға орап кептіріп, тақ­тай­лаға айшықты суреттер ою­ға бірнеше жыл арнайды. Сөйтіп, алдын ала дайын­дал­ған құрылыс материалдары бір шегесіз құрастырылып, 1892 жылдың жазында жұма мешіті бой көтереді.

Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, күнделікті бес уақыт намаз оқылатын кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіштен қа­ланған сәнді дуал қоршау, оң­түстік және солтүстік жа­ғын­дағы қосымша шағын қақ­палар енді. Бір ғажабы осын­дай күр­делі құрылысты сәулетші Хон Пик жобасын құпиялап, жеке дара өз жоспарымен жүргізді. Алайда болашақ ғимараттың жалпы көрінісі мен сәу­лет­ші­лік ерекшеліктеріне бай­ла­ныс­ты салдырушы бас мер­ді­гер мен шебердің келісімі болған.

Шығыс елдерінде ертеде құрылыс өнеріне жастарды үйрету тікелей іс барысында жү­зеге асырылған. Құры­лыс­та­ғы өзіндік ерекше үлгіні ше­бер­­лердің ұрпақтары мұра­гер­лікпен жалғастырған. Сәу­ле­т­кер Хон Пик те сондай өзіндік ерек­ше атамұра үлгісі бар шығыс шеберлерінің бірі еді. Сондықтан ол Жаркент ме­ші­тінің құрылысына бірде-бір шеге қолданбай, өрнектелген ағашты қиюластыру арқылы жасады.

 Бас мешіттің көне қытай үлгісінде қос қабатты қайқы бел шатыры 122 бөрене баға­на­ларға бекітілген. Әсіресе ша­тыр құрылысы айрықша күр­де­лілігімен ерекшеленеді. Ме­шіт шатырының жиектерін иіп, қайық тәріздес етіп көтеруге «дау», «гун» деп аталатын имек сырықтар пай­да­ла­ныл­ған.

Ғажайып сырлы ғи­ма­рат­тың қабырғаларында, шатыр қапталдарында 1500-ден астам алуан түрлі сүрет, араб-парсы тілдеріндегі көне жазу үлгілері бар. Бұл ою-өрнектерді зерт­теушілер тақырыптық маз­мұ­нына қарай бірнеше топқа бө­леді. Олар – жергілікті ха­лық­тың ою-өрнек нақыштары, гео­метриялық кескіндер, қор­ша­ған табиғат, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі, дінге қатысты белгі шарттар.

Бас мешіттің төріндегі дін­басы отыратын мінбер сәкінің босаға тұсындағы қабырғаға үнді халықтарының үлгісімен аңыздарға арқау болған зәйтүн «өмір ағашы» кескінделген. Шеберлердің әшекейге, сәнді пішіндерге, түске көп мән бер­гендігін тек ғимарат тұлға­сы­нан ғана емес, қолданбалы өнер бұйымдарынан – әдемі шы­рағдандардан, ағаштан ойып істелген сәнді мінберден де байқау қиын емес. Мұнда кө­бі­не­се ақ, қара, қызыл, жа­сыл, сары, көк түстер өте сәт­ті, үйлесімді қол­данылады.

Жалпы Қытайдың, Жа­по­ния­ның, үндінің ертеректегі ғимараттарының көпшілігі ағаш­­тан салынған. Шығыс сәу­лет өнерінің бұл ерек­ше­лі­гінің өзіндік себептері бар, со­ның ең бас­тысы – ағаш­тан жа­салған ғи­мараттардың зіл­за­лаға тө­зім­ді­лігі.

Мешіт құрылысының өзін­дік ерекшелігі мен дараланып көрінетін бөлігінің бірі – бас қақ­па. Ол Орта Азия мен Қа­зақ­станның дәстүрлі сәулет өнеріне тән пішінде. Пор­тал­дың идеялық, көркемдік жа­ғынан атқаратын қызметі көр­некілік және асқақтық әсер бе­ру. Бұл әдетте құрылыстың өзге бөліктерімен салыстыр­ған­да оның көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.

 Портал иіндісі өсімдік са­ры­нындағы ашық түсті өр­нек­термен көркемделген де, оның сыртқы бетінің маң­дай­шасы гүл оюлармен, араб жаз­бала­рымен толтырылған үш ойын­дымен бітеді. Порталмен бүйірлес күмбез төбелі екі бөл­ме мешіт қызметшілеріне ар­налған. Бас қақпаның оң­түс­тік, солтүстік қабырғаларымен жанаса медресе үйі орна­лас­қан. Мұнда кезінде жергілікті жас­тар бастауыш діни білім алған. Осының бәрі қызметке ар­налған ғимараттар сәу­ле­тінің халық қолөнерімен ты­ғыз байланыста екендігін дә­лел­дейді. Мешіт құ­ры­лы­сы­ның жұмысына әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуы да ғи­ма­ратқа өзіндік ерекше түр бе­ріп, әр ұлттың сәулетшілік, сән­деу үлгілері кең қол­да­ныл­ғаны байқалады. Түпкі мақсат оның бар болмысының ха­лықтарды, бірлікке, ынты­мақ­қа үндеуінде жатқандай.

 Құрылысы толық біткен Жаркент мешіті дін жолында аса көп қызмет ете алмады. Оның бірден-бір себебі – ке­ңестік биліктің дінге қысым жасауы. Кеңес өкіметі мешіт қақпасын жапқанымен оны халық өнер туындысы, көне­нің асыл жәдігері ретінде сақ­тап, бүгінгі күнге жеткізді. Тиіс­ті орындарға хат жазып, ша­ғым айта жүріп, тағдыр тәл­кегімен тасада қалған асыл мұ­раға мемлекет назарын ау­дар­ды.

Мырзағали Нұрсейіт (с)

3 eвpeйcкиx aнeкдoтa o тoм, кaк нaдo oтнocитьcя к дeньгaм
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 13990
Англичане говорят: "Если ты такой умный, покажи мне свои деньги". Скрытый сарказм подразумевает, что не всегда интеллект приносит материальные плоды. Можно быть человеком умным и образованным, но жить от зарплаты до зарплаты.   А у евреев своя мудрость:   Если уронишь золото и книгу, подними сперва книгу.   Почему? Потому, что деньги могут быть украдены, могут обесцениться или вложены в пирамиду или долгострой. А знания и опыт всегда с тобой, с их помощью ты всегда сможешь заработать еще.   Но заработать - это половина дела. Нужно еще уметь контролировать свои траты, сберегать деньги и преумножать их.   Чем русский подход к деньгам отличается от еврейского? Наши люди могут потратить все, до копейки, любят пускать пыль в глаза, хотели бы получать больше, но презирают тех, кто живет на нетрудовые доходы. Считается, что в нашей стране копить деньги - это утопия. Либо их "сожрет" инфляция, либо отберет государство.   Евреи же наслаждаются своими накоплениями. И чем их больше, тем сильнее, могущественнее личность.   Три стадии бедности у евреев:   1. Нет денег.   2. Совсем нет денег.   3. Придется менять доллары.   Наш народ во многом живет и надеется "на авось". Что попадется хорошая жена, что на работе заметят и станут платить больше. Евреи не признают иллюзии и стараются многое спрогнозировать и запланировать. Они не позволяют детям валять дурака и лениться, выбирают им достойные профессии и программируют на будущий успех.   У евреев, действительно, есть чему поучиться.   Они легко генерируют идеи, стараются придумать варианты, как заработать деньги. Людей с таким мышлением в России называют нелицеприятными словами, самое меньше из которых "спекулянт" и "барыга".     Наши люди любят говорить: "Как нам платят, так мы и работаем". В этой фразе - усталая смиренность. Но специалисту, который не горит своим делом, которым сложно управлять, потому что он обижен на жизнь, никто платить хорошо не будет.   Евреи умеют видеть преимущества даже там, где их быть не может:   Еврейский мальчик говорит своему деду: - Дедушка, у меня только что на улице отобрали все деньги! - Ничего, внучек. Они вернут в семь раз больше! - Почему? - Сейчас они это отметят. Затем затеют пьяную драку. Набьют друг другу морды, повыбивают зубы... Ну а потом придут их вставлять ко мне.   Жен стараются выбирать таких, чтобы их имущество не разбазарили. А женщины, в свою очередь, весьма требовательны к мужчинам. За непризнанного гения или свободного художника никто не пойдет замуж. Зачем по своей воле обрекать себя на нищету?   Еврейки говорят: "Мужчина без денег - это подруга". Вы никогда не услышите из их уст фразу про рай в шалаше. Рай - это Мальдивы и Бали, но не конструкция из веток и палок.     Ну и еще немного юмора о том, что мыслить нужно уметь нестандартно:   - Изя, представляешь, я в выходные предложил директору парка отдыха идею одну. Естественно, не просто так, а за 10% от прибыли. Суть такая: посетитель парка должен сделать фото в комнате кривых зеркал и выложить его на сайт парка отдыха. Тот, кто наберёт наибольшее количество лайков, получит два билета на концерт Киркорова. - И каков, Абрам, результат? - Количество посетителей парка втрое превысило обычное! Денег срубил прилично! И никаких затрат! - Хм... Ну два билета на концерт Киркорова прилично стоят! - А кто тебе сказал, что я их покупал? Я их взял с Киркорова за рекламу концерта.       По материалам - Мадам Хельга Источник
Жecткиe и беcкoмпpoмиccныe цитaты Фaзиля Иcкaндepa
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 12823
Они нaучaт paзбиpaтьcя в людяx