misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 1421 гость

Текті әулеттің тағдыры

с нами с 21 августа 2016

 

Мақсат Жаппарханұлы айтады:

Ұмытпасам 2008 жылы Семейдегі Шәкерім атындағы университеттегі Шәкерім орталығына біраз тарихи фотосуреттер мен қолжазбалар тапсырдым. Өмірінің соңында анам жазуға отырып, аталарының қолжазбаларын ақтарды. Сексенінші жылдардың ортасында үйге Мұхтар Мағауин, Қайым Мұхамедханов, тағы бір үлкен жазушылар келді. Анам сол кісілерге атамнан қалған қолжазба, фотосуреттерді берді. Сол жылдарда Шәкерім атаның ақталғаны туралы хабар жетіп, анам марқұм екі күн жылағаны есімде. Жазушылар одағының сол кездегі төрағасы Олжас Сүлейменов анамды шақырып алып: «Қазақстанның қай қаласынан болса да пәтер бергізем, таңдаңыз» дегенде ол кісі Талдықорғанды айтыпты. Олжас аға сол қаладан бір бөлмелі пәтер алып берді. Жалғыз бізге емес, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың отбасына үш–төрт әулетке пәтер бұйырды. Сол үйде анамыз атасы Шәкерім туралы көп жазды...

Сонымен Шәкерім ата мен анам Кәмилә Ғафурқызының (Қапыр) туыстығы қандай еді? Кәмилә – Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан туған Ғафурдың қызы, Шәкерім атаның туған немересі. Анам Кәмилә атам жайлы былай дейтін:

- Атам тазы ұстап, бүркіт баптап, аңшылық, саятшылық құрған. Ол асыраған, енді ауызданған қасқырдың күшігі жас кезімде мені қауып алыпты, сол жараның орны сол жақ тіземде әлі бар, міне, - дейтін. Онысы рас.

1929 жылы Кәмиләнің әкесі Ғафур мен ағасы Баязитті бай-манап деп жала жауып, Семей түрмесіне қамаған екен. Сол күндердің бірінде аңға шыққан беті болу керек, Шәкерім ата үйге келіп, бір қонып, немерелерінің басынан сипап, кейіс көңілмен аттанып кетіпті. «Бұл атамды соңғы көруім екен» деп жылайтын анам. - Содан әкем Ғафур түрме азабына шыдай алмай өзіне өзі қол салыпты. Осыдан кейін көп уақыт өтпей 1931 жылы атамыз Шәкерім жолсыз жазаға ұшырады. «Шәкерім тұқымдары Қарауылға тез жеткізілсін!»,-деген ГПУ-дің суық хабары жетті.

Бәрімізді Қарауылға жинады, ол кезде мен 12-13 жаста едім. Шешем Мәкей екеуімізді ішінде егеуқұйрық өріп жүрген іші тас, суық қораға қамады. Отырсақ не жантайсақ егеуқұйрықтар қаптайды, тірідей жеп қоя ма деп, зәреміз ұшып, түнімен түрегеп тұрдық. Ашыққан тышқаннан қорыққаным, дорбадағы аз ғана азығымыз бен мені бауырына қыса дір-дір еткен анамның бейнесі өмір бойы көз алдымнан кетпейді.

Екі күннен кейін бір жанашыр аға бізді жасырын алып шығып, шамасы Қасқабұлақ болу керек, Құдайбердінің немересі Райханның үйіне әкелді. Сол уақыттағы қазақтың аштан қырылғанын көзіммен көрдім. Құдайберді тұқымының көбі осы үйді паналады.

Бір сөзбен айтқанда Құнанбай, Құдайберді ұрпақтарының тоз-тозы шықты. Ішетін тамақ, істерге жұмыс жоқ, сол қыстың қалай өткенін білмеймін, мені сол жердегі балалар үйі әлде интернат, әйтеуір бір жерге орналастырды. Қаражан деген бай салдырған мектепке аш-арықтарды жиып алып, сәбилерін балалар үйіне өткізіп, өздерін Сібірге айдады. Менің анам мен Нағима тәтем жылай-жылай кете барды.

Мені Ахат ағамен бірге оқыған Әлімқожа деген кісі мені байланыс училищесінің дайындық бөліміне түсірді. Сөйтіп, үлкен бір әулеттен жалғыз қалдым. Шәкерім атам атылып кетті, өз әкем Ғафур түрме азабына шыдамай өз-өзін өлтірді, Қабыш аға (Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан туған) науқас, талма ауруы бар еді, ашаршылықта үй-ішіне ілесе алмай, Жидебайдың жанында далада көмусіз қалыпты.

Баязит ағам 1931 жылы түрмеден босап, елге қайтып келе жатқанда әкесінің қазасын, туған-туыстарының жағдайын естіп, булығып, оның үстіне ішерге тамақ таппай азапқа түсіп, өзіне өзі қол салыпты... Бұл кезде Ахат аға түрмеде, Зият – Шығыс Түркістанды паналады, Айғанша әжем аштармен бірге қалаға келіп, қайтыс болды. Баязит ағаның әйелі Өкеш ағасы Әлімқожаның үйінде қайтыс болыпты, ал ағасын соттап жіберген.

Жалғыз қыздары бар еді, тағдырын біле алмадым. Міне, осылай Шәкерім атамды көзі көрген туыстары мен үрім-бұтағының бәрі қайғы-қасіретпен өмірден өтті. Ахат аға мен Сағиладан туған бір ұл, бір қыз 1931 жылы Семейде шейіт болды. Тек Шәкерім ата ғана емес, бала-шағасы да қоса көмілді. Ахат аға 1939 жылы мерзімін өтеп келіп, Алматыда әйелі Қадишамен тұрды. Қадиша – Әлихан Бөкейхановтың ағасының қызы, онымен Сара деген қыз еріп келген. Біз қазір бұл кісілермен араласып тұрамыз.

Анам Шәкерімнің келіні Ғазиза ападан көп естелік жазып алды, атамыздың ата-бабасы, үрім-бұтағы жайлы сол кісі көп дерек айтқан екен.

Міне, анам Кәмиләнің қысқаша айтқанда естелігі осындай еді. Ол кісі әкем Жаппарханға тұрмысқа шыққанда зияны тимесін деп фамилиясын өзгертті. Шәкерімова, сосын Сұфиянова, Ғафурова деп жазғызып жүретіні есімде. «Халық жауының» ұрпағы деп, жұмыссыз қалған кездері болды. Өткен шағын көп айта қоймайтын, тек 1986 жылы үйге бір қаламгер келіп, атасының ақталғанын айтты. Кейін Тәуелсіздік қарсаңында «жылымық» кезінде Шәкерім Құдайбердіұлының 130 жылдығына Шыңғыстауға бардық.

Анам көліктен түсе Шыңғыстауға қарай құшағын жая ұмытылып: «Жерің кең екен, Шыңғыстау! Алақандай жеріңді Шәкерім ұрпағына қимағаның ба? Күнелту үшін бір пұшпағың бұйырмады-ау» зар илеген де көз алдымда тұр. Заманның дауылы солай болды. Арада көп жылдар өткенде атамыз халқымен қайта қауышты. «Жаралы жүрек жыбырлап, жазылмай жалғыз сол қалды...» деп жазғаны рас болды ғой...

Сая Молдайып

Теги:
әңгіме
Шантаж құрбандары
4 апреля 2017
Muxit Bayazitov
просмотров: 3030
-Ойбай, біздің жігіттерді МАИ тоқтатып, тексеріп жатыр. Сіз түсе тұрыңыз тез, тез!»- деп дегібірін алғандығы соншалық- бұл сөмкесіне қол созғанда: «Оны маған беріңіз!»- деп қолынан жұлып алған.
Казахи Оренбургской области. «Здесь больше успешных предпринимателей казахов»
25 ноября 2015
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 6204, комментариев: 2
О гордости местных казахов, обрусевшей молодежи и национальном менталитете

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3986 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3986', { type: 'blog', node_id: '3986', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });