misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 129 гостей

Қазақ мектептерінің оқушылары Кембридж студенті ме?

с нами с 16 февраля 2015

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етілді. Сонымен бірге 2007 жылғы кезекті Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған болатын.

Бұл идеяның қолға алудағы мақсат бүкіл әлемге Қазақстанды үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет ретінде таныту. Ол үшін болашақ ұрпақ заман талабына сай бәсекеге қабілетті, үш тілді жетік меңгеруі тиіс. Яғни, осы мақсаттта бастауыш сыныптан бастап үш тілде білім беру, мемлекеттік мекемелерде құжаттарды үш тілде рәсімдеу тағысын тағылар әлдеқашан басталып кеткен болатын-ды.

Осы орайда еліміздің білім беру мекемелерінде, соның ішінде ауыл мектептерінде ағылшын тілінде білім беру үрдісі қалай іске асып жатыр?  Мектептегі ұстаздардың кәсіби шеберлігі және оқулықтармен  жабдықталуы қалай? – деген сұрақтар туындайды. Неге ауыл мектептері, неге қала мектептері емес деген сұраққа келсек. Өйткені оқушылар үшін мектептен тыс уақытта жеке қабілетін шыңдауға деген мүмкіндіктер толып жатқан қала мектептері туралы айтпасақ та болады. Ал мектептен тыс жерлерде интернеттің өзі жоқ ауыл мектептеріндегі жағдай жаңалық емес екені анық. Ал ең сорақысы менің ауыл мектептеріндегі оқушылардың оқулығын ең алғаш көргендегі таңғалысымды жасыра алмадым.

Жалпы қазір ел ішінде ата-аналар арасында: «Оқушылардың оқулығын оқушы тұрмақ біз өзіміз түсінбейміз» - деген сөз кең тарап кеткен. Бұл сөз бекерге айтылмаса керек. Өйткені қазіргі кезде мектеп оқушыларының түсініксіз оқулықтармен қамтамасыз ету кең үрдіс алған. Оқулықтың күрделілігі соншалықты оқушылардың миын ашытып, оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын төмендетуге бағытталғандай әсер қалдырады. Сондықтан болар көп жағдайда оқушылар үй тапсырмасын ата-аналарымен бірге жабылып орындап бас қатырып жатады. Солай үй тапсырмасын орындап апарып тиесілі бағасын алып келеді. Одан қала берді бірлі-жарым оқулықтардың жетіспеушілігі оқушылардың бағдарлама бойынша білім алуына кедергі келтіреді.

 Осы орайда жылдың басында туған жерім Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы  Абай ауылына бірнеше күнге демалысқа барып қайтуға жол түсті. Бір күні бос уақытымда әдеттегідей №4 Абай орта мектебінің 7 сынып оқушысы інім Нұрымның оқу үлгерімін тексеруге кірістім. Ол сол уақытта баяғы әдетіне басып маған ағылшын тілінің тапсырмаларын орындауға көмектесуімді өтінді. Менім келіскенім сол еді, дереу маған ағылшын тілі оқулығын көтеріп алып жетіп келді. Оқулығына көзім түсіп, таңқалғанымды жасырмай кітапты бір ақтарып қарап шықтым. Оқулыққа қарап отырып не ойларымды білмедім. Сенбестікпен бірнеше мәрте шын мәнінде сендер осы оқулықпен барлық 7-ші сынып оқушылары оқисындар ма?  Әлде тек сенде ғана ма? – деп сұрақтың астына алдым. Ол тіпті маған басқа достарын оқулығымен үйге шақырамын деген соң ғана сенгендей болдым. Оқулық мына төмендегідей:

Оқулықты көргендегі менің таңқалғаным - оқулықтың Қазақстан метептерінің 7-ші сынып оқушыларының білім деңгейіне сәйкес емес екені бірден көрініп тұр. Кембридж университетінің баспасынан шыққан «Intermediate» деңгейіндеге оқырмандарға арналған оқулық мектеп оқушылары үшін, әсіресе өткен жылы ғана ағылшын тілі пәнін оқи бастаған оқушылар үшін өте күрделі. Бұл Менің інім Нұрым сабақ үлгерімі жағынан сыныптастар арасында үздік оқушы болып табылады. Ағылшын пәні бойынша бестіктер қатарында. Алайда, ағылшын пәні туралы білімін  тексерер болсақ, шындығын айтқанда әріптің басын қосып дұрыстап сөйлем оқи алмайды. Ал текстін мазмұны туралы  тіпті сұрамай-ақ қойса да болады. Осы тұста оқулығын нашар болса, оқушыны кіналама деген тағыда қазіргі уақыттың кең таралған мәтелі ойыңа оралады.

Бұл қалай, әліпбиді өтпегенсіңдер ме деп оқушының өзінен сұрасам, мұғалім бізге тек тест жаздырады деп қысқа ғана қайырады. Осыған дейін бұл туралы мәселені мектеп директорына, ағылшын пәнінің мұғаліміне өткен жылы хабарлап айтқан болатынмын. Алайда, нәтиже болмады, өйткені мектеп мұғалімдерінің білім деңгейі жетпесе немесе сабақ беруге құлқы болмаса, тек бірнәрсемен алдандырып (сериалдар туралы айтып, тест жаздырып немесе текстер аудармаға беріп) уақыт өткізітендігі өзімнің мектепте оқыған жылдарымнан жақсы білетінмін.

Осылай берілген білім болашақ Қазақстанның жастарын заман талабына сай бәсекеге қабілетін қалыптастыра ала ма деген күмәнді ойға жетелейді. Орта мектептердегі баяғыдан қалыптасқан үрдісті мұғалімнің сағатын өткізіп жалақысын алуы, оқушының мектепке сөмкесін арқалап барып қайтуымен ғана сырттай сипаттап бағалауға болатын сияқты. Ал сапалы білім туралы мәселе көп жағдайда тек сөз жүзінде ғана қалатындай көрінеді де тұрады...

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3283
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12901, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"