misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 530 гостей

«Папкасы түгел мұғалім – білімді мұғалім» деген кекесін тіркес тұрақталғаны қашан!

с нами с 30 сентября 2014

«Мұғалімнің 45 минутта терең білім беруіне не кедергі?» дегенде неге екені белгісіз, ең алдымен міндетті түрде «қағазбастылық» есімізге түседі. Осы жайында 10 жылға жуық ұстаздық тәжірибесі бар, алматылық  Айзат Рақай есімді мұғаліммен сұхбаттасқан болатынбыз. Мән-жайды Парламенттегі депуттардың аузынан емес, қарапайым мектептің ұстазынан естиік. 

 –  Мұғалімнің басты міндеті – сапалы білім мен терең  тәрбие беру. Аталған міндет 45 минут аясында іске асырылуы тиіс. Бұл міндеттің ақсауына  кедергілер бар ма?

–  Кедергі тым көп. 45 минут ішінде мұғалім бар зейінімен білім мен тәрбие көрсетуі керек еді.  Бірақ соңғы жылдары мұғалім өзінің қасиетті міндеті мен болашақ алдындағы парызын «жүдетіп» жүр. Себептің бірі – қағазбастылық. Шектен шыққан қағаздың құрсауында қалған ұстаз 45 минутының денін сол шимайы көп, берері жоқ қағазға арнауға мәжбүр. Ала көңіл тәлімгер қағазын жұптаймын деп жүріп, ең қымбатыоқушысын тасада қалдыруда және амалсыз көндігуде.

–  Қағаз көп деп отырсыз. Оны тексеріп келетін комиссия жайы өз алдына бір төбе мәселе. Соны да шетінен болса да айта кетсеңіз. Қандай құжаттар комиссия  тарапынан үнемі тексеріледі?

–  Кез келген комиссияны белгілі бір құжатты ғана тексеруге жібереді. Алайда біздегі «шаш ал десе, бас алатын» кейбір тексерушілер өздеріне берілген құзырлықты асыра пайдаланып, қажетінен тыс құжаттарды «сығалауға», сөйтіп мұғалімнің жүйкесі мен қалтасын жұқалауға тым-ақ шебер. Сондағы көп болып сүлікше қадалатын құжаттары –сынып журналы, тәрбие жоспарлары, оқушының жеке іс-парағы.

–  Жиі тексерілетін құжаттардың толтырылуында бірізділік бар ма?

Бұл сұрағыңыз қазіргі мұғалім үшін орындалмас арманға айналып отыр. Құжаттар бірізділігі жоққа тән. Бір мектеп факультатив журналын араб санымен толтырса, енді бір мектеп рим цифрларымен толтырады екен. Құжаттардың ретсіздігі мен жүйесіздігі  –  тексеруге келер комиссияға «таптырмас олжаның тетігі». Білім және ғылым министрлігі ұдайы тексерілетін құжаттардың толтырылуының белгіленген үлгісін бекітсе екен және бір томпақ мәселе – сол құжаттар бағзы бір мектептерде мұғалімге тегін беріледі, ал кейбір білім ордаларында дәл сол құжаттарды ұстазға сатып береді. Мәселен, бір ғана сынып журналы  Алматының бір мектебінде 400 теңгеден саудаға түскен. Тәрбие жоспарының құны тіптен қымбат 750 теңге.  Бұлайша мұғалімнің қалтасын теспей сору фактілерін жіпке тізіп, жоғары орындарға ұсынсаңыз деген тілегім бар.

- Ал мұғалім уақытын көп жеп қоятын құжаттар саны мен атауы қандай?

-«Папкасы түгел мұғалім – білімді мұғалім» деген кекесін тіркес тұрақталғаны қашан! «Білімді»  безбендейтін құжаттарымыз: сынып журналы, тәрбие жоспары, мұғалім портфолиосы, оқушы портфолиосы, оқушының жеке іс-парағы, мұғалімнің жеке іс-парағы, дарынды оқушымен жұмыс папкасы, нашар оқушымен жұмыс папкасы, әр оқушыға диагностикалық карта, оқушының әлеуметтік жағдайын анықтау картасы мен оны айғақтайтын анықтамалар папкасы, ҰБТ-ға дайындық папкасы, факультатив журналдары,  оқушылардың сабаққа келуін тексеру журналы,  әйтеуір таусылмас қағаз түрі көп. Және бір адам таңқаларлық нәрсе қағаздың түрі жыл өткен сайын азаюдың орнына көбейіп барады.

Сонымен, сапалы білім беруіне мұғалім үшін қағаз кеміруі кедергі деп толық айта аласыз ба?

Иә, өкінішке қарай солай. Бүгінгінің ұстазы қағаз кемірген, комиссияның теперішінен аман өтсем-ау деп телмірген қадірсіз біреуге айналған. Тіпті қайсыбір мектепте тышқан шыға қалған жағдайда, сол мұғалім мен мектеп басшысының «абырой болғанда, бұл тышқан комиссияның көзінше шықпады» деп сол  тышқанның «орынды пайда болуына» сүйсінген кездері де болған. Бұл қазіргі білім жүйесінің тек тексеру үшін ғана жұмыс істеп тұрғанын, жалаң жаттанды көрсеткіштерге, көзбояма көпірме көп қағазға, жалған атаққа толы, жеміс бермес құр ағашқа айналғанын дәлелдейді. Ескі білім беру жүйесі, яғни қазіргі қолданыстағы жүйе әбден тозығы жетіп тұр. Тек оны мойындап жатқан жоғары басшылық жоқ. Дабыл қағып жүрген жаңашыл ғалымдар да көрінбейді. Бәрі «аш құлақтан тыныш құлақ» деп тек жүргеніне  тоқмейілсіген жандар.

–  Қағаз көп дейсіз. Ал қосымша табыс үшін басшысының не әріптесінің қағазын жазатын мұғалімдер кездесе ме?

–  Кездеседі. Біріншіден: қағазға пысықай мұғалімді завуч (оқу немесе тәрбие ісінің меңгерушісі) өзінің оң қолы етіп, бар жазуын жаздырады. Қайтарымы ретінде оған «крыша» болады. Екінші жағдайда мұғалім кез келген бір әріптесінің журналын не басқа қағазын қосымша табыс болсын деген ниетпен өзара келісіп, ақысын төлесе, жазады. Біреудің қағазын түгендеймін деп жүрген, аз ақшаға малданып, қағазға тым көміліп қалған әлгі мұғалім сосын уақытының қай мөлшерін сабағына арнайтыны өз-өзінен түсінікті.

–  Қосымша табыс дегеннен туындайды, мектептерде сауда-саттық белгілері байқала ма?

–  Белгілері емес, кәдімгі көріністері андыздап жүр. Тіпті білім ордаларына көлденең көк атты келіп, өз тауарын ұсынып, сатып кете алады. Оған тыйым салып жатқан тірі пенде жоқ. Сосын мектептің ішкі саудасы деген бар. Онда ебін тапқан пысық мұғалімдер мен басшылар  бәрін-бәрін саудалайды. Бағасы қымбат болса, бөліп беруге де келісіп, мұғалімдерді «жарылқайды».  Кей мектептерде басшының «AVON»,      «ORIFLAME» сияқты компанияларға өзі кіріп, соңынан өзге бағыныштыларын кіргізіп немесе кіруге, тауарын алуға мәжбүрлейтін оқиғалары да баршылық. Осы жағдайдан соң мұғалім мәдениеті, жалпы мектептің мәртебесі деген ұғымдарды солға қарай жиып қоялық.

–  Мектеп маңайындағы сауда орындары туралы не айтасыз?

Мектептің жанында ұсақ дүңгіршектер көп-ақ. Тек солардың не сататынын тексеріп жатқан құзырлы органдар  көрінбейді. Сырттан сусын алып ішіп, уланып, кейіннен «мектеп асханасынан уланды» деген дерекпен жабыла салатын жағдайлар қаншама. Мектеп маңайындағы сауда орындарының не сататынын, тауарының бала өмірі мен денсаулығына қаншалықты ықпалы барын бағамдайтын уақыт жетті-ау. Әй, бірақ оны қолға алар кім бар дейсіз?

–  Сапалы білім мен ұлтжандылық, адамгершілік тәрбие беруге мұғалімге тағы не кедергі деп айтар едіңіз?

Жоғарыда айтқанымдай, қағазбастылық. Шектен шыққан қағаз қазақстандық білім жүйесін дауыл тықсырған желкенсіз кемедей белгісіз бағдарға бұлдыратып әкетіп барады. Қайткенде қағазға сүйеніп, қағаз деп қақсауды қою, тыю керек деп ойлаймын. Екіншіден, сапалы білім берілу үшін мұғалім бар уақытын, кәсіби өмірін тек оқушыларына арнауы керек еді. Ал бұл жайт қазір керісінше, мұғалім уақытының басым бөлігін тексеруге алаңдап, басшылыққа жалтақтап өткізеді де, ала көңілмен жүріп жақсы сапаға жете алмай келеді немесе жалған мәлімет беріп, жоғары көрсеткішке жеткендей болып жүр. Бұдан болашақты алдау көрініс беріп, келешек үшін көңілім жылайды.

–  Адамгершілік тәрбие деп қалдыңыз, ең алдымен адам ретінде бүгінгі қоғамның қандай әділетсіздігіне тап болдыңыз?

–  Өткен жылдың 15 қарашасы күні мектептен шыққан сәтімде мені абайсызда көлік қағып кетті. Мен сол кезде адам бейнесіндегі хайуандарды көрдім. Ең алғаш ойыма ұстаз тәрбиесін көрген адамдар қайда деген сұрақ келді. Тіпті мені қаққаны емес, осы бір жағдай жанымды қатты жаралады.

   Күнде өтіп жүрген жерім ғой, сол жерде кәріз құдығы бар еді. Соның тарс еткен дауысын естідім. Сигналды берген кезде, сасқалақтап тұрып қалдым. Көлік оң аяғымнан келіп қақты.  Сол мезетте  жеп-жеңіл ұшып бара жатқанымды білемін.  «Өлген деген осы екен ғой!» –   деп ойладым. Сенесіз бе,  дәрігердің жәрдемімен емес,  суықтан ояндым.  Тонып жатыр екенмін. Басыма жұмсақ бір нәрсе салып қойыпты. Біреулер «қозғалтпаңдар, әйтпесе өліп қалады» деп білгішсінеді. Тұрғым келген еді, алайда сол кезде аяғымның сынғанын білдім. Шытыр-шытыр етіп ұсақ сүйектер қозғалады.  Айналамда он-он бес адам жүр. Біреуі жедел жәрдем шақырмайды. Қаққан менмін деген адам  «Сен өзің жүре аласың, саған жедел жәрдемнің керегі жоқ», –   деді. Қолым ұйиды, есім кіресілі-шығасылы. Жедел жәрдем емес, анаңды шақырайық дейді. Келіспеске амал жоқ,  анамның нөмірін бердім. Тым құрымағанда жалғыз өлмейін дедім. Ақыры шақырды ғой. Жедел жәрдемдегілер көрген кезде «Неге ұзақ жатқан?» –   деп шошып кетті. Басымның желке жағы, бетім түгелі қан, қатып қалған. Сол кезде медбике менің қалалық тіркеуімнің қайда екенін сұрады. Мұндай жағдайда науқасқа «суық сауал» емес, жылы сөз айтылмай ма?  Айналамдағы адамдардың біреуі мені ұялы телефондағы бейнекамераға түсіріп тұрды. Адамды күйдіріп жібергені – әлгі  адам «Сотыңда керек болады» деп 5000 теңгеге саудалады ғой. Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғының кебі анық келді.  Қаққан адам сағатына 60 км/сағ жылдамдығымен келдім дейді. 60-пен келсе, сол жердегі газ құбырларын қиратып кетпейді ғой.   Жедел жәрдем «орташа жарақат» деп бағалады. Жүргізуші маған «телефон шұқып келе жатты» деп бәле, «ватсаппен сөйлесіп келе жатты» деп жала жапты. Менің телефонымда «ватсап» құрылғысы орнатылмаған еді. Қолымдағы телефоныма қарап, уақытты біліп тұрғаным рас. Қолымда ноутбуктың күл-талқаны шыққан.  Есімді жиғанымда телефоным  жоқ болып шықты. Жан-жақты қараған, алайда табылмаған. Номірім де өшірулі. Мейлі амалсыздан телефонды ұрлап алған жоқ дейік. Алайда, адами бейне неге сүреңсіз күйде? Кімдердің кінәсінен қоғамда адам кейпіндегі жыртқыштар көбейіп кетті? Бұларды мектепте кімдер оқытты? Қалай тәрбиеледі?  Ата-анасы кім бұл жадардың?

– Өз мамандығыңызға деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

Әрине, бұл оқиғаның менің көзқарасымды өзгерткені рас. Түбегейлі демейін, себебі ұстаздың асыл мақсат-міндетін бұрыннан білемін. Сол үшін де ұстаз болдым.   Бұл оқиға ұстаздық жауапкершілігімді арттырды. Ең алдымен опалы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Білімділігі өз алдына, кез келген жағдайда адамға қол ұшын беретін, жан дүниесі бай қайырымды жандарды тәрбиелеп шығуымыз маңызды. Әрине, ол бұрыннан бар. Алайда, сенің бүгінгі «жетістігің» – ертең керексіз қалатын  «қора-қора» папкаларың.   Құр қағаз толтырудан, «жетістігін» тек қағаз күйінде көрсетудің  қоғамға әкелер пайдасы жоқ екенін түсінетін де, түсіндіретін де жан жоқ.

-Сұхбаттасқаныңызға рақмет! Келешек үшін жауапты сіздей ұстаздар көп болсын!

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3284
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12901, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"