Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қазіргі заманның ең әйгілі мүсіншілерінің бірі Цадок Бен-Давидтің «Айдың арғы беті» атты жеке көрмесі ашылды.
Цадок Бен-Давид дүние жүзінде кең танылған және көпшілік мойындаған өзіндік көркем стилін қалыптастырған мүсінші.
Ол 1949 жылы Йеменде дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен бірге Израильге қоныс аударып,Иерусалимдегі Бецалель Ұлттық өнер академиясында (Bezalel Academy of Arts) білім алған. Кейін Рединг университетін (Design University of Reading) және Әулие Мартин атындағы Орталық өнер және дизайн колледжін (Central Saint Martins College of Art and Design) тәмамдап, оқуын Англияда жалғастырған. Қазіргі уақытта Лондонда жұмыс істейді.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
«Айдың арғы беті» деп аталатын экспозиция мүсіншінің ақиқатқа айналған ойы мен қиялының көкжиегін көрсетіп, өнерсүйер қауымды бірегейлігімен таң қалдыратын «Қара алаң», «Айдың арғы беті» және «Қара гүлдер» деп аталатын 3 инсталляциядан тұрады. Бұл инсталляцияларды Цадок Бен-Давид 3 жыл жасаған. Мұнда келген жан мүсіншінің еңбекқорлығына, фантазиясына таңқалмай қоймайды. Бір жағы қара түсті, яғни өлімді көрсететін болса, екінші жағы түрлі-түсті болып жайнап тұрған өмірді көрсететін «Қара алаң», адамның өмірге деген көзқарасын көрсететін «Айдың арғы беті»...
Цадок Бен-Давид "Жүз рет естігенше, бір рет көр" деген көрме деп айтар едім. Ал ендеше көрейік!
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
«The Other Side of Midnight»
«Айдың арғы беті» инсталляциясын көрермендерге көрсету үшін ҚР Ұлттық мұражайныда арнайы «Қара бөлме» жасақталған. Бұл инсталляция флуоресцентті түске боялған 2000-ға жуық көбелек пен түрлі жәндіктерден тұратын диаметрі 3 метрлік дөңгелек орналастырылған. Оған түсіп тұрған ультрафиолет сәулелерінің әсерінен бұл дөңгелекке «жан» біттіп тұрғандай әсер аласыз.
«Blackfield»
«Қара алаң» инсталляциясы көз алдыңызға тот баспайтын құрыштан ойылған 20 100 дана өсімдік «егілген» құмайт жерді елестетеді.
Мұндағы гүл және шөп бейнесіндегі қолдан боялып жасалған мүсіншедер ХVIII-ХIХ ғасырлардағы викториандық энциклопедиялардағы өсімдіктердің көшірмесі болып табылады. Мүсіндердің бір беті қара түсті болса, екінші беті сан алуан түстерге ауысып тұрады. Бұл өмір мен өлім қашанда жақын, қашанда бірге деген ұғымға сай келеді. Цадок Бен-Давидтің түсінігіндегі тіршілік метафизикасы осындай.
«Blackflowers»
«Қара гүлдер» инсталляциясы алюминийден ойып қолмен жасаған 22 гүлден тұрады. «Blackflowers» - «Blackfield» инсталляциясының метонимиялық жалғасы іспетті. Мұнда суретші белгілі бір гүлдерді адам бойымен бірдей биіктікке дейін үлкейткен. Мүсіндердің қою қара түсі, сондай-ақ олардың жіңішке әрі нәзік сұлбасы – суретшінің ойына бағынған.
Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрме Астана қаласындағы Ұлттық музейдің Заманауи өнер залдарында 2014 жылдың 26 қыркүйегі мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді.
Астаналықтарға арнайы барып көрулеріне кеңес беремін!
Бұл өнер туындысын көрген де арманда, көрмеген де арманда! :)