Халық ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері – Олжас Сүлейменов 80 жаста. Әдебиет пен саясатты, мәдениет пен тарихты тең ұстапк еле жатқан адамзат тұлғасының өмірі, өмір сүру қағидаттары үлгі, жеке бір тарих. Ендеше, Олжас Омарұлының өмір қағидаттары жөнінде айтып беруді шештік.
***
Барлаушы-геолог дипломы мен әдебиетші мамандығына иемін. Тарихты зерттеуге геолог әрі ақын ретінде қараймын. Соңғы жылдарда жүздеген тарихи кітаптарды қопарып шықтым.
***
Біздің шаңырақта ешкім де қай рудың, қай атасынан тарайтынын есінде ұстамайтын. Қазақ екенімізді ғана білетінбіз.
***
Біздің әулетімізде ақындар, әнші-күйшілер, батырлар көп болған. Солардың бірі – Жаяу Мұса. Менің жетінші атам – атақты Олжабай батыр.
***
Атымды да әкем сол бабамыздың құрметіне қойған. Ибраһимнің Абайға, Әбдірахманның Әбішке, Қанафияның Қанышқа айналғаны сияқты, Олжабай да Олжасқа айналып кеткен.
***
Біздің топта Болат Жансүгіров, Мереке Майлин оқыды. Ілиястың, Бейімбеттің балаларымен бірге болу да менің заман, қоғам туралы ойларға ерте берілуіме әсер етті.
***
Әуелде жатақханадағы төбелес үшін оқудан шығып қалғаным рас.
***
Құдайға шүкір, әлі волейбол ойнап жүрмін.
***
Фото Voxpopuli.kz
Мен өмір бойы өкіл әкеме тәнті болумен, қайран қалумен өттім.
***
Менің шәкірттерім ғылым доктарлары, ал менде Олжас Сүлейменов деген атағым бар, бұның бәріне қол жеткізу үшін еңбектену керек қой. Адамдар ғылымнан диссертация қорғаса, ал мен ғылымды қорғаймын.
***
Еуразия Одағы - менің көптен бергі идеяларымның бірі. Мен бұл идеяны тіпті Назарбаевтан да бұрын айтқанмын.
***
Иә, мен интернационалистпін. Абай – интернационалист. Шоқан да интернационалист.
***
Қазақ тілі біртіндеп ұлтаралық қатынас тіліне айналады. Біздің саясатымыз осындай. Бірақ күштеп емес, әрине. Өзімізді республика, мемлекет және ұлт ретінде осылай ғана сақтап қаламыз.
***
Мен Назарбаевпен 40 жылдан бері достық қарым-қатынастағы адаммын. Келіспей қалған тұстарымыз бар, бірақ кетіскен тұстарымыз жоқ.
***
Азаттық радиосы, Егемен Қазақстан, Voxpopuli БАҚ-тарындағы материалдар пайдаланылды.