misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 183 гостя

Орда ауданы Сталинград майданының ең жақын тылы

с нами с 8 сентября 2014

Ұлы Отан соғының отты тілі Қазақстанның батыс аймағына тигені бәріне мәлім. Соның ішінде Орда, Жәнібек аудандары сонау Сталинград шайқасы кезінде Сталинград майданының ең жақын тылы болып келді. Жау ұшақтары Шоңай, Сайқын, Жәнібек бекеттеріне бес жүзден астам бомба тастаған. Сол бомбылау кезінде қанша адам қырылып, қаншама жеке және бауырластар зираты болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Бұл мақаламыз белгілі жеке және бауырластар зираты туралы БҚО Бөкей Ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің қарасты Сайқын, Шоңай, Молодость (Салықбай казармасы) ауылдарындағы (Еділ темір жолына қарасты бекеттер) Отан соғысынан қалған зираттар туралы.

Молодость  (Салықбай казармасы) атауы төнірегінде белгілі Мұхамед-Салық Бабажановтың тұрған Торғай елді мекені орналасқаннан қалған шығар. Сол жердегі бауырластар зираты темір жол бойындағы теректер арасында орналасқан, бірер шақырымыда Ресей шекарасы орналасқан. Ешкандай жазу сақталмаған.

Шоңай елді мекенінде сол сұрапыл жылдардан қалған белгілі үш зират бар. Олардың бірі Шоңай бастауыш мектебі қасында орналасқан, жергілікті халық айтуы бойынша 17 адамның мүрдесі жерленген. Тақтасында: «Здесь похоронены воины погибшие во время Великой Отечественной Войны в 1942-1943 гг». Екіншісі темір жол бойындағы көлік өткелі /переезд/ қасында орналасқан. Басында: «Здесь покоится прах солдата Родины своей. Передера И.Г. бригадир путей Рязано-Уральской железной дороги. Погиб 09.1942 г» деп жазылған. Үшіншісі ауылдың  шығыс бетіндегі қауымда орналасқан. Осы төрт зиратта көп жылдан теміржолшылар қарамағында.

Ал, Сайқын ауылында спорт мектебі ауласында 196 Қызыл Тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының бауырластар зираты орналасқан. Енді сол дивизияның тарихына тоқталсақ.

196 атқыштар дивизиясы Отан соғысы басталған кезеңде Украина елінің Днепропетровск қаласының маңында тұрған. Фашист әскерлерімен шайқасқа түсіп  жауынгерлер қатары сиреп қалып, кейін Оңтүстік-Орал әскери округінің Чкалов /Оренбург/ облысының Соль-Илецк ауданында жоғарғы қолбасшының 01.01.1942 ж бұйрығына сай қайтадан жасақталды. Сонда 1941 ж 20 желтоқсанынан  1942 ж 24 сәуіріне дейін болған.  Бастапқыда 424 атқыштар дивизиясы болып жасақталған дивизия, кейін 196 атқыштар дивизиясына ауыстырылды. Құрамына Қазақстанның Оңтүстік (Пахта-Арал), Ақтөбе, Атырау, Манғыстау облыстарынан және Батыс Қазастан облысының Каменка, Чапаев, Қаратөбе аудандарынан жауынгерлер алынды. Жалпы құрамының 60 % қазақтар болған.

Құрамында: 863, 884 и 893 атқыштар полкі, 725 артиллериялық полк, 228 дербес истребительно-противотанковый дивизион, 262 барлау ротасы, 353 сапер батальоны, 455 дербес байланыс батальоны (572 дербес байланыс батальоны, 453 дербес байланыс ротасы), 99 медико-санитар батальоны, 506 дербес химқорғаныс ротасы, 239 автокөлік ротасы, 423 далалық наубайхана, 888 ветеринарлық дивизия лазареті, 1678 далалық пошта бекеті, 1251 (1079) Мемлекеттік банктін далалық кассасы болған.

Қайта құрылған дивизия, құрамында 2500 солдат пен офицерлер бар, 1942 жылы шілде айынан бастап Сталинград шайқасына қатынасты. 1942 ж 26 сәуірінен  1942 ж 9 маусымына дейін дивизия Сталинград қаласының  Садовая және Прудбой бекеттерінде, ал  1942 ж 9 маусымынан  1942 ж 8 шілдесіне дейін  7-ші резерв армиясынын құрамында,  1942 ж 9 шілдесінен   1942 ж 27 қыркүйегіне дейін 62-ші Армия құрамында болған. Кейін  1942 ж 28 қыркүйегінде ұрыстан шығарылып қайта жасақталуға жіберілді. Құрамында 400-дей солдат пен офицерлер қалған дивизия, 1942 жылдың 1 қазан күні Сайқын бекетіне 2 шақырымдай жетпей ауылдың оңтүстік жағында тоғыз Ю-88 жау ұшақтарының шабуылына тап болды. Бомбылағанның нәтижесінде вагондар құлап, өртеніп медицина қызметінің полковнигі, сол уақытта фельдшер жараланғандарды эвакуация жасау бөлімінің бастығы  Николай Валерьянович Жданович жазғандай (23.02.1983 ж хатында) бұл оқиғада 97 адам қаза болып,  112 жараланған. Бомбының біреуі екі вагон арасында жарылған, бір вагонда дивизия басшылығы болса, екіншісінде дивизияның жеке құрамы болған. Бомба жарылысынан эшелон бастығы полковник Тищенко, дивизияның штаб бастығы полковник Иван Владимирович Ковригин, ал ол кісінің жолдасы  - военврач II рангты әскери дәрігер ауыр жарақат алды (бомба сынығы екі аяғын жұлып кеткен), дивизия комиссар Иван Семенович Желамский алған жарақаттардан капитан М.С. Лавров қолында қайтыс болған. Дивизия командирі  полковник Василий Поликарпович Иванов вагоннан лақтырылып, контузия алған. Сол жерде көмек көрсеткендер арасында әскери фельдшер В.Н. Ждановичті және медбике Тамара Ивановна Мишинаны атап өтуге болады. Жараланғандарды Жәнібектегі №1584 және Эльтондағы №415 бекеттеріндегі госпитальдарға жіберген. Жәнібектегі №1584 госпиталіне 66 жараланған түскен. Олардың ішінде: подполковник Андрей Терентьевич Иваницкий, аға батальон комиссары Соломон Вольфович Фрейдц, аға лейтенант Борис Петрович Лукашев, лейтенанттар Александр Федорович Багров, Яков Игнатьевич Витенко, Николой Иванович Серебряков, саяси жетекші Василий Тимофеевич Соловьев, дивизия прокуроры Василий Андреевич Чуев,  99 дербес отдельного  медикосанитар батальонының медбикесі Зинаида Антоновна Рыбак. Көбі ауыр жағдайда түскен, кейбіреулері қайтыс болған. Олар: медбике Ольга Федосеевна Печкарева, 572 дербес байланыс батальонының аға лейтенанты Алексей Павлович Анненков, кіші әскеритехник Степан Антонович Краморенко, кіші сержант Пётр Максимович Гнездилов, қатардағы жауынгер Василий Филиппович Можар, Николай Федорович Пряхин. Жаралылардың екінші бөлігі Эльтон бекетіне жөнелтілген.

Бұл туралы өз хатында дивизияның ардагері, 4 бөлімнің 1 ранг техник-инденданты, Киев қаласының тұрғыны Сухенко Иван Павлович /2002 жылы қайтыс болды/ 1981 жылы 16 мамырында жазған. Кейін осындай хаттар Мәскеу қаласында тұратын дивизия командирі Иванов Василий Поликарпович, Куропатков Евгений Петровичтан т.б. ардагерлерден 80-нен астам хат келіп түсті. Бауырластар зиратын іздестіру барысында  Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің «Қызыл ізшілер» тобына Сайқынның байырғы тұрғыны, сол қайғылы оқиға куәгері Полякова Наталья Александровна көмектесті. 1984 жылы тамыз айында табылған бауырластар зиратын, 2 қазан күні Халық депутаттарының Орда аудандық Советі атқару комитетінің №288 01.10.1984 жылғы қарарына сәйкес мәдениет үйінің  /қазір спорт мектебі/ саябағына қайта жерледі.  1987 жылы Орда аудандық коммуналдық шаруашылық комбинаты қаржысына Ресейдің Волгоград қаласының арнайы ғылыми-реставрациялық өндірістік шеберханасында жасалған обелиск 9 мамырда салтанатты түрде ашылды. Қара мәрмәр таспен қапталған ескерткіш екі стелладан тұрады, ортасында «Отан соғысы» ордені бар. Кейін 2009 ж Бөкей Ордасы ауданының әкімі Р.О.Карин болғанда ескерткішке құрделі жөндеу өткізіп, қазіргі қалыпқа келтірілді. Осы дивизияның қайғылы оқиғасы туралы М.Жәкібаевтың «Жеңіс тарихы» атты деректі фильмінің «Сайхин. Сокращения штатов» атты  сериясында бейнеленген, ал 2008 жылдың тамыз айында М.Мәметова атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Ш.Құрымбаев Мәскеу қаласында тұратын дивизия ардагері, 62 Армия ардагерлер кенесінің төрағасы Куропатков Е.П. үйінде болып, дивизия туралы «От батальона до армии» атты кітабын алып келді. Сайқын ауылындағы М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін орта мектебінін әскери-даңқ мұражайында дивизияға арналған көрме бұрышы бар.

Қаза болғандардың тек-қана отыздан астамның тегі анықталды. Олар:

  1. Желамский Иван Семенович – аға батальон комиссары.
  2. Коврыгин Иван Владимирович – полковник, штаб бастығы.
  3. Цветков Михаил Иванович – лейтенант, 725 артиллериялық полктің взвод командирі.
  4.  Малов Петр Александрович – саяси жетекші, капитан,
  5. Филоненко Митрофан Андреевич – қатардағы жауынгер. 
  6. Тищенко Павел Трофимович – подполковник, артиллерия басшысы
  7. Перепелица Федор Иванович – 1906 ж Орынбор облысы Адамов ауданы Айдаралы ауылында туған. Ардагерлер хаттарында Сайқын маныңда қаза болған деп жазады.
  8. Голованов Василий Сергеевич – аға сержант, 725 артиллериялық полктің, зеңбірек командирі.
  9. Достоев –  355 дербес сапер батальонының қатардағы жауынгері.
  10.  Игомов Артан – 355 дербес сапер батальонының қатардағы жауынгері.
  11.  Азоров Виктор Николаевич – кіші сержант, бөлімше командирі, дербес сапер батальоны.
  12.  Николаев Николай Николаевич - сержант, 355 дербес сапер батальонының аға хатшысы.
  13.  Куванцев Александр Васильевич – кіші лейтенант, 355 дербес сапер батальонының взвод командирі.
  14. Савельев Михаил Павлович – кіші лейтенант, 355 дербес сапер батальонының взвод командирі.
  15. Ишимов Алексей Николаевич – кіші лейтенант, 355 дербес сапер батальонының взвод командирі.
  16.  Колесниченко Иван Григорьевич – аға сержант, 355 дербес байланыс батальонының бөлімше командирі.
  17. Ермоленко Григорий Евтахеевич – қатардағы жауынгер, 239 автокөлік ротасының жүргізушісі.
  18.  Бездуднев Иван Федотович – кіші сержант, 239 автокөлік ротасының бөлімше командирі.
  19.  Толкачев Пантелей Павлович – қатардағы жауынгер, 572 дербес байланыс батальонының радисті.
  20. Шаулов Виктор Михайлович – аға лейтенант, аға адъютант, 572 дербес байланыс батальоны.
  21. Быватов Иван Петрович - капитан.
  22. Дреев Петр Гетогозович -  аға лейтенант, 725 артиллериялық полктің штаб бастығының көмекшісі.
  23.  Молодыко Федор Григорьевич – саяси жетекші, 725 артиллериялық полктің дивизия комиссары.
  24. Дидин Степан Федорович – сержант, 725 артиллериялық полктің аға минометчигі.
  25.  Гришанов Алексей Денисович –  аға сержант, 725 артиллериялық полктің артиллерия шебері.
  26. Дьяков Иван Иванович – қатардағы жауынгер, 725 артиллериялық полктің тракторшысы.
  27.   Матвиенко Сергей Пантилеймонович – қатардағы жауынгер, 725 артиллериялық полктің барлаушысы.
  28. Апарин Иван Тихонович – саяси жетекші, 196 атқыштар дивизиясының көлік ротасының әскери комиссары.
  29.  Такеев Жаменке – қатардағы жауынгер, атқосшы.
  30.  Шауленов Елеумыс – қатардағы жауынгер, наубайханашы.
  31. Толкачев Федор Мех...
  32. Куцов Михаил Иванович
  33. Гущенко Иван Петрович
  34.  Счетов Василий Михайлович
  35.  Василенко Федор Петрович
  36. Сапожницкий Соломон Абрамович
  37. Карев Алексей Степанович 
  38. Дреев Петр Курманович
  39. Воронин Валерий Никитич
  40. Баскаков Александр Михайлович
  41. Прошкин Фирс Андреевич
  42. Умиров Унайбай
  43. Зяблитский Андрей Михайлович

     Қалғандары белгісіз. /Мәлімет Ресей федерациясының Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағаты және http://www.obd-memorial.ru сайтынан алынды/

Ал толық тізімнің болмауы Сталинград шайқасы кезінде қоршауға түсіп құжаттар жойылған, бірақ та кейін қоршаудан аман-есен шыққан. Дивизия құрамындағы қазақтардың аты-жөні ардагерлердің есінде қалмапты, сондықтанда осы тізімде қазақтар көп болуы мүмкін.

Енді дивизияның әскери жорығына келсек:

- 1942 ж маусымынан –  1942 ж қыркүйегіне дейін Сталинград шайқасына қатынасқан және осы шайқастағы ерлік үшін дивизия «Қызыл Ту» орденімен марапатталған

- 1943 ж қаңтарынан – 1943 ж шілде айына дейін Ленинград қаласын қорғауға қатынасқан

- 1943 ж тамыз айында Синяв биіктегіндегі шайқастарға қатынасқан

- декабрь 1943 ж желтоқсанынан – март 1944 ж наурызына дейін Ораниенбаум плацдармындағы шайқастарға қатынасқан, Гатчина қаласын азат етіп  “Гатчинская” атағына иеленген.

- 1944 ж наурызынан – 1944 ж сәуіріне дейін Псков бағытындағы шайқастарға қатынасқан.

- 1944 ж мамырынан – 1944 ж  17 маусымына дейін фронт резервінде әскери оқу-жаттығуда болған;

- 1944 ж 26 шілдесінде дивизия Прибалтикаға бағыт алады және оны 1-ші Ударный Армиияның 12 Гвардиялық атқыштар корпусының құрамына қосады.

- 1944 ж қыркүйегінен  1944 ж 13 қазанына дейін Рига қаласын азат етуге және осы бағытта шайқастарға қатынасқан.

- 1944 ж қазанынан – 1945 ж мамыр айына дейін Рига заливы аймағы, Тукумс қаласы үшін шайқастарға және фашист Германиясының Курлянд тобын талқандауға қатынасқан.

196 атқыштар дивизиясының әскери жорығы кезінде басшылық еткендер:

1. Комбриг Аверин Дмитрий Васильевич (1941 ж желтоқсанынан  1942 ж 7 тамызына дейін, қаза болған).

2. Полковник Иванов Василий Поликарпович (1942 ж 17 тамызынан 1942 ж желтоқсанына дейін).

3. Генерал-майор Ратов Пётр Филиппович (1942 ж желтоқсанынан 1944 ж  31 тамызға дейін).

4. Полковник Паршуков Николай Васильевич (1944 ж  31 тамызынан таратылғанға дейін).

Ия,  міне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл. Осы мерекені атап өтуде аудан жұртшылығы да ат салысуда. Бүкіл ескерткіштер, бауырластар зираты жөнделіп, қалпына келтіруде. Осы игі істер болашақ жастарға туған еліне деген сүйіспеншлігін арттырып, ұрпақтар сабақтастығына жалғасады деген нық сенімдеміз.

ӘБЖАЙ АТА
18 апреля 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 5401
Неге екені белгісіз, Әбжай ата соғыс туралы әңгіме айтпауға тырысатын. 9 мамыр жеңіс күндері орден мен медальдарға толы кителін көрші соғыс ардагері ақсақалға кигізіп, «Сен барып әңгіме айтып кел балаларға» деп, мектепке сол кісіні жіберуші еді.
Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға
17 апреля 2017
Muxit Bayazitov
просмотров: 5802
Өшпес өмір, таусылмас мал берейік, Бір білімді данышпан жан табайық,- деп ортаға ой тастай келіп: