misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 54 гостя

"Сенің дауысың - сенің болашағың!"

с нами с 12 мая 2014

Үстіміздегі жылдың 17 наурызынан бастап Республика бойынша 2015 жылғы сайлауға келушілердің белсенділігін арттыру, азаматтық қоғамның терең, бірегей құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында "Сенің дауысың - сенің болашағың!" атты постерлер байқауы басталған болатын.

Өткенде Астанада республикалық байқаудың өту барысы туралы ОСК, «Қазконтент» АҚ өкілдері, байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы баспасөз мәслихатын өткізді.

Байқау басталғанда, яғни 17 наурыз күні қазылар алқасының мүшесі, әнші, продюсер, қоғам қайраткері, тәлімгер Нұрлан Албанмен сөйлесіп, оның мақсаты жөнінде сұрағанымда ол:

- Бүгін мемлекет бойынша «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты үлкен акциялық жоба іске қосылды. Ол байқауға Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Бұл үстіміздегі жылы келе жатқан 26 сәуір мемлекетіміздің Президент сайлауы қарсаңында болып жатқан байқау. Оның ерекшелігі бүгінгі таңда жастардың көп бөлігі ғаламторда отырады. Яғни кәмелетке толған әрбір жастың ел алдынында бір идеясына, ел алдындағы бір жақсы бастамаларына бірден-бір себепші болып жатқан байқау. Бір жағынан кәмлетке толған қазақстаннның әрбір азаматына сайлауға қатысуға үндеу. Кеше ғана 18 жасқа толған әрбір жасқа жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеу. Өйткені елдің болашағы мемлекеттің мықтылығында болатын болса, ал елдің бірлігі мемлекеттің бірлігі деген тақырыпқа саяды. Сондықтан әрбір жастың осы байқауға қатысуының өзі ұлтжандылықты, патриоттық сезімді, өзінің елі мен жері үшін, болашақта өзінің Президенті үшін қатты алаңдайтын сәт болғандықтан бұған қосып жатқан бірден-бір үлесі деп білемін. Бұл жерде жасқа ғана емес, мамандыққа да шектеу қойылмайды. Оған әншілер, аты шулы продюсерлердің өзі, опера мен балет аясында жүрген саңылақтардың өзі , тіпті ол механик, құрылысшы болсын қаламы қарымды болып, сурет өнеріне бейімі мықты болып жатса әрбір адам толыққанды ат салысуына мүмкіндігі бар. Бұл біздің қазақстандық бауырларымыз үшін, отандастарымыз үшін жасалынып жатқан үлкен жоба. Акция бүгін бастау алды, ол 15 сәуірге дейін жалғасады. 20 сәуір күні «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы өзінің мәресіне толыққанды жетіп, қорытындалынатын болады, - деген.

Араға бір ай салып «Сенің дауысың – сенің болашағың!» байқауы үлкен жобаға айналды. Оған Қазақстанның барлық аймағынан бүгінгі күні 500-ден астам жұмыс келіп түскен, және олардың саны сағат санап артуда!

                                                           ҚАТЫСУШЫЛАР

Жобаның бүгінгі жағдайы туралы "Қазконтент" АҚ атқарушы директоры Диас Есдəулетов

Бүгінгі таңда байқауға 500-ден астам жұмыс келіп түсті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жұмыстар келіп түсуде. Байқау кішігірім ауылдардан бастап, облыс орталықтары мен қалаларды қамтуда. Ең көп постер Алматы, Ақмола жəне Батыс Қазақстан облыстарынан жіберілген. Авторлардың көбісі жастар, оның ішінде 18-25 жас аралығындағы қатысушылардың саны байқауға жұмыстарын ұсынғандардың жартысынан көбін қамтиды. Ол жас қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі артып келе жатқандығын жəне олар оны шығармашылық түрде көрсете алатындығын білдіреді, - деді.

Оның айтуы бойынша, əлеуметтік желі қолданушылары өздеріне ұнаған постерлерге онлайн дауыс беру мүмкіндігіне ие. Олар белсенді түрде өздеріне ұнаған жұмыстарға дауыс беруде. Дауыс берушілердің саны бүгінгі күні 50 мыңнан астам адамды құрап отыр.

«Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының төрағасы Айдар Қырықбайдың айтуы бойынша байқаудың ең жас қатысушысының жасы небәрі 14-те. Ең жас қатысушының есімі Шұғыла Махамбетова. Ол Астана қаласында Қазақ Ұлттық өнер университеті жанындағы мектептің бесінші сынып оқушысы.

                                              ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

"Сенің дауысың - сенің болашағың!" постерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Алматы қаласында өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады. Ал Орталық сайлау комиссиясы төрағасының атынан 5 адамға арнайы алғыс хат тағайындалады. Сонымен қатар демеушілердің атынан арнайы сыйлықтар бар. Арнайы номинациялар қазылар алқасының кезекті жиналысында нақтыланатын болады, - деді Айдар Қырықбай.

Сонымен қатар байқау өтіп жатқан "El.kz" əлеуметтік желісінің атынан арнайы номинация қарастырылғандығын айтқан "Қазконтент" АҚ атқарушы директоры Диас Есдəулетов:
Жеңімпаздар халықтық дауыс беру арқылы анықталады. Гран-приге ең көп дауыс жинаған қатысушы ие болады. Онымен қоса қазылар алқасы байқауға келіп түскен барлық жұмыстарды қарап шығып, олардың таңдаған үздік жұмыстары бойынша да арнайы марапаттар болады, - деп атап өтті.

                                              БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Айдар Қырықбайдың айтуы бойынша, 20 сəуір байқаудың қорытындысы шыққаннан кейін ертеңіне Алматы қаласында байқауға қатысқан жұмыстардың барлығының басын қосып үлкен көрме жасау жоспарлануда.

Айта кетейік, Байқау "Sailau2015.el.kz" арнайы тұғырнамасы аясында "El.kz" əлеуметтік желісінің базасында өтіп жатыр.

О литературном конкурсе «Дарабоз»
12 мая 2015
Beknur Kissikov
просмотров: 3117
«Человек приходит из детства». Антуан де Сент-Экзюпери
Раскаяние. Конкурс
13 сентября 2013
Ася Леви
просмотров: 2923, комментариев: 3