misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 68 гостей
Тарих
15854
с нами с 7 октября 2015

Ақын Абайдың ұрпақтары

        Ақын Абайды білмейтін қазақ жоқ. Ақын да адам баласы, сондықтан оның ата-бабасы, туған туысқандары және ұрпақтары болуы заңды. Және бұл туралы білген ешкімге артық етпейтіні белгілі. Абайдың – азан шақырып қойған есімі Ибрагим, 1845 жылы дүниеге келген. Арғы тегі Орта Жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді кейін әрқайсысы бір-бір рулы ел болған үш ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара атты жұбайынан: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Тортай деген төрт ұл туады. Айдос момын шаруа адамы, ал әйелі өткір тілді, өр мінезді Айпара балаларына былай деп сипаттама берген екен:

  Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды торыайғыр Көтібағым.

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым.

Сірә да оңбас Торғайым. 

      Айтса айтқандай, бұлардың ішінен оза шыққаны, ел басқарғаны Ырғызбай. Одан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай әділ, шаруаға жайлы кісі болыпты. Сондықтан халық арасында: «Ісің адал болса Өскенбайға бар, арам болса,  Ералыға бар» деген сөз тараған. Ақынның әкесі Құнанбай осы Өскенбайдың бәйбішесі Зере Бектемірқызынан көрген ұлы.

      Құнанбаймен кездесіп, достық қарым-қатынаста болған Ресейге жер аударылған, Омбыдағы Сібір қазақтары басқармасында қызмет істеген, ұлты поляк Адольф Янушкевич ол туралы туысқандарына жазған хаттарында ақынның әкесін былайша сипаттаған: «Құнанбайды сөйлеуге жаратылған машина дерсің. Ол ояна салысымен кешке жатқанға дейін сөйлеуге бейім. Әр минут сайын кеңес сұрай келгендерге қолдарын бүйіріне таяна отырып шарият сөздерін қосып сөйлейді. Есте сақтау қабылеті өте керемет. Өкіметтің заңдары мен бұйрықтарын кітаптан оқып отырғандай жатқа айтады».

Құнанбай 4 әйел алған. Бәйбішесі (ел Күңке деп атап кеткен) Әйбөбектен ақын Шәкәрімнің әкесі Құдайберді туған. Екінші әйелі Ұлжаннан Тәңірберді, Абай, Ысқақ және Оспан.

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан, екінші әйелі Әйгерімнен Турағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Ақынның өз ұрпақтарына тоқталар болсақ, олар халықпен бірге талай кезеңдерді басынан кешіп, еліне өз мүмкілігінше қызмет істеген азаматтар. 

Ақылбай – ақынның тұңғыш ұлы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным өзінен бала болмағандықтан Ақылбайды кішкене күнінен бауырына басады. Жас кезінен домбыра, сырнай, скрипка тартып, ән салып, сауық-сайран қуып, сері-мырза атанады. Кейінгі өмірі Абайдың алдында, ақын-шәкірт ретінде, өзінің талапты інілеріне Ақыл аға атанып кетеді. «Құнанбайдың мырзасы» атанып, «бұлғыннан ішік киіп» бұлғақтап өткізген күндеріне мағынасыз деп баға беріп қалжың-шыны аралас:

                   Бұлғыннан ішік кидім кәмшат жаға,

Сарп еттім дүниені білмей баға.

Талай қыз «Ақылжан» деп тұрушы еді,

Дейтұғын сұмдық шықты-ау «Ақыл-аға...» –

деп, кейін өлең еткен. Ақылбай: «Дағыстан», «Зұлыс», «Жаррах батыр» атты үш дастан жазған ақын.

         Әбдірахман Түмен қаласындағы Александров реалдық училищесін бітіргеннен кейін 1886-1889 жылдары Санкт-Петербургтегі артиллерия училищесінде 3 жыл оқып білім алады. Әбдірахманға 1892 жылы берілген мінездемеде мінез-құлқының өте жақсы, ашық-жарқын екені, қызметіне өте жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер болғалы тұрғаны әрі құрметті қазақтың баласы екені жазылған. Ана тілімен қатар орыс, неміс тілдерінде еркін сөйлеп жаза білген. Сол жақтан әкесіне керек кітаптарды уақтылы жіберіп тұрады. Сөйтіп, Абайдың дүние жүзі тарихынан, әлем әдебиетінен сусындауына көп көмегін тигізген. 1892 жылы елге келгенде Мағрипа есімді қызға үйленіп, Рахила деген қызы туады. Ташкент қаласының бекініс гарнизонының артилерия бөлімшесінде қызмет еткен.

Турағұл – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы, ақын, аудармашы. 1904 жылы Күшік-тобықты еліне болыс болып сайланған. Әкесі Абайдың әрбір өлеңі қай кезде, қалай жазылғанын және кімге арналғанын жақсы білген. 1909 жылы әкесінің кітабын Кәкітаймен бірге бастырып шығарған. Семей өңірінде Алаш қозғалысына белсене араласып, «Алаш» партиясының Семейдегі комитетінің мүшесі болып түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Турағұл Мұхтар Әуезұлына «Әкем туралы» деген көлемді естелік жазып берген. Ақын болумен қатар скрипканы шебер тарта білген. М.Горькийдің «Челкаш» әңгімесін, Джек Лондонның «Балалық туралы ертегісін» және «Балалы әйел не білу керек» атты ғылыми кітапшаны аударып бастырған. Ағасы Әбдірахманға арнап жазған өлеңдері Абайдың әдеби-мемориалды мұражайында сақтаулы.

Мекайыл Абайұлы – арабша, орысша сауатты, әкесінің өлеңдерін түгелдей жатқа білген, домбырашы. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Мекайылдың ұлдары Құзайыр мен Әлішер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. 

Кәкітай Ысқақұлы (1869-1915) – Абайдың інісі Ысқақтың баласы, Абай мұраларын тұңғыш бастырушы. Абай Кәкітайдың зеректігін байқап 1882 жылы өз қолына алып, Мағауиямен бірге тәрбиелейді. Өз заманының білімді азаматы болған. Абайдың кеңесімен Турағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл-күйі тақырыбындағы өлеңдер жазумен айналысқан. Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлына өз ақшасын беріп бұрыннан жинап жүрген Абайдың шығармаларын көшіртіп жаздырған. Әлихан Бөкейханның кеңесімен ақынның өлеңдерін баспаға әзірлеп Санкт-Петербург қаласында бастырып шығарған.

Исрайыл Ақылбайұлы – Абайдың немересі, педагог, күйші. Ол бізге Абайдың «Май түні» атты күйін жеткізді. Домбыра ойнап ән салған Исрайыл Жидебайдағы Абай мұражайында қызмет істеп жүріп домбыра оркестрін құрып көптеген шәкірт тәрбиелеген ұстаз. 

Бәкизат Ақылбайқызы – Абайдың немересі. Ағасы Әубәкір екеуі Оспанның бауырында, Еркежанның қолында тәрбиеленген. Оспан қайтыс болған соң Абай Еркежанға үйленеді де, Бәкизат Абайдың тәрбиесін көріп өседі. Абай немересінің білімге құмарлығын құптап оған арнап «Бәкизатым шұбарсың» деген өлеңін шығарған. Бәкизат өзіне жасау ретінде берілген атасының үйінің, Ұлжан бәйбішенің, Еркежанның дүние-мүлкі қызы Бәзилаға қалып, Бәзила оларды 1948 жылы Абайдың Жидебайдағы мұражайына табыс еткен.

Абайдың шөбересі Ишағы Жағыпарқызы Ұлы Отан соғысына авиация технигі болып қатысты. Оның магнитофон таспасына жаздырған ақын әулеті жайындағы естелік әңгімелері Семейдегі әдеби-мемориал мұражайында сақтаулы.

Кәмила Мағауияқызы – Абайдың шөбересі, ескіше жақсы сауатты болған. Абай әндерін нақышына келтіре орындап, өлең шығаруға да қабылеті болған өз заманының көзі ашық қызы. Ағасы Жағыпар Мағауияұлының қолында жүрген кезде болашақ жазушы Мұхтар Әуезұлымен отасып дүниеге Зере, Мағрипа атты перзенттер әкелген. Конфискелеу зұлматы кезінде ерлі-зайыптылар ажырасуға мәжбүр болады. Жұбайы Мұхтарды сағынып шығарған өлеңдері Абайдың әдеби-мемориал мұражайында сақтаулы.

Жошыхан Жағыпарұлы Мағауин – Абайдың шөбересі.  Жошыхан ақын болған, Ұлы Отан соғысы жылдары алғы шептен қарындасы Ғазизаға өлеңмен хаттар жазған:

Бір теңіздің тамшысы едік екеуміз,

Ұласамыз, бір мұратқа жетеміз... –

деп өздерінің Абайдың ұрпағы екенін мақтаныш тұтқан, сондықтан ақын атына кір келтіруге хақысы жоқ екенін, қашанда өзгелерге үлгі болуы керек екенін қарындасына айтып отырған. Бір топ өлеңі майданда қаза тапқан азаматтардың хаттарынан топтастырылыған «Жыр аманат» атты кітапқа енген.

         Бауэр Бағфұрұлы Ақылбаев – Абайдың шөпшегі. Ақынның баласы Ақылбайдан туған Әлімқұлдың немересі. Биология ғылымдарының кандидаты.

         Ұлы ақынның ұрпақтар тізімі бұнымен шектелмейді. Сондықтан ұлы ақынның туған-туысқандары жайлы әңгімені болашақта тағы да жалғасын табар.

ӘБЖАЙ АТА
18 апреля 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 4552
Неге екені белгісіз, Әбжай ата соғыс туралы әңгіме айтпауға тырысатын. 9 мамыр жеңіс күндері орден мен медальдарға толы кителін көрші соғыс ардагері ақсақалға кигізіп, «Сен барып әңгіме айтып кел балаларға» деп, мектепке сол кісіні жіберуші еді.
Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға
17 апреля 2017
Muxit Bayazitov
просмотров: 4240
Өшпес өмір, таусылмас мал берейік, Бір білімді данышпан жан табайық,- деп ортаға ой тастай келіп:

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3390 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3390', { type: 'blog', node_id: '3390', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });