misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 180 гостей

Дубляждың Қыры мен Сыры

с нами с 5 апреля 2013

Әуелі дубляж сөзінің этимологиясына тоқталайық. Ағылшынның «Double» екі еселенген деген мағынаға ие бұл сөз расында дүниеге келген туындының бастапқы мағынасын екінші бір тілмен жеткізеді.

Дубляждың мақсаты шет елде түсірілген кинотуындыларды жергілікті тілге аударып көрермендерге жеткізу.

Бір естігенде неологизм сияқты болып көрінетін дубляж алғаш рет сонау 1935 жылы жасалған. Кеңес заманында американдық «The Invisible Man» атты фильм алғаш рет орыс тіліне аударылып дубляждың тарихын бастап кетті. Содан бері міне, 70 жылдың ішінде Америка, Еуропа, Үндістан, Жапония, Қытай, Корей, Түркия сияқты кино әлемінің алпауыттары талай фильм түсіріп дубляж арқылы көрермендерге жол тартып жатыр.

Орыс тіліне аударылып дыбысталған кинотуындылар жайында ештеңе айта алмаймын оларда мін жоқ, тіпті болған күннің өзінде мен оларды білмеймін.

Үш жылдан астам уақыт қазақстандық дубляждың басы-қасында жүргендіктен сіздерге өзімнің жұмысым туралы айтып берейін. Жұмысым өте қызық бір қарағанда жай ғана аударма сияқты, алайда біз, жарайды басқалар туралы айтпай-ақ қояйын өз басым аударған әрбір кино немесе мультфильмдегі кейіпкерлердің бастарынан кешкен оқиғаны өз басымнан өткергендей боламын. Солармен бірге қуанамын, қайғырамын кейде тіпті өмірлік сабақ аламын. Кейіпкерлерімнен үйренер, үлгі алар жағы сондай-ақ жиіркенішпен қарайтын тұстары да жетерлік. Шіркін, осы менің күйіме дубляждалған туындыны көрген көрермендер де түссе ғой. Кім білсін түсіп те жатқан шығар...

Қазақ киносының маржандары «Тақиялы періште» «Менің атым Қожа» сияқты фильмдердің дубляжы туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Нағыз мамандар өз ісін кәсіби дәрежеде жасай білген.

Қазіргі дубляждың пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. Он жылдың айналасы. Тәуелсіздігімізді алып, есімізді жиып телевизияға бет бұра бастаған кезде, кез-келген ел сияқты біз де эфирімізді шет ел туындаларымен толықтара бастадық. Алғашында Ресейдің кинолары, телехикаялары мен мультфильмдері  қазақ тіліне аударылып дыбысталды. Содан кейін басқа тілдер яғни кәріс, түрік, ағылшын, неміс, француз тілдерінде түсірілген туындыларды тікелей қазақ тіліне аудару жұмыстары қызу басталды.

Біз жасалған дүниеге сын айтуға әрдайым дайынбыз. Дубляж атты қызығы мен шыжығы толы сала да сол сынның қырағы назарынан қалт қалмады. Басылымдар «Мына аудармашылар түріктің де, кәрістің де аузына қазақтың мақалын салып олардан қазақ жасамақшы» деп сынаса, ауылдағы аталарымыз бен әжелеріміз «Түріктер де қазақтың мақалын біледі екен» деп мәз боп жатады. Қош, әркімнің өз ойын білдіруге хақы бар. Сыни мақалалар жазылып жатса да, алғыс хаттар келіп жатса да біздің жұмыс тоқтар емес. Тоқтауға шамасы жоқ. Түрік пен кәріс сериалдарынан бөлек біздің шығармашылық ұжымның күні-түні (эфирге үлгеру үшін 24 сағат жұмыс істеген күндеріміз талай болған) тынбай еңбек етуінің арқасында бүлдіршіндеріміз Никелодеон телеарнасының атақты «Dora the Explorer», «Go, Diego, Go», «Hey Arnold», «Dive Olly Dive» және  басқа да жүздеген мультфильмдерді қазақ тілінде тамашалауда.

Үлкендерге арналған фильмдер мен деректі фильмдердің санында қисап жоқ. Солардың ішінде аты шулы «The Da Vinci Code», «The Story of Joan of Arc», «Ice Princess »  фильмдері бар.

Соңғы жылдары Қазақ телевизиясында жаңа арналар көптеп ашыла бастады. Өркениетті елдердегідей бізде де балалаларға, білімге, мәдениетке, спортқа арналған жеке теле арналардың ашылуы қуантарлық жайт. Дегенмен бұл арналардың кемінде он екі сағаттық эфирін толтыру оңай шаруа емес. Қазақстанда да басқа елдердегідей шет ел кинотуындыларын дубляждап эфирге шығарады.

Кәсіби дубляж мектебін жасақтау, нағыз мамандарды іске жұмылдыру – өзіміздің қолымызда, тек ерінбей еңбек ету керек.

Сөзім мен ойымды ары қарай әріптесім түрік тілінің аудармашысы Досым Зікірия жалғастырады.

Таласы толастамаған телехикаялар туралы...

Осыдан жиырма жылдай бұрын... 90 жылдар... Тәуелсіз Қазақстан телеарналарын жаулап алған латынамерикалық телехикаялар... Құдай-ау, «Жабайы Роза», «Байларды да жылатып», «Қарапайым Мәрия»  «бизнес ледиге» айналып, ол кезде ыңыршағы шығып жүрген жұрттың көмейінде әлдебір үміттің қоламтасын үрлегендей ме қалай?  

Бір қызығы, ол қоламта орыс тілінде үрленетін. Жұрттың бәрі қазіргідей алыстан басқарылатын тетігі де жоқ, көбі ақ-қара түсті теледидарының алдында (кішірек балалардың бірі сондай кезде қырсығып толқынды ұстамай қалатын антеннаны реттеп сыртта) шүпірлеп жинала қалып, көк жәшікке көз салатын. Қош, ол кезде Қазақстан Республикасының арналарында өзіндік аударма мен дубляж бөлімі де жоқ, сол жұрттың есін алған /зомбилик/ телехикаяларды Мәскеуден аттай қалап, сатып алатын. Әрине, орыс тілінде. Ол заман да артта қалды.

Енді кезек, қазір Қазақстанда ақындардың жырына, сыншылардың сын садағына әжептәуір тақырып тауып беріп жүрген түрік, кәріс телехикаяларына, яғни, сол елдердің «сабынды операларына» келді. «Ерінбеген етікші болады», - деп атам қазақ баяғыда-ақ айтып кеткен ғой. Ерінбеген жазармандардың қаузары осы тақырып болып алды. Әрине, ол еріккеннің ермегі емес деп ойлаймыз. Сындары да орынсыз дей алмаймыз. Ол ағайындардың айтып жүргендері де жанашырлықтан туған жанайқай екеніне иманымыз кәміл. Бірақ... Мәселе, осы «біраққа» тіреледі. Осы жерден бастасақ, қиқулатып талай қырды асып кетеріміз күмәнсіз. Қандай да елдің болмасын, кез-келген киносы, телехикаялары болсын, ең әуелі ішкі нарыққа арнап, лайықталып, есептеліп, солардың қызығушылығын қаперге ала отырып жасалады. Әлемде соңғы кезде телехикаялар түсіру жұмысы бірден қызу қарқын алды. Себебі - өте қарапайым. Аталмыш телехикаяларға кино түсіруге қарағанда анау айтқандай шығын жұмсалмайды, ойыңа келген, қиялыңыздың жеткен жеріне дейін, қалаған сценарийді жазып, оны топырлатып түсіре бересіз. Қысқасы, нарықтың заңдылықтарына толық бағынған, ең әуелі баспайдасын көздеген дүние жасау. Әрине, көрермендер аудиториясының талабы да ескерусіз қалмайды. Біз сияқты кино түсіру, анимациялық дүниелер жасау, телехикаялар топтау ісі кенже қалған елдер қызыға да, қызғана да қарайтын тірлік. Иә, біздің еліміз де әлемдік үрдістен шет қала алмайды. Нарықтық қатынастарға толықтай көшкен қоғамымызда бүгінгі таңда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған телехикаялардың көбею себебін де осы тұстан іздеуіміз керек сияқты. Себебі, нарықтың басты заңы «тұтынушының әмияны үшін күрес» телеарналарға да тән дүние.

Иә, телехикаялардың көбейіп кеткені рас. Бірақ, неге көбейіп кетті? Себебі, біздің отандық өнімдердің әлі де болса, шетелдік бәсекелестерімен тай-таласа алмай отырғаны. Сондықтан да, біздің арналарымызды шет елдік туындылар жаулап алды. Ал, осыдан бірнеше жылдар бұрын біз сияқты шетелдің теле топтамаларға алақайлап қол соққан көрермені болған көршілес Ресейдің кино туындыгерлері, жаппай, өз елінің мүддесіне сай келетін туындылар түсіре бастады. Яғни, ақпарат майданында өз плацдармдарын мықтауға кірісті. Бірақ, Орталық Азия мен Әзірбайжан Республикалары сияқты, шет елдік өнімдерге тиым салып тастаған жоқ. Себебі, ашық бәсекелестік жағдайында іздену пайда болады, режиссер шыңдалады, жаңа ой туындайды. Ал, қазіргідей ғаламтор дамып, жан-жақтан ақпарат тасқындаған заманда шетелдік өнімдерге тиым салумен іс бітпейді. Оның жалғыз ғана жолы, сол өнімдермен бәсекелесіп, оларға тойтарыс бере алатындай өз өнімдерін барынша мол өндіру. Ал, Ресей елі мұны жақсы түсінді. Қазір оларда түрлі көрермендер аудиториясына арналған әр деңгейдегі телехикаялар да, көркем фильмдер де көптеп жарық көруде. Әрі, оны ең кемі ТМД көлемінде экспорттап отыр.

Бізде.... Бізде жағдай мақтанарлықтай емес. Сондықтан да, шетелдік эфир өнімдерін тұтынуға мәжбүрміз. Сондықтан да, оларды мақтап, даттап екіге жарылып жүрміз. Телехикаялар дегенде, ең әуелі ойымызға «Қазақстан», «Хабар», «Еларна» сынды  еліміздегі жетекші телеарналар оралары сөзсіз. Себебі, сын мақалалардың арқауына осы арнадағы көрсетілімдер ұшырап жатады. Дегенмен, «Қазақстан» телеарнасының өнімдері бірыңғай қазақ тілінде берілетінін және аударма сапасының көшілгері екенін баса айтқанымыз жөн болар. Осы телехикаялар арқасында елімізде де түрлі туындылар түсіріле бастады. Яғни, мемлекеттік және ресми тілде көрсетіліп келген шетелдік өнімдер түптің түбінде отандық туындылар жасауға қозғау салды. Дегенмен, олар әлі де шетелдік өнімдермен бәсекелесе алмай отыр. Екіншіден, бүгінгі таңда әлгі «қалта телефонымен» («ұялы» деген сөздің баламасы ретінде осы сөзді қолданған біз едік) хат жазғанда немесе әлеуметтік желілерде сөйлескенде, сөздері «хай», «слм» болмаса, қабағы түйілген, екі езуі ыржиған, аузы-басы қисайған түрлі смайлктермен құсни хат алмасатын ойы қысқа, тілі жұтаң жастардың ана тілінің құнарынан сусындап, аталары айтып кеткен мақал-мәтелдерді көкірегіне түйіп қоюына да әсер етеді. Себебі, телехикаяларды тамашалаушылардың қатарында жастарымыз да бар ғой. Әрине, жас адам көрген киносының кейіпкерлеріне еліктемей, солықтамай қалмайды. Кезінде, 90-шы жылдардың жастары шеттерінен Брюс Ли, Ван Дамм, Рэмбо болып кете жаздағаны да жасырын емес. Бүгінде аға буынға айналған сол жастар сол бір қаһармандарын жымия еске алып қойып жүруі де мүмкін. Яғни, кей ағайындардың айтып жүргеніндей, қазіргі жастар да, қоғам да басы-бүтін шетелге елтіп кететіндей есерсоқ, өзіндік ойы жоқ, надан емес. Еліктеушілер болып жатқанның өзінде олар торының төбеліндей топ болатын шығар. Ал, патша көңілді көрермен  осы телехикаялардың артында қаншама төгілген тердің, ерен еңбектің жатқанын біле бермейді. Ол жайлы аз-кем әңгіме... Әлқисса, әрбір арнаның өз эфирлеріне телехикая таңдап, оларды өндіріушілермен келісімге келетін менеджер немесе басқа адамдарды айтпай-ақ қойғанның өзінде, одан берідегі кинокөрсетелім және дубляж бөліміндегі қызметкерлердің қыруар қажыр-қайратының өзі талай әңгімеге арқау болары сөзсіз. Біз қысқа қайырсақ... Телехикая арнаға келіп жеткен соң, ең әуелі аудармашылардың қолына түседі. Аудармашылар көзмайын тауыса отырып аударған дүние күніне сондай қырық дүниені қарап, оқып шығатын редактордың қырағы сүзгісінен өтеді де, түзетіліп, қайтадан аудармашыға барады. Соңғы «түзетілген нұсқа» деп бұрыштама соғылып, редактордың қолы қойылған еңбек енді дыбыстау үшін құрал-сайманын дайындап, тамақтарын қырнап, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын зерттеп, образға кіріп отырған режиссер мен актерлердің алдына қарай дедек қағады. Ол жердің де хикаялары жырға бергісіз. Режиссер мен актерлердің маңдай терін сыпырып, сөлін сығып барып, сәтімен дыбысталған дүние енді титр аудармашылар мен титр терушілердің шеберлігін байқап, жүйкесін тексеру үшін солай қарай «ұшады». Осыдан кейін ғана, администраторлар мен түрлі тексерулерден өтіп, редактордың соңғы бақылауынан өтіп, бағдарламашылардың алдына барып, эфир бағдарламасына қойылып, телеэкранға дайындалып, уақыты келгенде эфирден беріледі. Бұл тек бір бөлімге кететін еңбек. Ал, арнаның ішкі әлемінде бұл күн сайын қайталана беретін қалыпты, бірақ, жүйкені шаршатып, тіпті, денсаулықтың да тас-қамалын «мазалап» қайтатын тірлік. Соның бәрі, патша көңілді көрерменнің игілігі үшін істеліп жатқан дүниелер.

Сондықтан да, құрметті ағайындар, арналарды жаулап алған телехикаяларды сынаған кезде (орынды, орынсыз) осынша адамдардың еңбектерін құрметті қаламдарыңызбен ортан белінен бір тартпай, ойланғандарыңыз жөн болар еді. Себебі, аудармашылар болсын, редактор мен режиссерлер болсын, актерлер, жалпы кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің қызметкерлері болсын, бәрі де шығармашылық адамдары. «Итің жаман» дегенге талағы тарс айрылатын қазақпыз... Ал, сонша еңбегіңді бір ауыз сөзбен іске алғысыз ғып тастау, сыпайылап айтқанда, «жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның» кері десек, ренжіп қаласыздар ма, қалай?  

Біз де еріккеннен пернетақтаның түймелерін тықылдатқан жоқпыз. «Ащынғаннан ащы даусымыз» шығып кетсе, көптен-көп ғапу өтінеміз. Болмаса, өз сөзіміз өзіміздікі...

3 eвpeйcкиx aнeкдoтa o тoм, кaк нaдo oтнocитьcя к дeньгaм
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 13992
Англичане говорят: "Если ты такой умный, покажи мне свои деньги". Скрытый сарказм подразумевает, что не всегда интеллект приносит материальные плоды. Можно быть человеком умным и образованным, но жить от зарплаты до зарплаты.   А у евреев своя мудрость:   Если уронишь золото и книгу, подними сперва книгу.   Почему? Потому, что деньги могут быть украдены, могут обесцениться или вложены в пирамиду или долгострой. А знания и опыт всегда с тобой, с их помощью ты всегда сможешь заработать еще.   Но заработать - это половина дела. Нужно еще уметь контролировать свои траты, сберегать деньги и преумножать их.   Чем русский подход к деньгам отличается от еврейского? Наши люди могут потратить все, до копейки, любят пускать пыль в глаза, хотели бы получать больше, но презирают тех, кто живет на нетрудовые доходы. Считается, что в нашей стране копить деньги - это утопия. Либо их "сожрет" инфляция, либо отберет государство.   Евреи же наслаждаются своими накоплениями. И чем их больше, тем сильнее, могущественнее личность.   Три стадии бедности у евреев:   1. Нет денег.   2. Совсем нет денег.   3. Придется менять доллары.   Наш народ во многом живет и надеется "на авось". Что попадется хорошая жена, что на работе заметят и станут платить больше. Евреи не признают иллюзии и стараются многое спрогнозировать и запланировать. Они не позволяют детям валять дурака и лениться, выбирают им достойные профессии и программируют на будущий успех.   У евреев, действительно, есть чему поучиться.   Они легко генерируют идеи, стараются придумать варианты, как заработать деньги. Людей с таким мышлением в России называют нелицеприятными словами, самое меньше из которых "спекулянт" и "барыга".     Наши люди любят говорить: "Как нам платят, так мы и работаем". В этой фразе - усталая смиренность. Но специалисту, который не горит своим делом, которым сложно управлять, потому что он обижен на жизнь, никто платить хорошо не будет.   Евреи умеют видеть преимущества даже там, где их быть не может:   Еврейский мальчик говорит своему деду: - Дедушка, у меня только что на улице отобрали все деньги! - Ничего, внучек. Они вернут в семь раз больше! - Почему? - Сейчас они это отметят. Затем затеют пьяную драку. Набьют друг другу морды, повыбивают зубы... Ну а потом придут их вставлять ко мне.   Жен стараются выбирать таких, чтобы их имущество не разбазарили. А женщины, в свою очередь, весьма требовательны к мужчинам. За непризнанного гения или свободного художника никто не пойдет замуж. Зачем по своей воле обрекать себя на нищету?   Еврейки говорят: "Мужчина без денег - это подруга". Вы никогда не услышите из их уст фразу про рай в шалаше. Рай - это Мальдивы и Бали, но не конструкция из веток и палок.     Ну и еще немного юмора о том, что мыслить нужно уметь нестандартно:   - Изя, представляешь, я в выходные предложил директору парка отдыха идею одну. Естественно, не просто так, а за 10% от прибыли. Суть такая: посетитель парка должен сделать фото в комнате кривых зеркал и выложить его на сайт парка отдыха. Тот, кто наберёт наибольшее количество лайков, получит два билета на концерт Киркорова. - И каков, Абрам, результат? - Количество посетителей парка втрое превысило обычное! Денег срубил прилично! И никаких затрат! - Хм... Ну два билета на концерт Киркорова прилично стоят! - А кто тебе сказал, что я их покупал? Я их взял с Киркорова за рекламу концерта.       По материалам - Мадам Хельга Источник
Жecткиe и беcкoмпpoмиccныe цитaты Фaзиля Иcкaндepa
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 12823
Они нaучaт paзбиpaтьcя в людяx