Кіші жүз адай еліне 35 жыл бұрын келін болып түскенде, Қазақстан тәуелсіз ел емес тұғын. Рессейдің озбыр, сайқал саясатына қарамастан, анамды қазақ ұлтының, ұлттық киімін кигізіп, келін еткен, кіші жүз адай руы.
Анамда келін боп түскен камзолы осы күнге дейін сақтаулы тұр. Камзолдың ерекше түр- түсін, оюмен әшекейленген тұстарын, ауызбен айтып жеткізу қиын, ондай камзолар енді тігілмейтін шығар. Бала кезден сол камзолға қызыға қарап өстік, "қашан менде киеді екем"- деп армандайтынымыз жасырын емес. Анам 35 жылда, 35 түрлі камзолдың түрін алды, ұқсас болса мойыншақ тігіп ерекшелейтін.
Әр жыл сайын Құрбан айт мейрамында, басқада төл мерекелерде кіші жүз келіншектері камзол жарысын өткізеді, кімнің камзолы мықты, сол келіншек ел аузынан түспейтін сыйлы келіншек. Қолаң шаш, қиғаш қас анамыз әр құрбан айт мейрамына осылайша ерекше сәнденіп, дайындалады.
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дейді, әзірге үш түрлі камзолым бар, болашақта тағы басқа ұнамды түрі кездесіп жатса коллекцияны толтыра беремін. Мерекелерде ғана емес, күнделікті киіп жүруге ыңғайлысын қарап жүремін.
Халқына деген ұлтжандылықты айды ерттеп мініп, жұлдыздарды айдап әкелмесе де, ұзын сонар сөзбен емес, осындай киім үлгісімен дәлелдеп жүрген батыс өңірдің қазақтарына ризашылығымды білдіремін. Сіңілдерім, қызым өсіп, бойжетенде кіші жүздің ұлдарына ұзатуды жөн көремін. Ұлттық қасиетті, салт-сананы сақтай алған халық, қыз-келіншектерінің абыройында сақтай алады.
Лязат Мырзаш