Қазіргі уақытта үлгерімдік баға мен студенттің білімінің сай келуі өте сирек екені барлығымызға мәлім. Сауатсыз мамандардың шығуына немесе көп мектеп бітірушердің мамандық таңдай алмау себебі неде? Бұл сұраққа мен кешегі оқушы, бүгінгі студент ретінде жауап қатсам?!
Бүгінде 11 сынып оқушысынан «кім болмақшысың» деп сұрасаңыз «әлі білмеймін», «физика шығар, гранты көп қой», «үйдегілер биология деп айтты» деген сияқты жауапты көпшілігінен алуға болады. Бұның астары неде жатыр:
1. Түлектің не нәрсеге икемі бар екенінен бейхабар болуы;
Шыны керек, оқушылар әртүрлі үйірмелердің қандай маңызы бар екенін түсіне бермейді.Көп жағдайда мұғалімдер немесе ата - анасы күштеп қатыстырмаса қызығушлық танытпайды(көбіне жас өспірімдер), оның орнына әйтеуір бір ақылды цитататаларды жазып, әлеуметтік желіде отырғанды дұрыс көреді. Баланы о бастан жанына жақын іске икемдей алудың өзі жетістік емес пе?! Мүмкін ауылдық жерлерде толықтай жағдай жасалынбаған шығар, бірақ қаланың баласы үшін нені қаласада қолының астында тұр. Айтайын дегенім, біз маманды ерте бастан дайындамаймыз, соның салдарынан кейін бармағын тістеп отырады. Не дегеніменде білім беру бағарламасына өзгерістер керек деп есептеймін, 11 жыл оқып қай бағытта жол тартатыныңды білмесең сұмдық қой!!
2. Ата – ананың шешімінен алыс кете алмауы;
Ата – ана қалауы көбінде баланың еріксіз қалауына айналып жатады. Баласы спортсмен болам десе «ойбай ау, бір жеріңді сындырып аларсың, бұзып аларсың» деп қара аспанды төндіреді. Иә, әке - шеше жаман болсын демейді, тек баласының болашақта табысы мол қызметке орналасып, өз орнын тапқанын қалайды. Кейде осы ата - аналар мемлекет үшін қай салада мамандар тапшы екенін ескеріп жатса ғой, әйтпесе экономисттер мен заңгерлер толып жатыр. Мейілінше ата - ана мен бала ойы бір жерге түйісіп жатса жөн болар еді.
3. Әлеуметтік жағдай;
Бұл енді дүние, жағдайың жетсе қалаған мамандығыңды, қалаған университетті уайымсыз таңдай аласың, жетпесе көрпеңе карап көсілесің.
4. Жауапкершілік;
Білім алушының алдында тұрған жауапкершілікті айтпауға болмайды. Жауапкершілікте сезінбеген кезде 1 пункте аталған жағдай орын алмақ. Мемлекет әр бір азаматқа білім алуды міндетті қылғаннан кейін, ол өз міндетін саналы сезініп, орынды атқаруы тиіс. Әйтесе мұғалім үшін, ата -анаң үшін оқыған шикі білімнің пайдасы бола бермейді.
Факторларды орынды атай алдымба, мен толық сенімді емеспін, бірақ кейде ойлаймын, осы Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орнына түсуде мүмкіндік аз болсада, әділдік әлдеқайда көп болған ғой. Оқығандары тиісінше жемісін көреді, оқымағандары қара жұмыс істеп, мал бағумен ақ шектеліп жатады. Бұны біз әке шешеміздің « ЖАҚСЫ ОҚЫ!!! Әйтпесе базарда тәшкі айдайсың» деп айтып жататындарынан көреміз. Қазір керісінше «ДИПЛОМНЫҢ түкте қажеті жоқ, білімге де қарамайды, тек БАСЫҢ болса болды» деп ұрандатады. «БАС» дегені сол «пысықтық, айлакерлік, қабілеттілікті» меңзеп жатқандары ау шамасы. Осылай ойлауға жеткізген біздің «таныс жоқ болса, шанс жоқ» деген ереженің қоғамның санасына сіңіп кетіуінде шығар. Мұның бәрін қазбалай берсең, тізіле береді. «Себебі неде?» деген сұрақтар пайда болғанда, қынжылтарлық жауапты алып тынасың. Өкінішті...