misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 240 гостей
Қызық!
8568 2
с нами с 26 ноября 2015

"Атыңды қойдым Шалқар деп..."

Рахметовтер әулетінде санаулы күн Шалқар есімді ұл дүние есігін ашты. Шалқар деп есім берудің өз тарихы бар... Төрт жыл өткенде Шалқар станциясынан Бейнеуге қарай алғашқы пойыз да жолға шықты. Отағасы Сәкеннің алысқа көз сала отырып, түтінін будақтатып бара жатқан пойызға қарап, теміржол тарихына өз үлесін қосқанын мақтан көріп, бір жасап қалатыны бар. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Алдағы күндері мемлекеттік комиссия нысанды қабылдап алғаннан кейін Сәкен отбасымен қайтадан басқа өңірге қоныс аударады. Үлкен еңбегі сіңген Шалқар жерінен «құр қол» қайтып бара жатқан жоқ. Санаулы күн бұрын келіншегі дүниеге шекесі торсықтай ұл бала әкелді.

Жас отбасы көп ойланбастан, баланың есімін..., иә, иә... Шалқар деп қойды. - Теміржол құрылысы Шалқар өңірі үшін маңызды жоба деп ойлаймын. Менің отбасым үшін де. Бұл өлкеге алғаш келгенімде еш танысым болмады. Ауыл маңында вахта поселкесі бой көтерді де, жұмысқа кірісіп кеттік. Жұмыс барысында жергілікті халықпен араласа бастадық. Мен үшін жат көрінгенімен, уақыт өте, тұрғылықты халықтың ерекшеліктерін көріп, бауыр басады екенсің. Шүкір, мен үшін Шалқар жұрты ерекше. Қазақылығы басым. Адамдары өте қарапайым. Қонақжай. Сырттан келді деп, бізді бүйректен теппеді. Өз адамындай көріп, үй-үйге қонаққа шақырады, - дейді Сәкен Маратұлы.

30 жастағы Сәкен – «СМП Шалқар» (құрылыс-монтаждау кәсіпорны) ЖШС директоры. Мұндай жаста оған сеніп тапсырылған бұл алғашқы жоба емес. Осыған дейін де еліміздің өзге өңірлеріндегі теміржол құрылыстарына бір кісідей ат салысқан. Ал Ақтөбе облысындағы үлкен жобаны іске асыруға жетекші ретінде алғаш кірісуі екен. Мұнда ол екі баласын да ала келді. Қызы Асми төрт жыл бұрын балабақша жасында еді, қазірде бірінші сынып оқушысы. Ал үлкен ұлы Санжар бүгінде 11 жаста. Таяуда мектеп ауыстырады. Мемлекеттік комиссия нысанды қабылдап алғаннан кейін, отбасы Астана – Шу бағытындағы жол құрылысына аттанады. - Әрине, үнемі көшіп жүру оңай емес. Бірақ жұмыстың реті солай болып тұр ғой. Балаларыма да қиындау. Қайта-қайта мектеп ауыстыру, сыныптастарымен қимай қоштасу оңай ма? Жалпы, біз жолдасымыз екеуміз ақылдаса келе, бастысы балаларымызбен, отбасымызбен біргеміз. Аман болсақ болды деп шештік. Сондықтан, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын, - дейді Сәкен.

"Айтпақшы, көшпелі өмірдің жақсы жақтары да жоқ емес. Ел көресің, жер танисың. Адамдармен араласасың" дейді отағасы. Балаға есім таңдарда жолдасы екеуі көп ойланбапты. Шалқарда өткен төрт жылдан бір естелік қалсын деген оймен, елді мекеннің атауына тоқтайды. «Шалқар» сөзінің мағынасы да керемет, кең пейілді, ашық, құшағы кең, шексіз дегенді білдірсе керек.

СЕНУГЕ ҚИЫН ОҚИҒА.
10 апреля 2017
GONZO
просмотров: 4526
Кейбір отандастарымыз әлі күнге шейін 90-шы жылдардың дүмпуін естіиді.
Киелі Айша бибі мазарында
27 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3598
Басқасын былай қойғанда, осы ескерткіш түбінде талайлардың кездесіп, талайдың ажырасқанын кім білсін. Сол көптің бірі Шоқан, бірі Мұса. Екеуі туйедей құрдас.