misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 83 гостя

Мәңгілік ел және документалистика

с нами с 2 мая 2013

Қайырлы күн, құрметті әріптестерім, конференция қонақтары!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әсіресе соңғы Жолдауларында ұлттық мәселелерді кеңінен әрі жан-жақты көтеріп жүр. Биылғы Жолдауында ұсынған "Мәңгілік ел" концепциясы Президенттің жақында ғана Ұлытау төрінде берген сұхбатында да жалғасын тапты. Менің ойымша, Мәңгілік ел - бұл жай ғана абстрактілі концепция емес, прагматикалық тұрғыдан қарасақ та, жүзеге әбден асыруға болатын идея. Стратегиялық деңгейде Мәңгілік ел идеясы болса, тактикалық деңгейде оған апаратын өзге де жолдар, соның ішінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру және ата-бабамыздың жолын ұстану сияқты бағыттарды өміршең деп атауға болады. "Ата-бабамыздың жолымен жүру керек, ол жол - сара жол, ол жол - Мәңгілік елдің жолы", - деді Елбасы Ұлытаудағы сұхбатында.

Ал енді ағаларымыз бастап, біз қостайтын осындай тың идеялар жастар арасында қалай насихатталып жүр? Жуырда ғана Алматыда Досым Сатпаев, Расул Жұмалы, Толғанай Үмбеталиева және т.б. еліміздің бір топ саясаттанушылары жастар мәселесін зерттеп, оны "Коктейль Молотова. Анатомия казахстанской молодежи" кітабында баяндап, оқырмандарға ұсынды. Осы еңбекте қазіргі жастардың ресоциализация мен деидеологизацияға ұшырап жатқаны тайға таңба басқандай анық айтылады. Деидеологизацияда жүрген жастарымыздың санасына сыртқы күштер ықпал жасамай қоймайды, ал әрбір осындай ықпал қоғамымыздың дамуына пайдасын тигізіп, ұлттық қауіпсіздігімізге сын болмайды деп айта алмаймыз. Бір жағынан лебі солтүстік көршіміз тарапынан есетін кеңестік империяны қайта жандандыруды аңсайтын күштер болса, екіншілері жастар арасында либералды сананың болмысымыға жат формаларын насихаттап, ал үшіншілері діннің салт-дәстүрімізге келмейтін ағымдарын ұран етіп жүр. Жастармен тиімді жұмыс атқарып жатырмыз деп те мақтанып айта алмаймыз.

Қазіргі кезде мен Gonzo.kz сайтының бас редакторы қызметін атқарып жүрмін. Сайтымыздың аудиториясы негізінен жастардан тұрады. Біз әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде жастар үшін өзекті білім саласына қатысты тақырыптарды, содан кейін ұлттық тарихымыз, этнографиялық бағыттағы мәселелерді көтеріп отырамыз. Бірақ, расын айтқанда, өзектілігіне қарамастан, бұл мақалалар біз қалағандай өте көп оқыла бермейді. Бұның бір себебі - жастардың мәтін күйінде берілген материалдарды аса көп қарай бермеуі. Жас оқырманның идеялық жазбаларға назарын аударту үшін не істеуіміз қажет? Жаңа форматтарды меңгеріп, мәселені жастарды қызықтыратындай күйінде ұсыну керек. Мәтін формасынан гөрі бейнеформатта ұсынылған материалдар жақсы қабылданатынын айта кетуіміз керек. Естеріңізде болса, былтыр он бейнероликтен тұратын "Открывая Казахстан" тележобасы көрерменге жол тартқан болатын. Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын баяндайтын жобаның әрбір санының ұзақтығы екі минуттан аспайтын, есесіне жаңашыл бейнеграфикамен, арнайы визуалды эффектілермен, қызықты фактілерді көрсетумен ерекшеленді. Ғаламтор кеңістігінде осы жоба жастар арасында үлкен қолдауға ие болды.

Сөзімнің басында ата-бабамыз жайлы әңгіме болды. Өткенде "Алматы" телеарнасында "Кіші хандар" атты документалды кинолар циклы көрсетіледі деген ақпаратқа көзім түсіп қалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Хабар" арнасында да хандарымызға арналған бес минуттық роликтер шыққан, бірақ аса байқалмай өтті. Бұл өте қажетті жоба екені сөзсіз, себебі мектеп не университет жасындағы жастарымыз ары барса бір-екі ханымыздың есімін еске түсіріп, олардың билік құруы немен ерекшеленгенін айтып берсе, соған шүкір дейтін заманда өмір сүріп жатырмыз. Абылай мен Әбілқайыр хандарымызды бірі білсе, бірі білмейді, ал Мамаш, Бұйдаш, Тоғым хандарды естеріне түсіре қоюйы екіталай.

Кино идеологиялық насихаттауда маңыздылығын әлі күнге дейін жоғалтпаған құрал. Әсіресе заманауи түсіріле білсе, документалистиканың мәні зор. Бірақ, шынын айтайық, осы жанрда біз Ресейдің өзінен кемінде он жылға қалып келеміз. "Кіші хандар" циклы биыл ғана көрсетілетін болса, Ресейде орыс патшаларына арналған журналист Леонид Парфеновтың толыққанды "Российская империя" жобасы 2003 жылы шықты. І Петрдан бастап ІІ Николайға дейін барлық императорлары қамтылып, әрбір санында әрбір патшаның билік құрған дәуірінің ерекшеліктері, ішкі және сыртқы саясаты, экономикалық және мәдени дамуы, көршілерімен қарым-қатынасы жайлы айтылды. "Хабардың" хандарымыз туралы бейнероликтерін интернеттен табу қиынға соқса, Парфеновтың туындысын жастар кіретін көптеген сайттарда кездестіруге болады.

Одан кейін Парфенов орыстың басқа да тұлғалары жайында жастар қызығатындай етіп бірқатар документалды кино түсірді. Осында конференция жұмысын түсіруге телеарна тілшілері келіп отыр, бұл ақпарат сіздерге де қызық болар. Парфенов қазіргі телевизияның негізін салған орыс өнертапқышы Владимир Зворыкин жайлы кино түсірді. Зворыкин 1917 жылы билікке большевиктер келгенде АҚШ-қа қашып, сол жерде аты шығып, телевизия саласында ірі бизнес жасай білген. Парфенов киносында революциядан кейінгі эмиграциядағы орыс интеллигенциясының өмірі ауыр әрі трагедияға толы болғанына көрерменнің назарын қайта-қайта аудара береді. Большевиктердің билікке келуінің кесірі біздің зиялыларымызға да тиген жоқ па? Зворыкин тоқсаннан асып, өз үйінде жылы төсекте қайтыс болса, біздің біртуар ардақтыларымыз күші нағыз кемелденген кезде репрессияның құрбанына айналып, атылып кетті ғой. Солар туралы жастарымызды қызықтыратындай түсірілген заманауи документалистиканы жеке басым көріп жүрген жоқпын. Шығып жатса, біріншіден, форматы мен технологиялық тұрғыда ескірген, ал екіншіден, оларды интернеттен таппайсың. Барларының сапасы нашар, адам көргісіз. Әуесқой авторлардың өздігінше түсіріп жүрген видеолардың сапасы әлдеқайда жоғары. Сонда оларды кім үшін түсіреді? Қазіргі күйінде бұндай документалистика жастарымызға қызық емес. Мен сіздерге айтайын, егер жастарымыздың көңілінен шығып жатса, телеарналардың басы қатпаса да болады, себебі ұнатқан туындысын қазіргі заманғы құрылғылардың тілін білетін жастардың өздері-ақ "цифровать" етіп, ғаламторға жүктей салады. Ресейде, мәселен, осылай болып отыр: жастар ешбір міндеттеу-мәжбүрлеусіз өз еркімен ресейлік арналарда шыққан барлық документалистиканы жазып, ғаламторға салып жүр.

Парфеновтың тағы бір туындысы эмиграцияға кеткен орыстың тағы бір өнертапқышы Сергей Прокудин-Горскийға арналған. Бұл кісі он тоғызыншы ғасырдың соңында түрлі-түсті фото жасауды ойлап тапқан, ол түсірген суреттердің ішінде 1911 жылы Бетпақ далада көшіп жүрген қазақ отбасының суреті де бар. Осылайша Парфенов жастар арасында халқының қатты танымал емес тұлғаларын керісінше мәшһүр қылып жүр. Бұл жерде мен Парфеновты жарнамалағым келіп отырған жоқ, бірақ расымен оның түсіріп жүрген кинолары қазіргі кезде үлгі тұтарлықтай болып отыр.

Мен ғаламтордың маңыздылығын бекерге айтып отырған жоқпын. Ғаламторда отыратын аудиторияның басым көпшілігін жастар құрайды. Ұлыларымызды ұлықтап, тарихымызды насихаттағымыз келсе, осы жерде жұмыс істеуіміз қажет. Қазіргі кезде ғаламтор - жастар санасы үшін күрес жүріп отырған негізгі фронт екенін ұмытпауымыз тиіс.

Сөзімнің соңында аймақтық телеарналардың да осы жұмысқа қосар үлесі жайында айта кетейін. Жергілікті арналарда да көрнекті тұлғаларымыз бен тарихымызға арналған документалды кинолар жетерліктей шығар. Осындай қазақы контент болып жатса, оны міндетті түрде ғаламторға салып, ақпараттық кеңістігімізді байытуға ат салысқандарыңыз абзал.

Назарларыңызға рахмет!

(9 қазан күні Шымкентте "Мәңгілік ел - Ұлттық идеямыздың түп қазығы" тақырыбында өткен саясаттанушылардың республикалық конференциясында сөйлеген сөзімнен)

Иллюстрация: С. М. Прокудин-Горский. Кочующие киргизы, Голодная степь (1911)

3 eвpeйcкиx aнeкдoтa o тoм, кaк нaдo oтнocитьcя к дeньгaм
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 13995
Англичане говорят: "Если ты такой умный, покажи мне свои деньги". Скрытый сарказм подразумевает, что не всегда интеллект приносит материальные плоды. Можно быть человеком умным и образованным, но жить от зарплаты до зарплаты.   А у евреев своя мудрость:   Если уронишь золото и книгу, подними сперва книгу.   Почему? Потому, что деньги могут быть украдены, могут обесцениться или вложены в пирамиду или долгострой. А знания и опыт всегда с тобой, с их помощью ты всегда сможешь заработать еще.   Но заработать - это половина дела. Нужно еще уметь контролировать свои траты, сберегать деньги и преумножать их.   Чем русский подход к деньгам отличается от еврейского? Наши люди могут потратить все, до копейки, любят пускать пыль в глаза, хотели бы получать больше, но презирают тех, кто живет на нетрудовые доходы. Считается, что в нашей стране копить деньги - это утопия. Либо их "сожрет" инфляция, либо отберет государство.   Евреи же наслаждаются своими накоплениями. И чем их больше, тем сильнее, могущественнее личность.   Три стадии бедности у евреев:   1. Нет денег.   2. Совсем нет денег.   3. Придется менять доллары.   Наш народ во многом живет и надеется "на авось". Что попадется хорошая жена, что на работе заметят и станут платить больше. Евреи не признают иллюзии и стараются многое спрогнозировать и запланировать. Они не позволяют детям валять дурака и лениться, выбирают им достойные профессии и программируют на будущий успех.   У евреев, действительно, есть чему поучиться.   Они легко генерируют идеи, стараются придумать варианты, как заработать деньги. Людей с таким мышлением в России называют нелицеприятными словами, самое меньше из которых "спекулянт" и "барыга".     Наши люди любят говорить: "Как нам платят, так мы и работаем". В этой фразе - усталая смиренность. Но специалисту, который не горит своим делом, которым сложно управлять, потому что он обижен на жизнь, никто платить хорошо не будет.   Евреи умеют видеть преимущества даже там, где их быть не может:   Еврейский мальчик говорит своему деду: - Дедушка, у меня только что на улице отобрали все деньги! - Ничего, внучек. Они вернут в семь раз больше! - Почему? - Сейчас они это отметят. Затем затеют пьяную драку. Набьют друг другу морды, повыбивают зубы... Ну а потом придут их вставлять ко мне.   Жен стараются выбирать таких, чтобы их имущество не разбазарили. А женщины, в свою очередь, весьма требовательны к мужчинам. За непризнанного гения или свободного художника никто не пойдет замуж. Зачем по своей воле обрекать себя на нищету?   Еврейки говорят: "Мужчина без денег - это подруга". Вы никогда не услышите из их уст фразу про рай в шалаше. Рай - это Мальдивы и Бали, но не конструкция из веток и палок.     Ну и еще немного юмора о том, что мыслить нужно уметь нестандартно:   - Изя, представляешь, я в выходные предложил директору парка отдыха идею одну. Естественно, не просто так, а за 10% от прибыли. Суть такая: посетитель парка должен сделать фото в комнате кривых зеркал и выложить его на сайт парка отдыха. Тот, кто наберёт наибольшее количество лайков, получит два билета на концерт Киркорова. - И каков, Абрам, результат? - Количество посетителей парка втрое превысило обычное! Денег срубил прилично! И никаких затрат! - Хм... Ну два билета на концерт Киркорова прилично стоят! - А кто тебе сказал, что я их покупал? Я их взял с Киркорова за рекламу концерта.       По материалам - Мадам Хельга Источник
Жecткиe и беcкoмпpoмиccныe цитaты Фaзиля Иcкaндepa
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 12826
Они нaучaт paзбиpaтьcя в людяx