misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 160 гостей

Міндетті түрде елге ораламын

с нами с 30 сентября 2014

Бибігүл,  алдымен өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

Мен Кореяға мұғалім болып барған қазақтың бір қызымын. Ол жақта қазақ тілін үйрететін университетте жұмыс жасадым. Жалпы, жұмысты алдымен ғаламтор арқылы таптым. «Қазақ тілін үйрететін ана тілі қазақ тілі болған мұғалім керек» деген хабарландыруды оқып, құжаттарымды жібердім. Екі жылдық келісімшартпен шет тілдерін оқытатын университетте қызметке орналастым. Бұл кездер өмірімнің биік белестері деп айтсам болады. Себебі шетелде қызмет істеу, тәжірибе жинау, өмірді тану мен үшін арманым болатын. Бала күнімнен шетелде білім алған адамдарға қызыға қарайтынмын. Жанымдағы дос қызым «мен тұрмысқа шыққым келеді» деп армандайтын, ал мен шетелде жұмыс істесем деп армандадым. Мүмкіндікті босқа жібермей,  тәуекелге бел буып, Кореяға аттанып кеттім. Бұл мен үшін материалдық, рухани жағынан болсын, өмірдің бір белесі болды. Өз үйіңнің терезесінен сыртқа қарау бөлек те, өз үйіңе сырттан көз салу бөлек дүние. Яғни туған еліме, жеріме, оның дамуына, бар мүмкіншіліктерін қалай, қайтіп қолдануына сырт көзбен қарап бағалауға, былайша айтқанда, мүмкіншілік алдым.  Әрине, туған жерден ұзап кету  өте қиын болды. Алайда мені білімге деген құштарлық сезімім жұбатты. Жалғызсырағанда жанымнан табылды. Өз басым білім алған адамды, білім жолында жүрген шәкіртті қатты сыйлаймын. Шетелдік студенттерге қазақ тілінен сабақ бердім. Кореяда мұғалімді қатты құрметтеп, аяғын жерге тигізбейді екен.  Мұғалім — бағдар беруші тұлға. Шетелде мұғалім деген сөз министр сияқты құрметке, атаққа ие. Мен тек сабақ қана беріп қоймай, қолымнан келгенше  қазақтың салт-дәстүрлерін танытуға тырыстым. Әр сабақ сайын күй, музыка тыңдаттым.  Сенбі, жексенбі күндері үйге қонаққа шақырған кездерім болды.  Бауырсақ, самса пісірдім (Күліп алды). Қазақтың қонақжайлығын таныттым.  

Естуімше, сіз корей азаматына тұрмысқа шығып, сол елде тұрып жатқанға ұқсайсыз...

«Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді» деген сөз бар ғой қазақта.  Қазақстаннан тұрмыс құрмай кеткен едім. Оған себеп: жарымды өмірлік талғаммен іздедім. Ішімдік ішпейтін, темекі тартпайтын, салауатты өмір заңдылығымен өмір сүретін адамды іздедім. Елімізде жетім қалған бала, ажырасқан әйел көп қой. Неге бала жетім қалады, неге ерлі-зайыптылар ажырасады деген сұрақтар мені қатты мазалады.  «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар, отау құру ер кісіге де, әйел адамға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен тұрмысқа шығудан бұрын әйел, ана ретінде  отбасы алдындағы жауапкершілікті көп ойладым. Әрине, Кореяға кетпей тұрып танысқан азаматтар да болды. Талғамыма, талабыма сай келмеді.  Мен кездестіре алмадым. Тағдыр ғой енді.   Кореяда  бір кәріс азаматымен таныстым. Жасы менен кіші. Жолдасым мені білімді деп ойлап, біліміме қызыққан болса керек. Дұрыс түсініңіз, мен өзімді білімді деп отырғам жоқ (Күліп алды). Жолдасыммен кейін болған әңгіме ғой. Ол да «ұрпағын аманат ете алатын» әйел іздеген екен. Жар таңдауда адамның түрлі есебі болады ғой. Бірі жарының әдемі болғанын, бірі бай болғанын қалайды.  Жолдасым мәдениеті, білімі жоғары жан болса, ұрпағыма дұрыс тәрбие береді  деп  ойлапты. Әрине, сезімнің құшағында жүріп тұрмыс құрдық деп айта алмаймын.      Ең алдымен адамгершілікті, сыйластықты, достықты өмірдің мәні етіп алдық.

Жалпы корей азаматына тұрмысқа шығуға не нәрсе басты  себеп болды?

Ол маған ең алғаш сөз салғанда қарсы болып, шетел азаматына тұрмысқа шықпайтынымды айттым. Ол шетел азаматы әрі жасы менен кішілеу. Бізді байланыстыратын ортақ мүддеміз, қызығушылығымыз  болмауы мүмкін екенін айттым. Ол маған: «Мен мұсылманмын, сіз мұсылмансыз. Неге ортақ мүддеміз болмауы керек?» — деген сұрақты қойды. Бір бағытта өмір сүре алатынымызды айтты. Оңтүстік Кореяда кейбір жастар шіркеуге танысу үшін, үйлену үшін барады. Діннің үш түрі жақсы дамыған: католик, протестанттық, буддизм. Әркім өз бағында жүрген жанмен үйленгісі, тұрмыс құрғысы келеді. Жастардың бір-бірін түсінуі махабаттан басталса да, діни-наым-сенімдері де маңызды рөл атқарады.   Кореялық жастардың елу пайызы өз діни бағытындағы адаммен отбасын құруға тырысады. Ата-анасы да өздері протестант болса, келіндерінің де протестант болғанын қалайды. Себебі діни рәсімдер қарама-қайшылық тудырмауы керек. Жолдасым ислам дінін қабылдағандықтан, ол да мұсылман қызбен үйленуді қалаған екен.

Ал сіздің ата-енеңіздің діни ұстанымы қандай болды?

Жолдасымның әкесі католик, анасы буддизм ілімін ұстанады. Әрине, дін адамдары емес. Тек әркім өзінің кейбір діни дәстүрлерін сақтайды, ғибадат құлшылықтарын жасайды. Менің мұсылман екенімді біледі. Біздің үлкен отбасында дінге байланысты кикілжің ешқашан туған емес. Қайта ұқсас, ортақ құндылықтарымыз көп болып шықты. Дін дегеніміз — әдеп, тәрбие, көркем мінез, сонымен қатар  адаммен, қоғаммен  идеялды қарым-қатынас қой.  

Туған-туыс, ата-анаңыз өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуыңызға қарсы болмады ма?

Ең алдымен ата-анамнан осындай кәріс азаматына тұрмысқа шықсам бола ма деп сұрағанымда, олар таңғалды.  Алғаш оның дінін сұрады. Әжем сүндетке отырып-отырмағанын сұрады (Күліп алдық). Жолдасымнан естуімше, кәрістер медицина заңдылығы бойынша біздегідей сүндет деп айтпаса да, олар сүндетке отырғызады екен. Туған-туыстарым менің бұл шешіміме танырқап қалды.  Қазақ жігіті табылмады  ма деп айтты. Әрине, қазақтың бір жігітіне келін болып, ата-енеме жақсы қараймын деп ойлайтынмын. Ақырында туған-туысым жолдасыммен танысқаннан кейін оның мәдениетті, жауапкершілігі жоғары азамат екенін көріп, қазақтың жігітінен еш айырмашылығы жоқ екенін, бастысы мұсылман екенін айтты.

Тойларыңыз қалай өтті? Қандай жөн-жоралғылар жасалды? Бетіңіз ашылды ма дегендей?..

Тойымыз кәрістердің жаңа дәстүрлі тойы әрі ескі ұлттық әдет-ғұрыптарымен өтті. Беташар болған жоқ. Ата-анаға иіліп сәлем салдым. Кәрістердің салты бойынша келін өзінің әке-шешесіне, сосын ата-енесіне иіліп сәлем береді. Тойда сыйлы бір ақсақалдың батасын алады. Бата дегенде алақанын жайып алмайды. Өмір көрген өнегелі адамнан тілек алады. Оның насихаты жарты сағатқа созылады. Жарты сағат аяқта тұрып тыңдайсыз.

Тойда біздегі сияқты келген қонақтар тілек айта ма екен?

Жоқ. Кәріс тойының басты ерекшелігі — қысқа өтеді. Тойдың ұзақтығының өзі бір-ақ сағат. Жігіттің не болмаса қыздың досы бір ән айтады. Болды. Ысырапшылдық атымен жоқ. Той үстінде болсын, тойдан кейін болсын, қоқысқа тасталынып жатқан тағам түрлерін көрмейсіз. Біздегі бір тойдың дастарқанына оларда 5-6 тойдың адамдарын күтуге болады.  Той дастарқаны фуршет түрінде өтеді. Әркім қалаған достарымен бір үстелге жайғасып, өзара әңгімелесіп, тамақтанып болған соң,  қайта береді. Адамдар тойға жарты сағат көлемінде ғана уақыт жұмсайды.  Той түс кезінде өтеді.  Тойдың ресми жағы аяқталған соң, екі жас қыдыруға кетеді.  

Екі халықтың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?

Әрине, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз басқа. Алдымен ұқсастығын айтатын болсақ, кәрістер бауырмал келеді. Ата-ананы қатты сыйлайды. Келіндерді тәрбиелейді. Енелер өнегесін көрсетеді. Жерде отырып ас ішеді.

Қазақта кенже ұл қара шаңырақ иесі саналады. Келіннің де атқаратын міндеттері бар дегендей...

Ол жақта үлкен ұл ата-анаға қарауға міндетті. Үлкен келін келіндердің басы болады. Жылына оларда екі мейрам өтеді: жаңа жыл, сабан той. Егін, жеміс-жидек, күріш жинаған кезде сабан той жасайды. Осы мейрам кезінде барлық келіндері ата-енелерінің үйіне келіп, екі-үш күн қызмет істейді, сыйлықтарын береді. Сол уақытта отандық телеарналардан арнайы репортаждар жасалады. Бағдарламалар түсіріледі. Келіндер өздерінің шаршағандығын айтып, наразылықтарын  білдіріп жатады. Қоғамға  «келіндерге осылай қинап жұмыс істету, шаршатып ас пісірту қаншалықты дұрыс?» деген сауалдар қойылып жатады. Кәріс келіндері жылына екі-ақ рет болатын екі мейрамға өз наразылықтарын блдіртіп жатады. Салыстырмалы түрде қазақ келіндеріне алтын алқа тағуға болады (Күлді).

Отбасында ең алдымен тіл мәселесін қалай шештіңіздер? Балаларыңыздың корей тілінде сөйлетініне күмән келтірмейміз. Сол елдің азаматтары болғандықтан, білуі міндетті. Алайда ана тілінің жағдайы қандай?

Менің екі қызым бар. Олар қазақша, ағылшынша, корей тілдерін меңгерген. Құдайға шүкір, үйде қазақ, кәріс тілдерінде сөйлейді, балабақшада ағылшынша сөйлейді. Демалыс уақытында Қазақстанға келіп, екі-үш айдай уақыт көлемінде боламыз.

Жолдасыңыз қазақша біледі ме?

Жолдасымның мені сыйлағаны болар, бәлкім, кәрістердің ерекшелігі ме, маған үйленбей тұрып қазақ тілін меңгерген болатын. Тұрмысқа шығуыма ұсыныс жасағанда, оған тіл білмейсіз, мен сізді түсінбеймін, ертең қалай сөйлесеміз дегенде, ол өзінің жұмысынан сұранып, Қазақстанға келіп,  үш айдай курс оқыды.

Бала тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерді сақтай алдыңыз ба? Қыздарыңыз қырқынан шығарылып, тұсауы кесілді ме?.. Жолдасыңызбен ортақ тіл табысу қиынға соқпай ма?

Иә, шілде суын құйып, шашын, тырнағын алып, қырқынан шығардық. Екі баламда да анам келді. Қалжаландық. Тұсауын кестім. Сырғасын тақтым. Күйеміз екеуіміз де мұсылман болғандықтан,  бізде ортақ мүдде бар. Ешқашан жанұяда қарама-қайшылық болған емес.

Кәрістерде гендерлік саясат қалай? Ер адамға бағыну, ер адамның айтқаны «заң» т.б. мәселелер қалай жолға қойылған?

Кәріс халқында ер азаматтар жоғары тұрады.  Жасының үлкендігіне байланысты қатаң сыйластық болуы керек. Інісі ағасына, балалары әке-шешесіне дауыс көтермейді. Ол мәдениетсіздік деп саналынады.  Ер адамдарды жоғары қою, сыйлау міндет деген қағидалары бар. Тіпті әйел адамдар мен ер адамдар бірге отырып тамақтанбайды. Ер адамдар бір бөлмеде, әйел адамдар бөлек бөлмеде тамақтанады. Бұндай дәстүр қазақтарда да бар ғой. Қазіргі заманда жастар бірге тамақтана береді.  

 «Адамның хақын жемейді», «тіпті енеңе бала қаратсаң, еңбегін жемейсің, ақшасын төлейсің» деп жатырсыз. Ислам дінін ұстанбағанымен, халықтың мұсылманшығы қандай?

Біз ойлаймыз, бір адам бір адамның ақысын жемеу керек, еңбек етсе төлеу керек деп. Оны исламмен байланыстырып жатамыз. «Сізге қызмет еткен адамның маңдай тері кеппей, ақысын беріңіз» деген хадис бар болса керек. Кореяда адамның еңбекақысын қадағалау, бақылау мемлекеттік деңгейге жеткен. Тіпті шетелден келген мигранттардың еңбекақысын уақытында береді. Бізде білесіз ғой, әсіресе ауыр деген құрылыс саласында жұмыс жасайтындар үш ай, жарты жыл еңбекақасын ала алмайды. Мүлдем ала аламай кеткендер адамдар да бар. Мысалы, Қазақстаннан келіп, Кореяда қызмет істейтін азаматтардың егер визасының уақыты бітіп кетіп қалған жағдайда, сол азаматты тауып, ақшасын беріп жібереді. Менің өзімнен Кореяда асханада жұмыс істеген қазақтың бір қызының еңбекақасын беріп жібергені есімде. Олар исламды білмейді, алайда адамның ақысын жемеуді жақсы біледі. Мен енеме өз баламды қаратсам,  міндетті түрде ақшасын беремін. Яғни баламды қарады деп емес, оның баламды қараған уақытын бағалаймын. Жапонияда, Кореяда уақытқа деген көзқарас басқаша.  Енем ол уақытта басқа жұмыс жасар еді, оның ақысын алар еді. Әрине, олар бізден ақша алғысы келмейді. Өздеріңе керек деп кері қайтарады. Бірақ  осы ақшаға ем алыңыз,  етпен тамақ ішіңіз (ол жақта ет қымбат қой), басқа да дүниеге жаратыңыз деп конвертке салып береміз.  Кореяда егер ақшаңызды жоғалтсаңыз, оны тауып алған адам сізге қайта әкеп береді. Неге дейсіз ғой? Себебі олар ақшаның өте қиын жолмен табылатынын біледі. Өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Сөмкеммен қоса  3000 АҚШ долларын жоғалтып алдым. Кешкі сағат сегіздің шамасы. Аз ақша емес қой. Түнгі сағат он екіде «сіздің ақшаңызды тауып алдық» деп қоңырау соқты. Қалай тапқан десеңіз, сөмкемдегі үлкен сауда дүкенінің визиткасын алып, сол дүкенге хабарласып, менің телефонымды алыпты. Тауып алғандардың үшеуі де студент екен. Әрине, әр халықтың  аласы да, құласы да болады. Кәрістердің 95 пайызы жоғалтқан заттарын тауып алып жатады. 

Туған жерді сағынбайсыз ба? Қазақта ата-анаға көбіне ер баладан гөрі қыз бала жақын болады дейді. Ата-анаңыз алыста жүргеніңізге түсіністік таныта ма?

Сағынышты сөзбен жеткізу қиын. Абайды оқып өскен қызбын. Қазақ тілі, әдебиеті маманымын. Мұстафа Шоқайды, Мұстафа Өзтүркті білесіз. Тағдырларын да білесіз. Шетелде тұрған азаматтар. Кез келген қазақтың баласы шетелде  жүргенде Отанға деген сүйіспеншілігі, махаббаты арта түседі. Қазақтың тау-тасын, жусанын, бауырсағын, ән-күйін — барлығын сағынасыз. Сол сағынышты орамалға түйіп, жүрегіңізге байлап қоясыз.  Мен жолдасымнан қиянат көрген емеспін, кәріс халқынан да жаманшылық көрмедім. Адамның жасы ұлғайған сайын, оның сағынышы да өсе береді. Туған-туысыңа жаның ашып, елге келгің келіп тұрады. «Жұпар иісі аңқыған» ауылыңды сағынасың. Ешбір «жер жәннаты» да туған жеріңе жетпейді. Ғаламтор арқылы елімнің жаңалықтарын қарап отырамын. Кореядағы қазақ балаларымен араласып тұрамын. Солармен араласу елге деген сағынышымды басады. Жалпы, кәріс халқы — еңбекқор халық. Таң азанмен жұмысқа кетіп, түн батқанда келеді. Автобустан метроға, метродан автобусқа секіріп жүрген, әйтеуір бір жаққа асығып кетіп бара жатқан адамдарды көресіз. Былайша айтқанда, адамда бос уақыт жоқ. Бар уақыттар жұмыспен, арпалысқан тіршілікпен  өтеді. Бұл да біраз нәрсені ұмыттырып жібереді.    

Туған елге оралуыңыз мүмкін бе?

Əрине. Қазір докторантураға құжаттарымды тапсырып жүрмін. Мен Мұғалім болып барғанда сол елде қаламын деп ойламадым. Алланың бұйырығымен тұрмысқа шығып калып қалдым .Міндетті түрде туған елге ораламын. Әр адамның туған елінің алдында парызы болады деп ойлаймын. Бір парызы- мемлекеттік тілде сөйлеу. Сол елдің өркениеттіне үлес қосу.қандай мамандық иесі болса сол салада қызмет ету. Мен өз ұлтымның ұрпағының тəрбиесіне еңбек еткім келеді.

Уақыт тауып сұқбаттасқаныңызға рахмет. Сізге сәттілік тілеймін!

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 2303
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 9127, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"

Комментарии

Aktau Aktau
04 Сент 19:53 # ответить
Ои сорлы елин жерин саткан акенди шешндеде ар намыс жоқ екн кунага батып кызын өлтіріп басытары жасамаитын тұқымдар екн елктегиш қазақтың санын кобитпеима өз елде капирге тип тозака кеткеше
Бауыржан Карипов   →  Aktau Aktau
05 Сент 16:48 # ответить
Aktau Aktau, сіз алдымен қатесіз сауатты жазуды үйренсеңіз. Сосын барып ақылыңызды айта жатасыз
Зарина
05 Сент 15:42 # ответить
Биреуди сынга алу онай, айтеуир акыл айтып, киналап урсуга дайын акпыз. ар нарсенин себеби бар, бир нарсени укпай жатып биреуди жазгыру мадениетсиздик. Бул жагдай сиздердин де бастарыныздан отпесине ким кепил?
Aizhanat Kaziyeva
26 Окт 01:02 # ответить
Кыры мен сыры мол тагдыр-ай....макала конилден шыкты...рахмет!
Бауыржан Карипов   →  Aizhanat Kaziyeva
26 Окт 11:05 # ответить
Aizhanat Kaziyeva, рахмет! Бұл материалда жалпы жақсы дүниелер бар еді. Өкінішке орай, оны көбісі көре алмады. Әо адамның тағдыры басқа ғой. Бұл да бір тағдыр.
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3240 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3240', { type: 'blog', node_id: '3240', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });