misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 198 гостей
Сатира
1 3266
с нами с 26 октября 2015

Жамбыл облысында өртенген журнал жайы

Төрт деңізші...

– Төрт.

– Өрт деңізші...

– Ө-ө...Өрттен Құдай сақтасын!

– Жәй ма, ағасы?

– Өрт десе болды, өңім бұзылады.

– Өртті өрелеп қойып, өркенді өсіретін сөздер сөйлесеңші. 

– Жарайды, ағасы. Бірдеңе бүлінгендей не боп қалды?

– Бүкіл өлке бүлініп, өртеніп жатыр, айналайын. Ал сен болсаң, не боп қалды дейсің? Негізі, сол бәленің бәрі – базарлардан басталады. Жаңалықтарда күніге бір сауда орыны отқа оранушы еді. Енді содан көріп алып, өнеге алып, жастарымыз да өртенуге көшіпті.

Иә, өрт десе өре түрегелетін жағдайға жеттік. Тараз қаласындағы әлгі қысым көрген Ерлан Бектібаев деген жігіттің өмірін жалмаған сол өрттің бір грам болсын өресі жоқ екен. «Қой, мұның болмайды? Болашағың әлі алда...» деп ең болмаса бірауыз айтуға болады ғой. Не болмаса, басқа жаққа қарай бұрылып кетсін, пәтшағар... бүкіл жұртты әуреге салмай. Ал, бұл өрекпіген өрт болса, жап-жас жігіттің үстінде жалындай берген. Не десек те, тілсіз жау деген осы да!

Дәл сол секілді Жамбыл облысында журнал өртеніпті. Бірақ, сол кәдімгі журналдың қалай, не үшін, не ғып өртенгені емес, қоғамның жегі құрты сыбайлас жемқорлық жайында әңгімелекшімін. Сол облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Н.Халматова Талас ауданы Қаратау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте өзінше тексеріс жүргізіп, білім шаңырағы басшылығынан ақша алу үшін  жұмыртқадан жүн қырқатындай арнайы қылмыстық жоспар құрады.  

Ол мектеп директорының орынбасарына:

– 2012-2013 жылдарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша журналдарды дайындап, алып келіңіз, – деп талап етеді.

– Кешіріңіз, ол құжат осыған дейін болған өртте күйіп кетіп еді.

– Өрт жөніндегі актіңіз бар ма? – дейді өтірік білмегендей.

– Жоқ, – дейді анау.

– Олай болса, 90 мың теңге көлемінде айыппұл саламын.

Кейінірек Н.Халматованың «қанағаты» оянып, делдал арқылы дүдәмал мәселені реттеу үшін «40 мың теңге берсеңіз де болады» деп сәлемдеме жіберген. Бұл хабарды алған орынбасар жемпазға қарсы жауап ретінде  Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жүгінеді. Сөйтіп, журналдың өртенгеніне байланысты «көк қағаз» дәметкен әлгі өз кабинетінде пара алып жатқан кезінде құрыққа түсті.  

Иә, өрт екеш өрт те өзі секілді жалмайтындарды жақсы көретін секілді. Тіпті, жемқордың «ақша» жеуі үшін қайда болса, сонда жануға әзір-ау!..  

Е-е-е, мына заманда «Журналдың өртінен жемқордың дерті қауіпті» болып тұр ғой.

Суретті салған: Нұрлан ТАЗАБЕКОВ

«Айфон» атауы қайдан шыққан?
8 декабря 2015
Нұрсұлтан Оқпанұлы
просмотров: 5922, комментариев: 1
  – Қазақта қанша би болған? – Үшеу. – Кім-кім? – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. – Қазіргі би қанша? – Біреу. – Ол кім? – «Сотыби». Қазіргі мәселенің көбісін сол «сотыби»-іңіз шешеді. Білмейтін бәлесі жоқ. Бір кісінің баласы «үйлену» мәселесін реттеу үшін ең бірінші «сотыби» сатып алып, екі өкпесін қолына ала үйіне асығып жетеді: – Алақа-а-а-ай, «айфон» алдым. – Не дейді, құлыным? – деп әжесі елең ете қалады. – «Айфон» алып келдім, апа, «айфон», – десе, әжесі әуелгіден де ден қоя: – Ол кім? Келін бала ма? – деп еліге түседі. – Бізге бір ауыз айтпастан бұл қайткенің? Әлде астыртын көлікке өңгеріп, алып қашып келдің бе? – Кеше алдым кредитке. – Ойбай-ау, келінді кредитке алған қай ата-бабаңды көріп едің? Бетім-ай!.. – Қайдағы келін, апа? «Сотыби» алдым, кәдімгі телефон. Міне! – Бағаналы бері сөйтіп айтпайсың ба бірден. Әкелші бері!.. Әй, мына титімдей «тілипөн» үшін несиеге ұрынып жүрсің бе? – Ой, апа, бұл – кім көрінген ұстайтын көди-сөди емес, «айфонның» алтыншы ұрпағы. – О, масқара! Қай-қайдағы бір «тілипөннің» ұрпағын әкелгенше, одан да сонша қарыз ақшаға анау Мергенбайдың алтыншы қызын алғаның анағұрлым жақсы еді ғой. Енді, мына биттей бәлені не істейміз? Түкке қажеті жоқ.    Осының бәрін төрде құлағы шалып отырған әкесі жастықты жантая: – Енді қолыңызды суға емес, күнде телефонды токқа малып отырасыз, қуаты азайған сайын, – деп әзіл жүгіртеді.     – Олай демеңіздер, қазір заман талабы осы. Оның үстіне бұл телефонның «заряды» толса, әрмен қарай қуат қабылдамайды. Өте ақылды! Әрі түнде фонарик. Айсыз түнде адаспай жүре бересіз. Міне, қараңыз... – Ой, тоба, тап бір айдың сәулесіндей тамаша түсіп тұр ғой! – Айдың фоны ғой, апа, жарқырап тұрған. Жасап шығарған Стив Джобс деген азамат екен. «Айфон» деп сол үшін атаса керек!   – Ой, айналайын, автордың атасына рахмет! – Бұл биттей болғанмен, жұмысы киттей. Ішін ашсаңыз құс сүтінен басқасының бәрі бар. Қайта осы телефон арқылы бойжеткендермен тілдесем. Сөйтіп, болашақ келініңізге қол жеткізем. – Міне, ақылы атасынан асқан, алтыным сол, – деп әжесі немересінің бетінен сүйіп еміренді, – «сотыбиің» расымен де сондай ақылды болса, айналайын, айта қойшы, дүниеде не боп жатыр? – Қазір «Айфоннан» қарай саламыз. Тә-ә-әк, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы мектеп директоры С.Естемісова және бас есепшісі Қ.Оразаева! Әлгілер дегенің қадірлі қызметін қалағанынша пайдаланып, өздеріне сондай сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 2014-2015 жылдар аралығында заңсыз иемденген.  – Қу дүние қиын ғой. Сонда қанша жымқырған? – Қазір ашайын. 2 миллин 340 мың 744 теңгені қылқ еткізсе керек. – Мешкей деген жақсы ат емес, шырағым. – Сол да сөз боп па? Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Instagram» мен «WhatsApp»-та ресми аккаунт ашты ғой, апа. – Ақау ат деген не пәле? – Ақау ат емес, апа. Аккаунт! Бір сөзбен айтқанда, сіздің желідегі үйіңіз. Бір күнде қанша адам қонақ боп кіріп шығады. Хат алмасасыз. Бетпе-бет отырғандай сөйлесесіз. Міне, мынау асағыштардың алдын алатын күрес қызметінің желісі – «WhatsApp». Телефон нөмірі – 8 702 683 77 83. Оларға хабарласақ, бірден тоқтатады. – Тезірек хат жібер, әйтпесе, жемқорлардың жегені желкесінен шығып, жарылып кетер.    Жемқорлық жайлаған жегі құрттардың жолы кесілсе, қане!.. Тойымсыздар тоқтай ма, осы?
Иегі неге қышиды?
5 ноября 2015
Нұрсұлтан Оқпанұлы
просмотров: 10354, комментариев: 11
"Мен болашақта «жеңімпаз» жемқорлармен жекпе-жек өткізгім келеді"