Қазақстанның алғашқы теңгесін шығарғанда да, қазақтың ру-тайпалық балансты сактауға тырысты. Сөз болмасын, реніш қалмасын деген саясатпен төл ақшамыз шықты:
1 теңге - Әл-Фараби. Көршілеріміз, Тамерланды өзбек, Баласағұнды қырғыз жасап алғандай, біз де Әл-Фарабиді қазақ қылдық. Барша қазаққа нейтралды тұлға.
3 теңге - Сүйінбай. Ұлы жүздің бетке ұстар тұлғасы. Қазақтың әйгілі ақыны, Жамбылдың ұстазы. Ұлы жүз ренжімейді.
5 теңге - Құрманғазы. Кіші жүздің бетке ұстар тұлғасы. Қазақтың әйгілі суырып-салмасы. Кіші жүз ренжімейді.
10 теңге - Шоқан Уәлиxан. Төре. Үш жүздің қазағына бірдей тұлға. Ешкім "Шоқанды неге қойдыңдар" деп айта алмас.
20 теңге - Абай. Орта жүздің мақтанышы, барша қазаққа танымал тұлға. Көптеген еңбектер жазып кеткен адам. Орта жүз ренжімейді.
50 теңге - Әбілқайыр xан. Төре. Үш жүзге бірдей тұлға. Ешкімнің ру-тайпалық намысын таптамайды. Бәріне нейтралды адам.
100 теңге - Абылай xан. Дүниежүзінде қанша қазақ болса, соншама қазақ Абылай xанды біледі. Біздің ұлы атамыз, мақтаныш тұлғамыз.
Осындай баланс жасап, теңгеміз шыққан-еді. Қазыр төл ақшамыздың суреттерінде, руx көтеретін сурет - тек 1000тг анда-санда кездесетін Күлтегін бабамыз.
Өз ойым.
Самат Нұр-Таза