misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 171 гость

Ынтымағымызға іріткі салушылар кімдер?

с нами с 1 октября 2014

Басшыға бағынып жүрміз бе? Бұл сұрақ көпшіліктің езуіне күлкі үйіруі мүмкін. Себебі “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармаған елге” бүгінгі біздің жетістігімізді қайталау қиын. Сондықтан сұрақтың өзі саяси сауатсыз көрінер. Дегенмен, саналы қоғам сапындағы Қазақстанда да басшыға бағынбайтындар бар. Олар, тіпті, аракідік айрандай ұйыған елдің тыныштығын бұзып, сына қаққысы келетін арам пиғылдарын да аңғартып жатады.

Қазақстан азаттығын алғалы қазақ исламмен қайта қауышты. Тілдегі дін ділге ауысты. Адам аттап баспастай көрінген Алланың үйінен адам аяғы арылмас күндер келді. Мешіттер көбейді. Қысқасы, бүгінде баба тілегі қабыл болып, баласы балға белшесінен батып отыр. Шүкір! Десе де, соңғы жылдары сырт көзге сұлу көрінгенімен, жамағат ішінде жылу азайып кеткендей. Олай деуімізге ай-күннің аманында өз қағынан өзі жерініп, жат ағымның жетегінде кеткен жандар себеп. Салдарынан құбыламыз бір, Құранымыз ортақ бола тұра бір жатырдан шыққан қос перзент өзара дауластық, “жауластық”. Сөйтсек, сенім бөлек екен.

Ел жаппай егемендігін тойлап жатқан жылдары елге келушілерде есеп жоқ еді. Әуелгіде, аңғал қазақ, кімнің қандай пиғылмен келгенін көздеріне, сөздеріне қарап бағаладық. Келгеннің бәрін құдайы қонаққа теліп, табақ тартып, төр бердік. Ішті, жеді. Ақыры тойынса керек, төбемізге шықпаққа талпынды. Себебі бірнеше жылдан кейін асымызды ішкен адамдардың “шәкірттері” жамағатты жіктеп, ел ішіне іріткі салуға кірісті. Салдарынан күнделікті қарекетіміз қате, бар дәстүріміз бидғат, ал ата-бабамыз адасқан.

Еліміздегі теолог мамандардың айтуынша, мұндай топтардың мақсаты — ел іргесін ыдырату арқылы билікке ұмтылу немесе қатарын көбейту. Алғашқысын қайдам, алайда екінші қарекеттері жиырма жыл ішінде жемісін бере бастаған сияқты. Себебі мешітте имамға қарсы шығып, бұқара арасында бүлік тудыру арқылы аракідік ел тыныштығын ұрлап жүргендер бар. Қасиетті Құран Кәрімнің “Ниса” сүресінің 56-аятында Алла Тағала: “Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойсұныңдар, пайғамбарға бойсұныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ”, — деген болатын. Алайда өз жолымен жүрмегендердің барлығын жаппай адасқанға шығару — біз тілге тиек етіп отырған топтардың ұстанымы. Әрі олардың түсінігінде мемлекет билеуші жалғыз. Сондықтан да “өлетін жерін білетін олар” патшаға қарсы жақ ашпақ емес. Алайда патша тағайындаған әміршілерге бағынудан бас тартады. Оның анық мысалы — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Әлеуметтік желі беттерін парақтар болсақ, ҚМДБ және оның айналасындағы имамдарға қарсы жағымсыз пікір, қиынды сөздерден құрастырылған жалған роликтер жетіп артылады. Сондағы мақсаттары — ақпараттық шабуыл арқылы діни сауатсыз елді екіге жару. Ары қарай кеңестік идеология — “бөліп ал да, билей бер”.   

Аталмыш топтар патшаға қарсы сөз айтпағанымен, іштей оның әміріне де бойсұнбай жатады. Оның анық мысалы — Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы Жолдауында дін мәселесінің қоғамымызда өткір тұрғандығын айта келе: “Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанған сүнниттерміз” деген сөзі. Ал Алланың әмірін “екі етпейтін” жандар үшін, Алланың жер бетіндегі саясы айтқан сөз бұлжымас бұйрық болуы керек еді. Адамзаттың асыл тәжі (с.ғ.с.): “Сұлтан (патша) — Алланың жер бетіндегі саясы. Кім оны құрметтесе, Алла оны құрметтейді. Кім оны қорласа, Алла оны қорлайды”, — деген болатын. Бірақ Елбасын, Дін басын өз басшыларынан төмен қойған топтар, әзірге “қой терісін жамылған қасқырдың” кейпінде жүр. Бірақ бір бармақтары бүгулі екені анық…

Жолымыз Құран, сүннет дейтін жігіттер “Құран оқылса, қозғалмай құлақ асыңдар” деген Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзіне амал етпейді. Өйткені әр намаздан кейін жамағат марқұмдарға Құран бағыштап, қол жая бастаса, шатынан шайтан түрткендей шошына қашады. Себебін сұрар болсаңыз, бұл — бидғат. Ал пайғамбардың “қайтқан адамдарыңа “Йасин” сүресін оқыңдар” деген хадисі ол жандар үшін керексіз. Тіпті, солардың арасынан анасы намаз оқымаған себепті асын арамсынатындар да ұшырасып жатады. Мұның барлығы қасиетті Ислам дінін жеке бастарының қамы үшін қолданып жүрген адамдардың арбауына түскен жандар. Алайда идеологиялық жұмыстың мықтылығы себепті, өзінікі ғана дұрыс деген сыңаржақ пікірден арыла алар емес. Арылуы, әй, екіталай-ау.

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Кім (әмірге) бағынудан және жамағаттан бөлініп шығып, сол қалпында өлсе, онда ол надандық дәуірінде (дінсіз) өлген сияқты болады…» — деген. Бұл көріністі де бүгінгі біздің қоғамнан кездестіру қиын емес. Мәселен, жұма күнгі жұма намазына барар болсаңыз, мешіттегі кей жамағаттың имам уағызын емес, құлақтарындағы тығындыларын тапжылмай тыңдап отыратындықтарын байқар едіңіз. Ал олардың бұл әрекетке баруына бізге белгісіз әміршілері бұйырғаны анық. Ең қызығы, шариғатпен үкім шығарылу керек деп жүрген жігіттерге неліктен ҚМДБ-ның үкімдеріне бойсұнбайтындығын сұрасаңыз, ҚР Конституциясының 19-бабының 1-тармағында “Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп көрсетілгендігін алға тартады.      

2014 жылы Дін істері агенттігінің тіркеуінен өтпеген 500-ге тарта діни бірлестіктерге бұғау салынған еді. Әрі кейбірі экстремистік топтар деп табылып, Қазақстан шекарасынан шеттетілген болатын. Алайда аты өшкенімен, заты әлі бар. Елдегі дін еркіндігін ту еткен топтар сұрқия саясаттарын жасырын жүргізіп жатпасына кім кепіл?! Ел аман, жұрт тынышта “жиһад” деп өз жанын өзі құрбан етіп жүрген жігіттердің санасын улаған кімдер? Елде діни татулық болса, мешіт имамдары неліктен кей топтардың қарекеті қате екендіктерін тілге жиі тиек етуден жалығар емес? Мысық пиғылды миссионерлердің қарасы көрінбесе, неге қаракөз қазақтың баласы бауырынан гөрі басқаны басшы тұтады? Бұл — біз шешімін біле тұра, мән бермей жүрген ілкі жағдайлар. Бірақ елемеген бұтаның көз шығаратынын естен шығармаған абзал.

Аталмыш топтар соңғы кездері алғашқы жылдардағыдай қарқынын бәсеңдеткен сияқты. Өйткені осы күні мешіт маңынан өтсеңіз, қолтықтап я қорқытып, өздеріне ғана мәлім исламға кіруге үгіттемейді. Олардың, тіпті, сырт формасы да өзгерген. Сырты бүтін, бірақ ішінде не бары бір Аллаға ғана аян. Ішін жарып жіберсек, талай қоқырсықтар төгіліп қалуы әбден мүмкін. Кеше жаңа жұрттың бәрін жаппай адасқанға шығарып, туған жерін жерсінбей жүрген жандардың соңғы кездері сап тыйылуы жүрекке секем алдырмай қоймайды.

PS: Сөзіміздің соңын белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолланың “фейсбук” парақшасындағы: “Бір кезде сақалы беліне түсіп, балағын кесіп, “қарапайымдылықтың үлгісін” көрсеткісі кеп “диуана” болған, қыза-қыза келгенде “Абай да адасқан” деп “пәтуә” шығара салатын кейбір “данышпандар” қайтадан қымбат костюм киіп, галстук байлап, беті жылтырап, көсіліп көсемсіп, шешіліп шешенсіп елге “ақыл” айта бастады.

“Құлағымда Ел шулайды, Жер шулайды, о несі?!” — деп Есенқұл ағам айтпақшы, бір тықыр таянғаны ма??? Еш жерден опа таппаған “БҰЛАР” неге жанталасып кетті екен?..” — деген сөзімен аяқтағым келеді.

«Жау жоқ деме, жар астында» деген сақтандырар қазағымның қағидатын да айтсақ, артық емес. Не де болса, өзіміздің асыл дінімізді кейінгі көк өскіндей көтеріліп келе жатқан ұрпағымыздың санасын түзеуде күні-түні жұмыс істемесек болмайды-ау, сірә!

Клиникалық өлім және жаңа өмір
23 июня 2015
Murat Smagulov
просмотров: 4312
Жан мен дене тәуелділігі  
Аруақпен ойнама!
29 апреля 2015
Бауыржан Карипов
просмотров: 12286
Аруақ! Иә, бұл сөз бізге бала күнімізден жақын. Ең алдымен «Аруақ!» деп жауға атойлап шапқан талай киноларды көріп өстік емес пе?