Алпысыншы жылдардың басы, поезд ішінде бір сап сары европеец тұлғалы, бірақ бір ауыз да орысша сөйлей алмайтын өзбекпен жолықтым. Білетін өзбекшемді айтып, танысып көрдім. Сөйтсе оны, бір жасар карело-фин текті нәрестені, Отан соғысы кезеңінде эшалонмен Өзбекстанға әкелгенде, жергілікті адамдар бала қылып асырап алып, орысы жоқ шеткей кишлакта өсіріпті. Содан ол өзін өзбек санайды, басқа тілддерді үйренбеген де. Бала онбеске келгенде, ел ес жиып, тынышталғанда, оның туған анасы, карел-финка ідестіріп, тауып келеді.
Ең қызығы: сол анаммен үш переводчиктер арқылы тілдестім дейді. Анасы орысша білмейді, бұл да финнше тұрмақ, орысша да түсінбейді... Жылап сықтап айрылдық, мен өзімді аялап жеткізген өзбек ата-анамды ешқашан тастамаймын ғой дегені.
-Өй, ана нағыз анаңды аямадың ба, тіліңді де кейін үйренетін едің ғой!?!? Иә, ол әйел маған аянышты, бірақ тілі ұнамады маған дегені. - Оны күштеп үйренсем де, өзімнің өзбек тілімдей болмайды ғой дегені, әлгі сарының!
Мына бізде шешіле қоймай жатқан, тіл мәселесінің ширек ғасырдай батпақтап жатқанын күнде естіп, осы алыстап кеткен оқиғаны кейде еске аламын....