misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 177 гостей

Клиникалық өлім және жаңа өмір

с нами с 26 мая 2014

Өлсе өлер табиғат адам өлмес,

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес,

“Мені” мен “менікінің” айрылғанын

“Өлді” деп ат қойыпты өңшең білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!

Абай Құнанбаев

 

Адамзат жаратылысынан бастап есепсіз жылдар өтсе дағы адам баласын жан туралы сұрақтар мазалап келген. Жауап береміз деп талайлар ақылға қонымды да қонымсыз пайымдар ұсынып, рухты жоққа шығарушылар өткен. Жасанды ақылдың (искусственный интеллект) болашағы бар деп те, адамның жанын ақылға теңеп, миға тәуелді етуге де тырысқандар жоқ емес.

Дене рухтың құралы. Рухсыз дене өмір сүре алмайды, рухқа тәуелді. Рух та денесіз бұл әлемде әрекет етуі мүмкін емес. Бұл бұлжымас заңдылық. Алайда адамның жаны дененің белгілі бір жерінде деп те айта алмаймыз. Себебі бүгінгі медицинаның жетістіктерінің арқасында дененің кез келген мүшесін ауыстыруға, тіпті қолдан жасауға мүмкіндік бар. «Жаным жүрегімде» немесе «мида» дейтіндердің пікірі орынсыз екені сөзсіз-ақ белгілі. Тіпті рух дененің әрбір жасушасында деген пікірді білдірген ғалымдар да бар.

Егер рухым жүрегімде деген адамның жүрегін қолдан жасалған немесе өзге адамның трансплантация арқылы жүрегін салған кезде жүрегімен бірге жаны да ауысу керек. Сол секілді жаным ақылымда, миымда деуге келмейді. Уақыт өте келе дәрігерлердің миды немесе оның бөлігін бір адамнан бөтен адамға ауыстырса таңғалмаймыз, тіпті жарты миын алып тастаған адамдар жарты рухын жоғалтты дегенге ешкім сенер емес. Көру үшін көз керек, алайда жалғыз көз жеткіліксіз. Ми қызметін үздіксіз әрі ақаусыз атқармаса, көз көру қызметін жүзеге асыра алмайды. Көз терезе секілді, ал көру миға тән функция. Мидың өзі де жападан жалғыз жұмыс істемейді. Ол құрамындағы бүкіл бөлімдерді жұмыс істету үшін дербес басқару орталығына, әрдайым басқарып отыратын бір «басшыға» мұқтаж. Ол басшы – рух. Денедегі жүрек, ми және өзге мүшелер рухтың құралы ғана. Адам денесі жан үшін бұл өмірде уақытша мекендейтін тасымалдаушы «қорап» ретінде сыйланған. Сол құралдың саулығы ертеңгі күні де рухтан сұралмақ.

Серік Сейітман «шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десеңші» дегендей, жаратылған дененің әсемділігіне, әмбебаптығына таң қалғанша ол денені осы күйінде жаратып, оның ішіне рухты мекендеген Аллаға мың да бір алғыс айтқанымыз абзал болар. Жаратушының құдіретіне күн өте келе тамсанудан көкірек көзі ояу жандар шаршамаған. Құдіреттігін айтар болсақ алып әлемнің сөздері мен сипаттары аз болар. Адам баласы үшін ортақ заңдылықтарды орнатқанымен, орнатушы жалғыз Өзі екенін дәлелдеу мақсатында әлемдік заңнан тыс ғажап мысалдарды келтірген.

Солардың бірі осыдан бір екі жыл бұрын орын алып, жұртшылықтың санасын бір сілкіп алған. Дебрецен қаласының 31 жастағы әйел дәрігерінің айтуынша, жүктіліктің төртінші айында инсульт алып, миына қан ұйып, бақилық болды. Жан түршігерлік оқиғада жатырдағы бала аман қалуы, жүрегі соғуын жалғастыруы барлық дәрігерлерді қимылсыз қалдырады. Әкесінің өтінішімен жүкті әйелді өмір сақтау аппаратынан өшірмей туылмаған баланы жеті айға толғанша анасының құрсағынан алмауға шешім қабылданады. Бұл адамзаттың тарихында болған үшінші оқиға еді. Жүктіліктің жетінші айында ота жасалып, көптен күткен нәресте жарық дүниеге келеді. Адамды жоқтан бар еткен, жан үрлеген, әкесіз жалғыз анадан Иса пайғамбарды бұл өмірге келтірген Аллаға бұл іс те оңай. Тіпті қаласа бір мезетте барлық жаратылысты жоқ қылып, қайта жарату Оның құдірет еншесінде.

«Бұл медицина жетістіктері» деп кемсіткісі келгенге айтарым – бар нәрсені сақтап қалу, жоқтан бар етуден әлде қайда оңай. Егер медицинаның соншалықты дамығаны болса, неліктен жан тапсырған ананың миын қалпына келтірмеді. Осы оқиғада дәрігерлер, ерсіз естілсе де, анасының денесін баланың рухы үшін аман қалу құралы ретінде пайдаланды. Денесінің дамыған, жетілген түрінде өмірге келуге мүмкіндік берді.

Осы оқиғаны естігенімде, «Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің» (Әли Ғымран, 27-аят) деген Құранның аяты еске түсті. Жоқтан бар ету, тіпті өліден тіріні, тіріден өліні шығару мағынасында айтылған аят одан әрі Құдай құдіретінің шексіздігін аз да болсын аша түскен секілді. Бұған дейін тәпсірші ғалымдар аяттың мағынасын дәннен жеміс, жұмыртқадан балапан, ұрықтан адам тұралы айтылған деп есептесе, аталмыш аяттың одан терең және айқын мағынасы мен көрінісі бар екеніне көзіміз жетті.

Дене, материя ол тек қана қап, рухты, жанды осы дүниеге әкелу ішін жасалған себеп. Алла бір дененің ішінде дене жаратып барып ол денеге рухты салатын періште жібереді. Ал енді себепті қалағанша өзгерте алатын Құдірет Иесі тәсілдерін өзгерте алады – әкесіз Иса ғ.с. туылуы, қайтыс болған адамның ұрығын әйел жатырына салып баланы туғызу, миі өлген ананың ішінде баланы дамытып, жанын аман алып қалу және тағысын тағы. Яғни мақсат осы дүниеге жанды алып келу, ал оның жолы мен тәсілі саналы тұлғаға ғибрат.

Қаласа Алла Тағала бізге бір дұғаны үйретіп, әлгі дұғаны оқыған адам таңда нәрестелі болып оянар еді. Алайда сондай жеңіл жолмен сыйланған жан, рух біз үшін айтарлықтай маңызды болады ма? Тоғыз ай құрсағында аялап, ер көтере алмайтын толғаққа шыдап осы жарық дүниеге келуге себепші болған ана үшін баласынан артық, жақын жан жоқ екеніне бәріміз куәміз. Сөз етілген мысалда миы өлген әйелдің күйеуі күнде әлі туылмаған баласының қасына келіп, әйелінің ішін сипап, баламен сөйлесіп, әкесі үшін бұл бала маңызды екенін көрсетті, дәлелдеді, өмірін, жанын құрсақтағы баланың рухымен байлады. Олай болмаса бала жүрегі соғуын жалғастыруы екі талай еді.

Бұның бәрі өмірімізде материя емес, метафизикалық жанның жағдайы, дәрежесі маңыздырақ екенін көрсетеді. Дене рухты емес, рух денені алға қарай жетелейді. Әрекетке ынталы жан шамасы мен күші таусылған денені өрге қарай жүргізеді, асқар шыңдарға самғатады. Сол секілді миы қайтыс болған ана рухы, дәрігерлер мен күйеуінің әрекетімен, тырмысуымен, дұғасымен үш ай бойы жаңа жанға өмір жарығын сыйлау үшін өмірі мен денесін пида етіп, материядан гөрі жанды мақсат тұтып өмір кешу артық екенін дәлелдеді.

 

Ынтымағымызға іріткі салушылар кімдер?
18 июня 2015
Дарын Шөкенов
просмотров: 3603, комментариев: 1
Қой терісін жамылған қасқырлар қашанғы білгендерін былықтырмақ? Бұл күрделі мәселе, алдын бүгін алмасақ, ертең ерін тістеп қалуымыз бек мүмкін. Себебі, елемеген бұта көз шығарады!
Аруақпен ойнама!
29 апреля 2015
Бауыржан Карипов
просмотров: 12286
Аруақ! Иә, бұл сөз бізге бала күнімізден жақын. Ең алдымен «Аруақ!» деп жауға атойлап шапқан талай киноларды көріп өстік емес пе?