misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 158 гостей

Қазақстанда тұңғыш «Селфи күні» өтуде

с нами с 12 мая 2014

Астанада ҚМЭБИ түлектері қауымдастығының ұйымдастыруымен қайырымдылық «Селфи күні» шарасы өтуде.

Шараға қатысушыларға Қазақстанның белгілі мәдениет, өнер, спорт қайраткерлерімен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен бірге суретке түсу мүмкіндігі беріледі.

Олжас Әбідіхалықов, қайырымдылық шараның ұйымдастырушысы:

- Бұл шараның басты мақсаты көмек. "Селфи күні" қайырымдылық акциясынан түскен қаражаттың барлығы Аружан Сайнның «Милосердие» ерікті қоғамы қорына аударылатын болады. 17 сәуір күні «Селфи күні» ресми түрде ашылды. Шара барлығы сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін екі күнге созылады. 

Гүлмира Дайрабаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Егер жүрегіңіз жақсылыққа толы болса мына әлемде өзгерістер де көп болады деп ойлаймын. Сол себепті ұйымдастырушылардың жақсылықты бастама етіп «Селфи күні» қайырымдылық шарасына шақыртуларын ерекше ықыласпен қабыл алдым. 24 жыл телеарнада жүргізуші болып келе жатқаннан соң мен Кеңес одағындағы, селфи жоқ заманда, ал кейін техника дамығаннан кейін де жүргізушілігін жалғастырып келе жатқан жүргізуші ретінде менің салыстырмалы түрде ерекше көзқарасым бар. Мен бүгінгі заманның жастары бақытты деп айтар едім. Себебі кез-келген тарихи кезеңді сол сәтте болған дүниені өзіне сақтап қалуға мүмкіндіктері бар. Яғни мүмкіндікті дұрыс пайдалана білулері керек. Ал мына қайырымдылық шарасының арғы жағында балалар жатыр, біздің болашағымыз жатыр, жақсылық жатыр деген ниетпен осы шараға келіп отырмын.

Досжан Табылды,  «Астана Опера» театрының жетекші әртісі:

- Бұндай игі бастамалар алдағы уақытта республикалық көлемге шығады деп ойлаймын. Бүгінгі күні біздің жастардың арасында селфи сияқты тренд маңызды рөл ойнайды. Осыны ескерген ұйымдастырушылар тек қана жастарға қуаныш сыйлап қана қоймай, оны қайырымдылықпен сабақтастырып жатқандығы қуантады. Мен өзімнің шығармашылығыма көп мән беретіндіктен әлеуметтік желілерге жиі отыра бермеймін. Менің инстаграмға тіркелуіме әпкелерім мен қарындастарым себепші болды. Сөйтіп 2013 жылдың соныңда инстаграм жүйесіне тіркелдім. Алайда менің оған деген тәуелділігім жоқ. Күніне әрі кетсе 20 минуттай ғана отырамын. Ал онда суреттер салуымның басты мақсатым балет өнерінің кеңінен таралуын, аталмыш салада болып жатқан жаңалықтар мен жетістіктерді халыққа жеткізу болып табылады. Сонымен қатар халықты театрға шақыру үшін «Астана Опера» опера және балет театрының сахнасында болғалы жатқан қойлымдармен бөлісіп отырамын. Біздің театрдың администрациясының, интернет кассасының үздік жұмыс істеуінің арқасында бізде қойылымның болуына бір ай қалғанда-ақ аншлаг болып тұрады. Халықтың театр өнеріне оның ішінде опера мен балетке деген қызығушылығының артып келе жатқандығы қуантады. Мен әлеуметтік желілеріме күніне 4-5 фотографиядан салып тұрмасам да оқырмандарымды өзімнің өмірімде орын алған жақсы сәттермен бөлісіп отырамын. Айтпақшы менің ең алғашқы селфиім қарындастарыммен болған :)

Жасын Қанбаев, тележүргізуші:

- Мен өзім негізінен барлық қайырымдылық шараларын қолдаймын. «Селфи күні» қайырымдылық акциясы өте креативті жоба. Мен инстаграмды өзімнің құрбы-құрдастарыма қарағанда ең соңғы ашқандардың бірімін ғой деймін. Менің оны ашуыма мен жүргізетін бағдарламалардың тұрақты көрермендері бағдарлама сыртында болып жатқан оқиғаларды түсіріңізші, өзіңіздің жеке өміріңізден де суреттер сала отырыңызшы деген ұсыныстары себеп болды. Менің байқауымша адамдар инстаграмға орта шамамен күніне 2-3 сурет жариялайды екен. Ал мен аптасына бір рет салып тұрамын. Менің ондағы мақсатым лайк немесе пікір жинау емес, өзім жүргізетін «AinaOnline», «СвиДетили», «AinaСөздік» және басқа да шыққалы жатқан жаңа жобаларымнан жаңалықтар салу.

                                                              АНЫҚТАМАЛЫҚ

Шара күні: 17-18 сәуір 

Уақыты: 14:00-18:00

Шараны өткізу күні: Астана қ., «Дипломат» қонақ үйі, «Sky bar» мейрамханасы, 21-қабат.

Анықтама телефондары: 8 701 736 13 19

 

P.S. Билет құны 2000 теңге, студенттерге 1000 теңге, ал оқушыларға 500 теңге.

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ
9 апреля 2017
GONZO
просмотров: 26418
Құм суырып, дауыл соғып тұратын ауылда өскендіктен болар суда жүзе алмайтыным рас. Түп тамырым боз даладан шығып, сулы да нулы аймақтан бірақ шықты соңында.
Серикбай Ербол: «Будущее за казахскоязычным контентом»
1 сентября 2015
Daniyar Asylbek
просмотров: 6723, комментариев: 4
Интервью с основателем и руководителем проекта SZH.kz