misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 123 гостя

Ринат Зайытовтың өмір қағидаттары

с нами с 14 ноября 2012

Соңғы бірнеше аптада жаңалықтардың бас хедлайнері ретінде сөзсіз, айтыскер ақын Ринат Зайытовты атауға болады. Ninety One тобын сынаған ақынның пікірі көпшілікті екіге жарды. Музыкалық топтың шығармашылығы жөніндегі дау әлі жалғасуда. 33 жасар Ринат Зайытовты халық арасында «ақиқатты айтатын ақын»  деп атайды. Әр жылдары БАҚ-қа берген сұхбаттарын жинап, азаматтық ұстанымы берік ақынның өмір қағидаттарымен бөлісуді жөн көрдік.

***

Мен 13 жасымнан әкесіз өскен ұлмын. 7-сыныпта оқып жүргенімде әке-шешем ажырасып кетті.  

***

Менің алғашқы мамандығым – актер, екінші мамандығым – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

***

Әттең, менің бо­йымда жеті өнер жоқ.

***

Бірақ менің түпкі табиғатым қарапайым. 

***

Мен кім көрінгенге жағдайымды айтып, шағынуға ебі жоқ адаммын. 

***

Мен азды-көпті он жыл айтысыппын.

***

Айтыста айтып жүрген ойларым көрерменнің қошеметін жинайын немесе өзіме бір имидж қалыптастырайын деген мақсаттан туған жоқ.

***

Атын атамай-ақ қояйын. Біраз айтыскердің өлеңін жазып бергенмін. Талай ақынмен келісіп те айтысқанмын.

***

Айтыстың жеңілісі – тек Жүрсін Ерманның ғана жеңілісі емес, менің де жеңілісім. 

***

Ринат Зайытовтың айтысқа шықпағанынан айтыс дамып кететін болса, мен оған титтей де ренжімеймін, қайта қуанамын.

***

Қазір адамдар көбіне әлеуметтік желілерде отыратын болғандықтан, мен ол жаққа бас сұқпайтын адаммын мүлдем, сосын да мені жоғалтып жүрген шығар.

***

2001 жылдардағы айтыстарымды көрсем ұяламын «осылай айтыстым» деп.

***

Қазір біздің қоғамда әртүрлі позиция бар ғой. Менің ұстанымым халықтың, қазақтың ұстанымы.

***

Мен ешкіммен, ештеңемен күресіп жүрген жоқпын. Саясатта шаруам жоқ.

***

Негізі, мен саясатпен айналысқым келеді. Бірақ сайқал саясатпен емес. 

***

Әрбір адам өз саласында патриот болуы тиіс.

***

«Жұлдыз» ауруына мүлде шалдықпадым» дейтіндер өтірік айтады. 

***

Мен ештеңені жоспарламаймын. 

***

Өз басым телефонды қатты ұнатпаймын. Жеке қажеттілік үшін ғана ұстаймын.

***

Қыздарға жақсы қараймын. Қыздарға бармаймын деп ақталмай-ақ қояйын.

***

Балаларыма жақсы әке болайын деп жүрмін. Болашақта көре жатармыз кім боларымызды.

***

Бүкіл елге айтар бір датым бар: өтініш, қазақ қазақты жақсы көрсінші!

***

 

 

 

«Ұлт», «Маса» сайттары, «Жұлдыздар отбасы» журналы және «Астана» телеарнасының «Сырласу» бағдарламасындағы сұхбаттардан үзінділер пайдаланылды.

Топ-5: Жолы болмаған пранк
11 августа 2016
Логово Зверя
просмотров: 3409, комментариев: 1
Бекболат Тілеуханның өмір қағидаттары
7 августа 2016
Лаура ЕСЕНБАЕВА
просмотров: 3351
"Бәріміз күлкі, арзан дүние қуып кеттік. Арманы асқақ адамдарға жақын жүріңдер"