misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 562 гостя

Болар бала...

с нами с 12 мая 2014

554a72c059dd1.jpgБайқап жүрген шығарсыздар технологиялар дамып, өмір сүру оңайла түскен сайын біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз де кәдімгі кітапқа қарап, оны оқып отырғылары келмейді. Керегін қолындағы планшетін ашып жіберіп интернеттен қарай салу оларға әлде қайда ыңғайлы. Ғалымдардың айтуы бойынша жалпы балалардың оқуға деген қызығушылығы 1-2 сыныпта-ақ басылып қалады екен. Өйткені қазіргі балалар кішкентайынан бәрін біліп өскеннен соң оларға мектеп қызық емес. Ал мектептегі қалыптасып қалған жүйеге алдағы бірнеше жылда өзгертулер енгізіп, оны оқушыға қызықты етпесе олар сабақ оқуды тастап кетеді-мыс.

Бүгінгі күні біздің елімізде осы бағытты қолға алып жатқан қазақ-түрік лицейлері оқушылардың күрделі ғылыми сұрақтардың шешімін іздеу, аутентикалық зерттеу жұмыстарын қолдану, ертеңгі күннің өзекті мәселелеріне шешім табудағы қабілетін шыңдау арқылы Қазақстанның білім беру саласына қомақты үлес қосып келеді. 

Оның жарқын дәлелі қазақ-түрік лицей оқушыларына арналған Young Inventors Project Competition, яғни жас жасампаздардың бірегей жоба жарысы.

YIPC – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы аясында жас жасампаздардың алған білімін өз бетінше зерделеп, түрлі жоба дайындауы арқылы технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды қолдануына мүмкіндік беретін, олардың өнертабыстық қабілетін ашу және оны жетілдіруді көздейтін өміршең жоба.

Жобаның негізгі мақсаты Project Based Learning, яғни «жоба негізінде оқыту» технологияларының ұтымдылығын көрсету болып табылады.

Әр жылы оған 1000-ға жуық оқушы жобасын ұсынып, оның ішінен 400-ден астам жоба сұрыпталып, ақтық сынға тек 100 жоба жолдама алады. 

Жолдама алу бір бөлек, сол жүздіктің ішінен өзіңнің жобаңның маңыздылығын көрсетіп, оны қорғап шығу мүлдем бөлек әңгіме. Қарап тұрсаң сондай кіііп-кішкентай балалар. Ал айтып жатқандарын, өздерінің зерттеп жатқан жобалары бойынша жеткен жетістіктерін көріп таңқаласың. Біз оқушы болғанда тіпті «Информатика» пәнінде сыныптағы компьютерлерге жақындатпаушы еді... Эээх :))

Өткен жылы елімізде алғашқы рет ұйымдастырылған "Жас жасампаздар" жоба сайысына қатысып, балалардың жұмыстарын көріп қызығыыыып қайтқан едім. 

Биыл да аталмыш сайыстың екінші рет өткізіліп жатқандығын естігенде 2015 жылғы жобаларды көргім келіп арнайы бардым. Балалардың дайындығы жылдан-жылға күшейіп келе жатқандығы айқын көрінеді. Жобаларының сапасы да, деңгейі де біраз артқан екен. Сүйкімді, әрі ақылды оқушылар! Әдемі жобалар! Әдемі сайыс!

YIPC көрмесіне барып келгеннен кейін ондағы мені таңқалдырған балалар мен олардың жобалары жайында оқырмандарыммен бөліспесем болмас деп компьютер алдына отырдым.

Ал кеттік... 

ҚҰРАЛАЙ Сағидоллаева: МЕНІҢ АРМАНЫМ ТУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ҚОНАҚҮЙЛЕР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

- Менің жобамның мақсаты қазақстандық брендті әлем бойынша таныту. Яғни тудың негізінде жасалған қонақүйлер жүйесін құру. Алайда ол қонақ үй әр елде өзінің туының негізінде жасалады. Бірақ оның негізі Қазақстанда шыққандығын бәрі білетін болады. Бұл қонақүйлер экологиялық таза, күн мен желден алынатын энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар арнайы жаңбыр суын жинайтын құрылғылары болады. Олар қонақүйдің жылыжайларында өсетін өсімдіктерді, жеміс-жидек, көк-өністерді суғаруға қолданылады. Бұл қонақүйлердің тұрғындары өздерінің жеп жатқан тамақтарының экологиялық таза өнім екендігіне сенімді болады. Мен бұрыннан өзімнің қонақүйім болса деп армандайтынмын. Бұл жоба соның негізінде дүниеге келген.

 

ЕРАСЫЛ Ділдайым: БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ ОЙЫН БОЛМАҚ

- Қазақ хандығына арналған ойын жобасы ойын арқылы Қазақ хандығының тарихын үйренуге бағытталған. Қазіргі уақытта жастарға тарихты кітап арқылы оқып, сабақта үйрену қиын. Ал ойын арқылы олар көбірек ақпарат алады. Бұл ойында Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, Кенесары ханның өліміне дейінгі ең-ең деген оқиғалар баяндалады. Қазіргі біз ұсынып отырған демо-нұсқасында Қасым хан және Шайбани хан арасындағы тартыс оқиғасы бар. Сонымен қатар ойын арқылы ойыншы сол кездегі ұрыстардың қай жерде, қай мезгілде болғандығын ғана емес, батырлардың қалай киінгеніне дейінгі барлық ақпаратты игере алады. Ойын «World of Warcraft»-қа ұқсағанымен, бұл 0-ден басталған жоба. Ол қазақ хандығы туралы алғашқы ойын болмақ.

 

ТОРҒЫН Асылханова: БАКТЕРИЯҒА ТӨТЕП БЕРЕ АЛАТЫН САБЫН ЖАСАДЫҚ

- Біздің жоба «Антибактериалды сабынның зияны мен пайдасы» деп аталады. Біз антибактериалды сабынды зерттеу барысында оның ішінде адамның терісіндегі қорғаныш қабатын құртатын заттын барын анықтадық. Яғни ол сабындар тек зиянды бактериаларды ғана емес, пайдалы бактериаларды да жойып жібереді екен. Осыны алдын алу үшін біз зиянды деген қоспаларды алып тастап өзіміздің сабынымызды жасап шығардық. Сөйтіп өзіміз жасаған және антибактериалды сабынмен қолды жуып, одан «мазок» алып оған бактерианы отырғыздық. Нәтижесінде антибактериалды сабынмен жуылған қолдың «мазогы» бактериалардың көбеюіне ыңғайлы болып шықты. Сонымен қатарғалымдардың жүргізген көптеген зерттеулерінің нәтижесі бойынша антибактериалды сабынды күнделікті қолдануға болмайды. Онымен тек жан-жануарларды ұстап, медициналық орталыққа барып келгеннен кейін қолды жуу керек. Бір айта кетерлігі адам қандай сабынмен қолды жуса да қолдағы бактериаларды кетіруі үшін оны қолда 20 секунд ұстап тұру қажет. Ал кәдімгі сабыннан гөрі, сұйық сабынды қолданған абзал.

 

АЖАР Сембекова мен АРИНА Эккарт: БАЛАЛАРҒА АРНАП YURTIX XXI КОНСТРУКТОРЫН ДАЙЫНДАДЫҚ

- Қазақ үй ғасырлар бойы тек қазақтар үшін ғана емес барша түркі халқының ең қолайлы тұрғын жайы болған. Ал қазіргі уақытта сыртқа шығып кез-келген адамды тоқтатып, киіз үйдің құрылысы, ол қандай элементтерден тұратындығы, олардың қайсы неге арналғандығы туралы сұрасақ барлығы дерлік бұл сұрағымызға жауап бере алмайтындығы анық. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жаңа заманға сай YURTIX XXI атты жобаны ұсынуды жөн көрдік. 

Яғни, халықты конструктор арқылы киіз үймен таныстырсақ деген ой келді. Өйткені киіз үйдің құрылысымен толық таныспайынша оны ойша елестету мүмкін емес. Ал біздің жобамыздың мақсаты киіз үйдің кішірейтілген үлгісін конструктор ретінде таныстыру. Ересек адам да, бала да конструктордағы анықтамалықты қолданып киіз үйдің әр бөлшегін құрастыра отырып, оның бірегейлегіне көз жеткізіп, ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарды терең ұғынып, дәстүрдің сақталуына өз үлесін қосады. YURTIX XXI-дің жалпы бағасы 50 мыңды құрайды. Оның әрбір бөлшегін өзіміз компьютерде жасап, 3D принтерде басып шығардық. Сөйтіп бәрін жинақтап, жабдықтарын қолымызбен тігіп дайындадық.

 

АБЫЛАЙ Еділбаев: БІР ҚОЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ЫҢҒАЙЛЫ ПЕРНЕТАҚТА ЖАСАДЫМ

- Менің жобамның аты «Әмбебап пернетақта» деп аталады. Бұл пернетақта мүгедек жандарға немес уақытша қолында гипсі бар адамдарға арналған. Пернетақта бір қолмен жұмыс істейтін адамдардың мүмкіндігін шектемей барлығын ыңғайлы қолдана беруіне мүмкіндік береді. Қазір қолымда тұрған пернетақта менің ең алғашқы жобам болатын. Сондықтан мұнда тачпад алыстау орналасқан. Ал келешекте оны пернетақтаның ортасына  немесе джойстик ретінде орналастырамын деп жоспарлап отырмын. Сонымен қатар USB порттар, микрафон мен құлаққап сынды гарнитураларды енгіземін. Бұл идея қалай келді дейсіздер ғой... Біздің мектепте ағылшын тілінің мұғалімі бар. Ол кезінде күреске қатысып оң қолын жарақаттап алған екен. Содан оң қолының сүйектері өскенде дұрыс өспей, қазіргі уақытта ол тек сол қолымен жұмыс істейді. Ол кісінің сабақ уақытында компьютерді қолданғанда тінтуір мен пернетақтаны кезек-кезек қолданып отырғанын көрдім. Сол кезде мен осындай жинақы, әрі ыңғайлы пернетақта ойлап тапсам бір қолмен жұмыс істейтін адамдарғы ыңғайлы болар еді деген ой келді. Сөйтіп осы «Әмбебап пернетақтаны» жасап шығардым.

 

АҚНИЕТ Серікбаев: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ШЫҒАРМАЛАРЫНА КОМИКСТЕР ЖАСАП, ОНЫ БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТСАҚ ДЕЙМІН

- Менің жобам «Қазақша комикс» деп аталады.  Өзім сурет салуға кішкентай кезімнен қызығамын. 5 жасымнан бастап анам менің сурет салуға деген қабілетімнің жоғары екендігін көріп, арнайы бейнелеу өнері үйірмелеріне берді. Уақыт өте келе мен қазақ тілінде комикс жасаса қандай керемет болар еді деп ойлап, соған өзім кірісе бастадым. Ол бастамамды ұстаздарым қолдап, бүгінгі осы бағытта жұмыс істеп жүрмін. Қазіргі уақытта «Қалқаман-Мамыр» дастанын қазақша комикс кітапша етіп шығардым. Оны кітапқа сүйене отырып суреттерін салып, беттедім. Бұл комиксты жасап шығаруыма Сұлтан деген досым себепші болды. Ол бір күні меннен осы дастан туралы сұрады. Мен ол жайында толыққанды білмегеннен соң біраз сасқалақтап қалдым. Сонда дастанды оқу ұзақ болғандықтан оны көбісі оқи бермес деп, оның есте жақсы сақталуы үшін, әрі оқығанға да қызықты болуы үшін  комикс ретінде жасақтап шықтым. Менің қазақша комикстер жасаудағы мақсатым қазақ комисктерінің кеңінен таралуына себепші болу. Қазіргі уақытта балалар кітап оқығанды аса ұната бермейді. Ал комикстер қысқа-нұсқа, әрі әдемі суреттермен әрленген. Егер осы комикс салуды қазақ балаларының арасында дамытсақ, қазақша комистердің санын арттырсақ. Сөйтіп қазақ әдебиеті шығармаларына комикстер жасап, оны бүкіл әлемге танытсақ деймін. Америка, Англия сынды атақты елдер қазақтың шығармаларын оқып, оларға сүйсіне қарап отырса деген арманым бар.

Шай ішейік
24 мая 2016
Eldar Kurmanbayev
просмотров: 4056, комментариев: 1
Бүгінде бүкіл әлем оның ішінде Қазақстанда телеарналардағы ойын-сауық форматындағы бағдарламаларға жіпсіз байланған. Алайда кейде мұндай хабарлардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болып жатады. 
«Түлкілер мен қояндар» қоғамы
26 ноября 2015
Асқар Ақтілеу
просмотров: 5909
Қояндар мен түлкілер тек Дариға Назарбаеваның ауласында ғана емес, қоғамда да өріп кетті