misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 86 гостей

Ғарифолла Есімнің 10 нақылы

с нами с 4 марта 2016

Бүгін - ғалым, философия ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Ғарифолла Есімнің туған күні. Абайтанушы ғалым, Сенаттың бұрынғы депутаты 69 жасқа толып отыр. Ғылым, білім, мәдениет, саясат пен әдебиет салаларында қызмет еткен Ғарифолла Есімнің  еңбек жолы, атқарған ісі көпке үлгі-өнеге. Сондықтан, жастар үшін ғибрат болар 10 нақылын ұсынып отырмыз. 

***

Философия дегеніңіз ой қамауы. Ал одан шығу үшін ойыңызға өріс беруіңіз керек. Данышпан Абай өз ойына өріс бере білгендіктен, өзі айтқандай, ғалымдықтан хакім дәрежесіне көтеріле білді.

***

Айтылған сөз жақсы. Ал айтылмаған сөзден иіс шығады.

***

«Қазақ елі – мәңгілік» деген мәселеге келгенде мен 7 айқындама айтқанмын. Соның жетінші айқындамасы жақсы қазақ деген сөз. Жақсы қазақ деген ол кім? Бұл жақсы адам туралы әңгіме емес, жақсы қазақ туралы сөз. Жақсы қазақтың ниеті таза болуы керек. Отанына, атамекеніне, тіліне, тарихына таза болуы керек. Сөзі жақсы, ісі нәтижелі болуы керек. Әрекет деген шайтандық іс, жақсы қазақтың ісі – қарекет. Міне, жақсы қазақ осындай. Жақсы қазақтың бойында генетикалық код бар. Қазақ айтады, қарға тамырлы қазақ деп. Қарға деген ұзақ өмір сүретін құс. Яғни, қазақтың да тарихы тереңде деген сөз. Екінші генетикалық код ол – бар қазақ – бір қазақ. Мысалы, Аягөз бен Орал облысының арасы шеткі аудандар деп есептегенде 3 000 км. Сол жерде қазақтың тілі де, діні де, жақсылығы да, кемшілігі де бәрі бір. Яғни, бар қазақ – бір қазақ. Үшіншісі, қазақтың ешқашан да еншісі бөлінбеген. Әр қазақтың өзінің сыбағасы, еншісі бар. Қазақтың қонақжайлығы деген осыған сүйенеді. Төртіншісі, ол Жерұйық идеясы. Атамекен, қазақ елі – Жерұйық. Осының бәрін түсінген адам – жақсы қазақ.

***

Міндетті түрде оқитын бір кітап бар. Ол «Абай жолы». Оны оқудағы мақсат бар. Қазақ деген ұғым қазір нақтыланбай тұр. Қазақ кім? деген сауалға нақты жауапты кім айта алады, менде оны білмеймін. Менен сұраса, менде қиналып қалам. Тек жақсы қазақ деп қана бір қырларын айтып жатырмын. Ал, осы қазақтың кім екенін «Абай жолынан» табуға болады. 

***

Біз бір басты нәрсені түсінуіміз керек. Алдында айтқан заман талабынан туындаған бір тектілікке орыс, ағылшын немесе неміс сияқты басқа тілдер арқылы жете алмаймыз. Тек қана қазақ тілі арқылы ғана қол жеткіземіз.

***

Ұлылық – тек Жаратушыға ғана қатысты айтылатын сөз. Мұны Мағжан да, Ахмет Байтұрсынұлы да білген, сол себепті қолданбаған. Мен сондықтан Абайды ұлы демей, хакім деп айтамын. Абай Сократты, Платонды хакім деген.
Ұлы деген тек Жаратушыға лайық! Жаратушы – Ұлы! Өйткені оны ешкіммен, ешнәрсемен салыстыруға болмайды! Салыстырылмайтын, теңдесі жоқ, тумаған, туылмаған – ол Алла!

***

Қазір амалдың заманы, ақылды айланың заманы. Бірақ «заманың түлкі болса – тазы боп шал» дейтін белсенділікке үндейтін амалдың емес, ақылды айламен ақырын әрекет етуді талап ететін заман. 

***

Біздің түрік туысқандарымыз туралы айта кететін болсақ, олардың олигархтары ізгілікті іс жасауға әрқашан дайын тұрады. Түріктердің ізгі мұраттарын танытып, осы заманғы жетік білім беріп жатқан қазақ-түрік, украин-түрік, америка-түрік және т.б. дүниежүзіне тарап кеткен озық мектептер де сол олигархтардың күшімен құрылған. Егер бір игілікті бастама көтермек болып, ғалымдар, жазушылар түрік олигархтарынан көмек сұраса, олар міндетті түрде көмектеседі. Сондықтан олар байлығын ізгілікті істерге жұмсап, халқының игілігіне айналдырып отыр.

***

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік деген өтіріктен арылу деген сөз. Тәуелсіздікке дейін мектептерде, пионер, комсомол, партия ұйымдарында, институттарда, ылғи өтірік айтылды. Шығармалар да өтірікке құрылды. Москвада болып жатқан съездерде де өтірік айтылды. Мысалы, Хрущевтың кезінде былай айтылды, 1980 жылыы Совет одағында коммунизм құрылады деп. Коммунизм деген не ішсең де, жесең де өз еркің деген сөз. Бәріне солай өтірік айтылып, өтірік өрттей қаулап тұрды. Міне, менің ертегіден шыға алмай жүргенім сол. Ертегі – таза. Ертегіден шықсам өтірікке кірейін деп тұрмын. Бірақ, бала кезімде оны казіргідей сезінбеген шығармын. Бірақ, сол өтіріктің ішіне ақыры кірдік.

***

Еліктеудің өз орны, өз жөні бар. Шетелден қажет деген үздік үлгі, жақсы жетістіктерден сабақ алуымыз керек. Біз бәрібір ағылшын, француз немесе неміс болмаймыз. Мәңгілік ел болғанда адамдарымыз байлы-бақуатты тұру керек. Ол үшін адамдарымыз іскер болуы шарт, соны үйренгеніміз жөн. Мысалы Германияны алайық. Сұрапыл соғыста жеңіліп, тып-типыл болған халық қалай тез өсіп, тез жетіліп кетті. Қазір одан өзге алдыңғы қатардағы елдер сабақ алуда. Оның бәрі білім мен іскерліктің арқасында. Олардың жаңа технологияларын үйреніп, өзіміз қолданысқа енгізгеннен ұтпасақ ұтылмаймыз. Өкінішке орай, біз әлі де ол жағынан мақтана алмаймыз. 

***

Бассыз бөрі
31 января 2017
GONZO
просмотров: 2472
Көк бөрінің маң даланы үрейге бөлеп ұлығысы келді. «Ауууу... ауууу... аууууу...» Ұли алмады. Басы жоқ екен.
Әлібек Дінішевтің өмір қағидаттары
30 июля 2016
GONZO
просмотров: 2496
"Шығармашылығымда еркіндікке қол жеткіздім. Яғни, мен ешқандай жерде жұмысқа тіркелмегенмін"

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3587 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3587', { type: 'blog', node_id: '3587', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });