misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 60 гостей

Қазақта мемлекет болмаған дейсің бе?

с нами с 13 октября 2014

Орта ғасырда Қазақстан территориясында айналымда болған тиындарды жинап зерттеп жүргеніме төрт жыл болды. Негізі коллекция жинауды 13 жасымда бастадым. Әкем туған күніме коллекция жинарсың деп 5-6 шет елдің тиындарын сыйлады. Әкем ол кезде менің нумизматикаға белсене білек сыбана кірісетінімді болжамаған да шығар. Он жыл бойы жетпіске жуық мемлекеттің үш жүзге тарта тиынын жинадым. Бірде Өзбекстанға іс-сапармен барған бір досым маған арабша жазуы бар бір көне мыс тиынды сыйлады. Зерттей келе ол тиын Әмір Темір мемлекетінің 1427 жылғы фулусы екені белгілі болды. Сол бір қисық пішінді көне мыс тиын менің нумизматикаға деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Мен енді шет елдердің тиынын шетке қойып, көне тиын жинауға кірістім. Басында мұражайдан ғана көретін көне тиындар менің коллекцияма жинақтала бастады. Қазіргі кезде менің коллекциямда әр түрлі орта ғасыр мемлекеттерінің екі жүзге жуық тиыны сақталған. Ең көнесі 128-158 жылдары Кушан мемлекетінде соғылған.

Кушан мемлекеті, І Канишка патша, 128-158 жылдар

Одан басқа Түргеш, Шағатай, Үгедей, Хорезмшах, Моңғол мемлекеті, Әмір Темір мемлекеті, Шейбанид, Аштарханид, Хиуа, Бұхар әмірлігі және тағы басқа да хандықтар мен қағанаттардың тиындары жинақталды.

Орта ғасырда Қазақстан территориясын көптеген мемлекеттер мекен еткенін білеміз. Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Хорезмшах, Моңғол, Шағатай, Алтын Орда, Әмір Темір, Қазақ хандығы және т.б. хандықтар билік құрып, әрқайсысы өз ақшаларын соққан. Көне ақшалар соғуда олар қола, мыс, күміс, алтын металдарын қолданған. Айта кететін нәрсе, мыс тиындар фельс, фулус, пул деп аталған, күміс тиындар дирхам, ал алтын тиындар динар деп аталған. Кейбір хандықтарда әр түрлі себептерге байланысты күміс тапшы болып қалады, сол кезде олар мыстан тиын соғып, күміс жалатып, оны күміс дирхам ретинде айналымға енгізген.

Шағатай мемлекеті, Барақ сұлтан, Алмалық қаласы, 1268 жыл

Моңғол мемлекеті, Мөңке хан, Отырар қаласы, 1251-1259 жылдар

Үгедей мемлекетінде де осындай күмістелген мыс тиын соғылған. Алайда саудагерлер оны алуға асықпаған. Өйткені мыс пен күмістің арасы жер мен көктей. Сол себепті Үгедей хан тиынның артына «Самарқандта және төңірегінде кім де кім осы тиынды алмайды, сол жазаға тартылады» деген қорқытатын сөздер жазып қойған.

Үгедей хан, Самарқанд, 1233 жыл

Шағатай мемлекетінде алтын тиын соғылмаған.Олар алтын динардың орнын ойсыратпау үшін күмістен үлкен тиын соғып, оны алтын динар ретінде айналымға енгізген. Ол тиындардың диаметрі 30-32 мм болған. Тіпті моңғол мемлекетінен калған алтын динарларды үшке-төртке бөліп қолдана берген. Шағатай мемлекетінің тиындарында әр түрлі таңбалар қойылған. Соның ішінде ең кең тарағаны ол мына таңба:

Шағатай мемлекетінің тиындары көптеген қалаларда соғылған. Соның ішіндегі ең сирек кездесетін «Алмату» қаласында соғылған теңгелер. Алмату қаласы қазіргі Алматының астында. Өкінішке орай көне қаланы толық зерттеуге мүмкіндік болмай тұр, өйткені көне қаланың үстіне тарихқа немқұрайлы қараған дөкейлер зәулім сарайлар салып тастаған. Кейбір ақылгөйлердің Алматы қаласының іргетасын Ресей империясы қалаған деген сөзі шындыққа жанаспайды. Әлемнің ең үздік мамандары 13 ғасырда Алмату қаласының болғандығын және ол қалада аз уақыт болса да тиын соғылғанын дәлелдеген. Менің коллекциямда Шағатай мемлекетінің әр түрлі номиналдағы тиындары бар.

Шағатай мемлекеті,Тармашырын хан. Термез қаласы, 1330 жыл

Санжар жане Тармашырын хан, Самарқанд қаласы, 1331 жыл

Кебек хан, Бұхара қаласы, 1318-1326 жылдар

Қазақ хандары ешқашан өз аттарынан тиын соқпаған. Тек Тұрсын Мұхаммед Бахадүр хан Ташкентте өз атынан күміс теңге соғып шығарған. Айта кететін жайт, Тұрсын хан Ташкентте 1613-1627 жылдары билік құрған. Тұрсын хан көптеген шайқастарда жеңіске жетіп ерлік көрсеткені үшін оны Бахадүр деп кеткен. Алайда Тұрсын Бахадүр 1627 жылы қалмақтарды қыруға кеткен қазақ ханы Есімнің астанасы Түркістанды шауып өз еліне қарсы шыққан үшін жазаланып басы алынды. Ал тиын соққан жалғыз қазақ ханының монеталары шетел коллекционерлерінің альбомдарын паналаған. Ол тиындардың құны мың жасыл жапырақтан кем емес. Жалпы қазақ хандығында басқа елдердің де тиындары жүре берген. Мысалы, Аштарханид, Шейбанид сияқты хандықтардың мыс, күміс тиындары. Әрине, өте өкінішті жайт. Алайда қазақтың атасы Түрік қағанатында өте көрікті және сапалы тиындар соғылған. Түргеш қағанатының өзінде әр түрлі номиналды қола тиындар жүрген.

Түргеш қағанаты, 7-8 ғасырлар

Түргеш қағанаты, 7-8 ғасырлар

Ал Әмір Темір мемлекетінде алтын тиын мүлде болмады, бірақ  күміс теңгенің түр-түрі соғылды. Хандықта күміс тиынның екі түрі жүрді: үлкен күміс тиын теңге және кіші күміс тиын мири. Одан басқа мыс фельстер де айналымда жүрді. Әмір Темір мемлекетінде хан ауысқан кезде тиындарға жаңа ханның аты соғылатын (надчекан). Мысалы, мына тиын Темір және Махмуд хан тұсында соғылған. Ал бетіне Шакрукх хан өз атын жазып соққан:

Кейіннен Орталық Азияға патша Ресейлігі өзімен бірге алтын, күміс және мыс тиындарын алып келеді. Патшалық Ресей тиындары туралы да кейінірек жазармын.

Қазіргі таңда, өкінішке орай, Қазақстанда шығыс нумизматикасы саласында мамандар жоқтың қасы. Осы салада барлық нумизматикалық материалдар ағылшын немесе орыс тілінде. Археологтарымыз жүздеген тиын қазына тапса, шетелден маман шақыруға асығады. Әттең институтта нумизмат мамандарын даярлайтын бөлім болса, сол шетел мамандарына дүние қаржы жұмсамай, тапқан материалды өзіміз-ақ зерттесек болар еді ғой. Ал елімізде  нумизматика жанашырлары болса, сол қазақ ханының соққан теңгелері АҚШ аукциондарында жүрмес еді. Қазақстан территориясында көптеген хандықтар сан мың тиын түрлерін соққан. Солардың бәрін жиып, Орталық Азиядағы ең үлкен нумизматика мұражайын ашсақ, елімізге келген туристердің барар жері сол болады. Сөздің шыны керек, көне тиын жинап, оны зерттеп жүрген қазақ бауырларымыз саусақпен санарлықтай. Ол іс заңға қарсы емес, ешқандай кедергі жоқ. Күндіз-түні ватсап пен агентті паналаған жастар осы іске бет бұрса, ол ата-бабамызға және тарихымызға деген тағзым ғой. Осындай көне тиындарымыз шетелдерге сатылып кетіп жатыр. "Ай" дейтін әже, "қой" дейтін қожа жоқ!

Жалғасы болады...

Мақаланы толық немесе оның бір бөлігін көшіріп, басқа жерде басып жариялауға сайт редакциясының рұқсатынсыз болмайды!

СОКРОВИЩЕ (Глава 2)
31 мая 2017
Azat BUKA
просмотров: 4823
Продолжение рассказа ко Дню памяти жертв политических репрессий.
СОКРОВИЩЕ
30 мая 2017
Azat BUKA
просмотров: 3557
Рассказ ко Дню памяти жертв политических репрессий. Сюжет основан на реальных событиях.

Комментарии

Мақпал Жұмабай
15 Окт 15:13 # ответить
Керемет! Мемлекеттілігіміздің куәсі - мына тиындар! Дархан, елімізде жоқ сол музейді өзіңіз ашасыз деп ойлаймын. Жастарды жәдігер жинауға шақырыпсыз, соның жолдарын жан-жақты ашып жазсаңыз ғажап болар еді.
Maralbek Sagynganov
18 Окт 14:13 # ответить
Күшті! Дархан, сізбен жеке қалай байланысуға болады?
Ересенов Дархан   →  Maralbek Sagynganov
18 Окт 18:38 # ответить
Maralbek Sagynganov, Рахмет) менім почтам eresenovd@mail.ru
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2619 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2619', { type: 'blog', node_id: '2619', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });