misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 560 гостей

Өспек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай...

с нами с 12 мая 2014

Шілде айының ортасынан бастап БАҚ беттерінде жанармай бағасы қымбаттайды деген сыбыс пайда бола бастады. Ол ақпарат бойныша бойынша ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап АИ-92/93 - 115 теңгеден 141 теңгеге, АИ-80 – 89 теңгеден 122 теңгеге, дизельдік отын – 115 теңгеден 129 теңгеге қымбаттайды екен-мыс. Оны естіген әлеуметтік желі қолданушылары да, қолданушы еместері де біраз уайымға салынды. Бұл жолғы сыбыс қалай басталды?

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙДЫ!

Естеріңізде болса маусым айында ҚР мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин алдағы уақытта бензиннің қымбаттамайтындығын мәлімдеген.

Жанар-жағармайдың бағасына бір ай алаңдамаған халықты әлеуметтік желілерде «2014 жылдың бірінші тамызында бензиннің бағасы қымбаттайды» деп шыққан құжаттың суреті шулатты. Оны Twitter аккаунтына Талғат Қайыргелдинов жариялаған болатын.

БЕНЗИННІҢ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛЕДІ МЕ?

Бензин бағасының көтерілетіні, не көтерілмейтіні күні кешеге дейін көп адамдардың ұйқысын алды. Оны зерттеп көргілері келгендер де табылып жатты. Ақпараттық арналар түрлі пікірлер таратумен болды. Бірі қымбаттайды десе, бірі бағаның сол қалпында қалатындығын жариялап жатты.

БАҚ-қа бір көз жүгіртіп өтсек...

 « «1 тамыздан бастап елімізде АИ-92, АИ-80 және дизель отыны бағалары орта есеппен 30 теңгеге қымбаттауы мүмкін» деген мәлімет қолымызға тиді.

Бұл хабарды құрамында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Мұнай және газ министрлігі кіретін үкіметтік ведомствоаралық комиссия растап отыр. Осылайша, 92 маркалы бензин бағасы 145 теңге, дизель бағасы 130 теңге, 80 маркалы бензин бағасы 122 теңге болуы мүмкін.
Мұндай хабар жанар-жағармай сатумен айналысатын компанияларды қуантатыны сөзсіз. Көкшетау қаласындағы «Северная» автомай құю бекеті қазірдің өзінде АИ-92 маркалы жанармайды 125 теңгеден сатып жатқаны тіркелді. 
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі шілдеде жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалатынын хабарлаған. Тамызда баға басқа болайын деп тұр. 
Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин маусым айының ортасында Қазақстанда мұнай өнімдеріне қатысты қиын жағдай туындап отырмағанын, мұнай өнімдерінің қоры 200 мың тоннадан асатынын айтқан. Алайда, министрдің айтуынша, Үкіметте 2014 жылдың ІІ жартыжыл¬дығын¬дағы жанармай бағасы көтерілуі талқыланған. Ұ.Қарабалин жағдайдың екі нұсқасы – қолданыстағы бағаларды қалдыру немесе оларды қымбаттату да талқыланып жатқанын атап өтті» . 
 (Айқын)    

 

« Қазақстанда алдағы айда да жанар-жағармай бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі хабарлады.

Айта өтейік, 2009 жылдан бастап ел Үкіметі мұнай өнімдерінің шекті бағасын белгілеп отыруды қолға алған. Ал, Мұнай және газ министрлігі қара алтынның әлемдік нарықтағы бағасын зерттеп, соған қарай баға кестесін ұсынады. Оған сәйкес, келесі айда бензин бағасында өзгеріс болмайды.

Еске саламыз, Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин елде сүйық отын қоры жеткілікті деп мәлімдеді. Айтуынша, қазір 200 мың тоннадан астам жанар-жағармай бар. Сондай-ақ, ведомство басшысы жанармай мен дизельдік отынды шетелге шығаруға тыйым салынғанын айтқан болатын».  («Астана» телеарнасы)

«OilNews.kz» порталының бас редакторы, экономист Сергей Смирнов «365info» сайтына берген сұхбатында: 
– Бензин бағасы 20 пайыздан астамға көтеріледі, өйткені тасымал шығындары да көтеріледі. Алайда үкімет бензин бағасын бір мезетте көтере қоймас, меніңше, бағалар бірнеше кезеңмен көтеріледі – алдымен 10-15 пайызға, сосын тағы, - деген болжамын айтқан.                          

МИНИСТР МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ


30 шілде күні ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде журналистерге жанармай бағасына түзету енгізу мәселесі қаңтар айынан бастап әр ай сайын көтеріліп келетіндігін, бірақ ол ай сайын баға өсіп отырады дегенді білдірмейтіндігін айтып:

- 1 тамыздан бастап бензин және дизельдiк отын бағасы өзгермейді және ай соңына дейiн сақталып қалады. 
ЖЖМ бағасын түзету мәселесi ай сайын талқыланып жатыр. Ол қаңтар айында басталғаны өздерiңiзге белгiлi және бүгiнде жалғасын тауып отыр. Бұл мәселе үкiмет отырысында, ведомствоаралық комиссия және өзге де отырыстарда, ТМРА, Экономика министрлiгiнде де, бізде де кеңінен талқыланып келеді. Десек те, бензин құнының қымбаттамай жатқанын көрiп отырсыздар. Ол қалыпты түрде сақталып отыр.Қазақстанда мемлекеттік мекемелер мұнай өнімдерінің бөлшектеп өткізу бағасын бекітуде. Қазіргі таңда Аи-80 - 89 теңге, Аи-92 - 115 теңге. Байқап қарасаңыздар Қазақстанда бензин шекаралас Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанмен салыстырғанда арзан, - деді.

Министрдің бұл мәлімдемесі халықтың көңіліне жақты, бірақ алаңдаушылық әлі де бар. Өйткені доллардың да құны қымбаттамайтындығы айтылғаннан кейін, уақыт өтпей жатып бір күнде көтеріліп кеткені естеріңізде болар...

Өспек пеқалмақ па? Ендігі сауал екіұдай...

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3284
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12901, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"