misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 200 гостей
Қазақстан
4179
с нами с 1 февраля 2015

Алтынбек Сәрсенбайұлының айтқандары

Бүгін Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза болғанына 10 жыл. Сонау 2006 жылдың 11 ақпанында көмекшісі Бауыржан Байбосынов пен жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында аяусыз өлтірілген болатын. Саяси террордың көрінісі болған өлімнің басты себептері мен нағыз тапсырыс берушілері қоғамға әлі де белгісіз болып келеді. Алайда, күні бүгінге дейін Алтынбек Сәрсенбайұлының мемлекетшілдігі, саяси күрескерілігі ел аузында, өшпес мұра боп қалды. Қайраткердің «Жас Алаш» газетінде әр жылдары жарық көрген сұхбаттарынан үзінділер ұсынуды жөн көрдім.

* * *

Адамның ұяты өзi оңаша қалған кезде, бетпе-бет келген кезде кейбiр iстерiне, қимылдарына ұялатын кезi болады. Адамды басқа бiреу ұялтқанда адам ұялмайды, ол тек өзiмен-өзi қалғанда, сол оқиғаны ой сарабынан өткiзгенде ұялатын болады. Ондай кезеңдер болған және ол ендi өмiр болғаннан кейiн заңды ғой деп ойлаймын. Ал сондай сәттерде өзiңнен-өзiң ұялмайтын дәрежеге жетсең, демек басқа адам болып қалыптасқаның…

* * *

Сол кез­дегi жасалған әрекеттер бүгiнгi күнi де, ертең де жалғасын тауып жатса, онда бәл­кiм, кейбiр, мәселелердi ашып айту керек. Уақытында айт­паған шындықтың қадiрi жоқ. Сондықтан да өткендi қазбалап, бiрнәрсесiн тiрнек­теп жату, менiңше, ол саналы азаматтың атқаратын қызметi емес. Айтатын шындығың болса кезiн­де айт, бетiне айт, жария ет. Айт­падың ба, үндемей-ақ қой.

* * *

Газеттердi қалай да оқу қа­жет. Кез келгенiн. Тiптi ертеңгi ас кезiнде де. Сонда ғана елi­мiзде не болып жатқандығын түсiнесiң.

* * *

Үкiметтiк басылымдардағы «халықтың жағдайы жақсарды», «шырайы кiрдi» деген мазмұндағы мақалалар — билiк басында отырған бес-алты адамды жұбату үшiн жарияланып жатқан мақалалар.

* * *

Министр деген – саясатты қалыптастырушы және оған ықпал етушi адам. Елшi де – өте биiк ла­уазым. Егер министр бола отырып, елшi бола жүрiп, елдегi соңғы үш жыл iшiңде болған келеңсiз жайттарды болдырмау жолындағы әрекеттерiмдi жүзеге асыруға мұр­сат бермей қойса, онда ол ортада жүрудiң керегi не?

* * *

Егер «телехабарлардың кем дегенде жартысы қазақ тiлiнде болуы керек» деген менiң ұсынысым ұлт­шылдық болса, онда елiмiздiң егемендiгi жайлы әңгiменi жылы жауып қою керек. Ұлтымыздың мүд­десi үшiн күрес ұлтшылдық па екен?! Кезiнде Ғабиден Мұстафин атамыз «Бiздер ұлтшылдықпен күресiп келдiк, келесi ұрпақ ұлт­сыз­дықпен күреседi» деп айтқан екен.

* * *

Егер адамның аяқ-қолының саусақтарынан бастап тән шiруi (гангрена) басталса, әдетте оны кесiп тастайды. Дәрiгерлер солай дейдi. Және де оны кешеуiл­детпей, дереу жасайды!Бiздiң елiмiзде саяси реформа жасау қажеттiлiгi баяғыда пiсiп жетiлген. Қай жағынан алсаңыз да. Мейлi объектив­тiк, мейлi субъек­тивтiк тұрғыдан болса да. Әсiресе, субъективтiк жағынан. Мiне, сол «субъектив­тiк» дегенiмiз - шiрудiң-қағынудың нақ өзi. Ол қанға тарап, барлық тәндi бүлдiрмей тұр­ғанда, бүгiн кесiп тастау керек. Ертеңге қалдырса, одан да көбiрек кесуге тура келедi. Бұл - күн тәртi­бiндегi басты мәселе.

* * *

Ұлт мемлекеттiң тiрегi болсын десек, қазақ халқы қала халқына айналуы керек. Сонда ғана қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болады. Ауылда отырған қазақ халқы ешқашан казақ тiлiн мемлекеттiк тiл жасай алмайды. Саясат қалада жасалады. Ауыл халқы қалаға келсе, қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде қалаға алып келедi. Тiл мәселесi де, ұрпақ мәселесi де шешiледi. Қалада азаматтардың жан-жақты дамуына мүмкiндiк мол. Жаңа технологияларға, жаңа кәсiптерге үйренедi. Қаланың жаңа тұрғындары үшiн арзан да болса үйлер салу керек. Бiз осыған каржы жұмсайық.

* * *

Қазақты кедейшiлiктен құтқарудың жалғыз жолы – демократия. Мен Семейдiң бiр газетiне осылай деп сұхбат бердiм. Себебi, қазақ халқының несiбесi – мұнай мен газды, одан түскен табысты Қазақстан халқына әдiл бөлудiң бiрден-бiр жолы – тек демократиялық құрылым. Басқадай құрылым жағдайында мұны орындаудың мүмкiн еместiгiне көзiмiз жеттi. Сондықтан, қазақ халқының тамағының тоқ, киiмiнiң бүтiн болуына тек демократия ғана мүмкiндiк жасайды.

* * *

Жалпы алғанда, бiзге бiртұтас экономикалық аймақ керек. 150 миллион халқы бар Ресеймен сауда-саттық жасағаннан жаман болмаймыз. «Ресейдiң темiржол, мұнай құбырлары арқылы өнiм тасығанда, оның өз кәсiпорындарына қандай тариф болса, бiзге сондай тариф берсiн» деген талаптың бiз үшiн мәнi зор. Дәл қазiр бiз үшiн тариф үш есе қымбат. Затыңды Ресей арқылы алып өткенше, оның құны аспанға шығып кетедi. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк сол ауыртпашылықтан құтылу үшiн керек.

* * *

Мен Қазақстанның өзiнiң мүмкiн­дiгiн пайдалана алмай, босқа жiберiп алған мемлекет болғанын қаламаймын. Тек мен ғана емес, менiң буыным да. Бiзден кейiнгi буын да.

ҚАЗАҚ СОЛДАТ
9 мая 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 3184
Борап тұр, көз аштырмай, қолды тежеп, Ұсақ оқ снарядпен алма кезек.
Кілемнің «кері жағы» кімге қызық
8 марта 2017
Тимур Ермашев
просмотров: 3233
Әр тілдің дамуы әдебиеттен басталады. Егер біз тек Отандық авторлардың шығармаларын ғана қанағат тұтсақ, басқа ұлт, мемлекеттердің мәдениетін, рухын, мұрасын қалай ашамыз?