misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 47 гостей
Мәдениет
6199
с нами с 7 октября 2015

Қазаққа әмеңгерлік керек пе?

Бұл сұраққа ғалым Халел Арғынбаев «Қазақ халқындағы семья мен неке» атты кітабында толықтай жауап берген: «Әке өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас ең жақын жанашыры жеңешесіне үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алатын да, мал-мүлкіне заңды түрде иелік ететін. Жесір қалған әйел күйеуге шықпай, балаларын бағып отыра берем десе, оған зорлық жасамайтын. Бұған туыстар болып жетім қалған балалар мен жесір жеңгеге қамқорлық жасайтын. Жесір әйел әмеңгерлікке мойынсұнбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің киім-кешек, төсек орны мен мінер атынан басқа ештеңе берілмейді. Әрине төркінінен келген жасауынан сақталғандары болса, оған ешкім таласпайтын. Бірақ, тиетін күйеуінен айып есебінде үш тоғыз не бір қызға берілетін қалыңмал алынатын. Шешесі басқа күйеуге шығып кеткен жас балалар әкесінің туыстарында қалатын да, әкеден қалған мал-мүлік олардың қамқоршысының қолында болады. Өлген адамның артында ешбір бала болмаса, жесір әйел, мал-мүлкімен әмеңгеріне қосылады. Әмеңгерге шыққысы келмей, басқаға кеткісі келсе, жоғарыдағы айтылғандай, болмашы үлесін алады да кете барады». 

Бұл айтуға оңай көрінгенімен іске асыру қиын нәрсе. Әмеңгерлік  бабаларымыздың бағзы замандардағы тұрмысқа байланысты шығарған заңы екенін ұмытпаған жөн. Әмеңгерліктің қазақ арасында кеңінен орын алғаны «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің інісі Сансызбайдың жеңгесін алып кетуі арқылы белгілі. 

Дегенмен, бұл құбылысқа әрдайым екі ұдай пікір болғаны байқалады. Жазушы Ғабит Мүсірепұлы өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде» былай жазған: «Біздің сол жас бала кезімізде Қазан, Ташкент, Бұхар арқылы тараған «қиссалар» тасқыны басталды. ...Сол кезде құлаққа сіңгеннен қалған бір-екі жол өлеңді мен ерте жарияладым. Ол Жібектің әмеңгерлікке қарсылығын көрсететін сөздер еді:

Көрпені ағаң ашқан сен ашқандай,

Не болды жас басыңнан, сорлы бала?»

Енді әмеңгерлік орын алған нақты деректерге тоқталайын. Шоқан Уәлихан өмірінің соңғы күндерін Жетісуда,  Тезек төренің ауылында өткізгені белгілі. Ғалым Әлкей Марғұлан өзінің ізденістері барысында ғалымның туыстарымен кездескен. Осы естелігінде Ә.Марғұлан Шоқанның соңғы хатының мәтінін келтіреді: «Айсары менен кейін жалғыз қалды, оны бұл жерде қалдырмай елге алып қайтыңдар, бар жүректеріңмен қуаныш беріңдер», – дейді Шоқан хатында. Осылай деп жазған ғалым ары қарай: «Жақыптың (Шоқанның інісі – Б.О.) бір ерлік ісі – ол Жетісуға барып, Шоқанның жесірі Айсарыны Сырымбетке алып келді. Жетісуға ол 25 кісімен барды. Олардың ішінде басшылары Садуақас, Имантай Сәтбайұлы, Жолтабардың Мұқаны, тағы басқалар» деп жазады. 

Жалпы, Жақыптың үш әйелі болған: үлкені Ману, Тұрлыбектің қызы, екінші Ғақия, Керей Өсіптің қызы, үшіншісі әмеңгерлік салтымен алған Шоқанның жесірі Айсары. Жақыптың ұлы Құлыштың айтуында әкесі Жақып Айсарыны әкесі Шыңғыс сұлтанның айтуымен алған. Жақып пен Айсарыдан Мәриям, Мәлік, Рабиға атты үш бала туған. Құлыштың өз әкесі туралы «Жақып Айсарыны әкесі Шыңғыс сұлтанның айтуымен алған» деуінде де үлкен бір сыр жатыр. Соған қарағанда Жақып та әмеңгерлікті онша жақтыра қоймаған болуы керек. Бірақ он тоғызынша ғасырдағы әкенің сөзін екі етпеу керек деген заңмен өскен ол бұл әрекетке амалсыз барған. 

Қазақтың белгілі биі Балқожа Жаңбыршиннің немересі болашақ ағартушы Ыбырайдың әкесі Алтынсары қайтыс болғаннан кейін анасы Айман Шегенқызы сол кезгі әмеңгерлік салты бойынша қайнысы Қошанға шығады. Ақын Мәриям Хакімжанова, ғалым Шәбден Балғожин осы Қошанның ұрпақтары. 

1965 жылы жарық көрген «Айтыс» кітабында Күзен – Кете Жүсіп Ешниязұлының жеңгедей алған әйелі, Шөмішті Керейіт елінің белгілі адамы Алпысбайдың қарындасы, деп жазылған.

Халқымыздың мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан Өзбекәлі Жәнібекті  кім білмейді. Бірақ, осы бір аяулы тұлғаның бала кезі өте бір ауыр болғанын жұрттың бәрі хабардар емес. Мүсілім Дайырбеков «Өзекеңнің өнегесі» атты мақаласында: «Қайғыға қайғының жамала түскені қандай ауыр. Кітапта анасына әмеңгерлік жолмен үйленген туысы Серім Өзбекәліні жетегіндегі атқа мінгізіп, мектепке алып бара жатады. Жолай кездескен адам: «Секе, бұл кімнің баласы, қайда алып барасың?» – деп сұрағанда, оның «жесір әйелдің баласы, мектепке алып барамын» – дегені Өзбекәлінің жүрегін мәңгіге жаралағаны сөзсіз. Серімнің өз бауырынан «Жәнібек туысымның баласы» деген бір ауыз сөзін аяғаны неткен ақымақтық! «Асы жоқ алтын аяқтың, алтынын ал да отқа жақ» демекші, ондай ағайынды бар есебіне санаудың өзі қиянат» деп жазғаны кімнің де болса жанына қатты батары сөзсіз.

Қазақ мәдениетінің тағы бір жанашыры Ақселеу Сейдімбек күнделігінде былай деп жазыпты: «Әкем мен туған түннің шілдеханасында болып, ертеңіне соғысқа аттаныпты. Содан кешікпей қара қағаз келсе керек. 17-18 жасында жесір қалған шешемді әмеңгерлік жолымен соғыстан жеңіл жараланып қайтқан бір ағайынға қосып, мені әкемнің  туған ағасы Аманбек өз тәрбиесіне алыпты».

Қазақтың ұлы суретшісі Әбілхан Қастейұлының жанұясында да әмеңгерлік орын алғаны белгілі. Суретшінің әкесі Қастей қайтыс болғаннан кейін, оның анасы қайнысы Мәсімге тұрмысқа шыққан.

Тарихтың аласапыран уақытында Қытай еліне көшкен қазақтарда да әмеңгерлік салты болған. Оны 72-ге қараған шағында Гоминдан үкіметі жандайшаптарының жантүршігерлік қинауынан қазақ тапқан ақын Ақыт Үлімжіұлының тағдыры да растайды. Ақыттың бірінші әйелі түскен жылы қайтыс болған, кейінгі жұбайы Кәмпиттен 5 бала болған, ол да қайтыс болады. Кейін алған Боқай да жыл уағына жетпей қаза болған. Содан соң Ақыт әкесі Үлімжінің ағасы – Шүмектің Қырдасын деген баласы өлгеннен кейін, Қырдасынның кіші әйелі Мәликемен некелеседі.

Жаза берсем әмеңгерлік туралы деректер көп-ақ. Қазақтың осынау бір салтының осы бір жағы туралы жазушы Мұхтар Әуезұлы қазақ өмірінің энциклопедиясы аталған «Абай жолы» роман-эпопеясында нақты жазған. Абайдың інісі Оспан қайтыс болған соң бауырлары Тәкежан мен Ысқақ әмеңгерлік жөнінде мәселе көтереді. Бұған Оспанның үш әйелінің арасынан Еркежан қарсы шығады: 

« – Мен бай іздегем жоқ. Кенже өлген күні, – деп Оспанды ауызға алып

бауырымызға салып өсірген балапандарымыз (Абайдың немерелерін бауырына басқанын айтып отыр – Б.О.) бар. Әубәкір мен Пәкизат. Мен баласыз емеспін. Осы екеуінің ғана тілеуін тілеп, Кенженің артын күтіп, дүниенің өзге тілегін тыйып отырам деген антым бар. Айтпа маған, сұмдық сөзді. Үш қайнағама осыны жеткіз. Үлкен үйден сүйреп тастаса да, енді ерге тимеймін. Болмаса, осы шаңырақты, кешегі енемнің, Кенжемнің шаңырағы атандырам да, тапжылмай отырам... – деді. Сөз осымен бітті деп Шұбар мен Ерболды қайта сөйлетпеді. Салмақты, салқын жүзінен қатал тілекке бекінген қайрат көрінді». Бұл Еркежанның сөзі емес, қазақ қыздарының әмеңгерлікке деген көзқарасы екенін кім де болса түсінер.

 Жазушы Мұхтар Әуезұлы Абайдың інісі Оспан қайтыс болғаннан соң орын алған осы оқиғаға ақынның атынан былай деп баға береді: «Ойласа бар өмірде Оспан мен Абай үшін, Тәкежан мен Ысқақ туыс еместей, алыс жандар боп өткен екен... Енді Оспан жоқ. Бұлар болса, қылшығы құрамаған, тың, сергек, естияр болып, дүниелік үшін ентелеп отыр».

Абай әмеңгерлікке қарсы шығады. Бірақ, ағасы Тәкежан Оспанның үш әйелі Зейнеп, Еркежан мен Торымбаланың әмеңгерлері бармыз, деп Абайға осы жөніндегі: – Алғаш жесір алған сен бе едің!? – деген ашулы сұрағына,

 - Жоқ, алғашқы алмайтын менмін. – деп жауап береді.

Бұл шынында да халқының болашағына өзгеше көзқараспен қарай алған кемеңгер Абайдың жауабы болатын. Мұхтар Әуезұлы шығармасын жазбастан бұрын ақынның жақын адамдарымен кездесіп көп мәлімет жинағаны белгілі. Сондықтан жазушы бұл мәселеде де ақынның пікірі қандай болғанын анық білген.

Осы шығармасы арқылы М.Әуезұлы әмеңгерлікке өзінің де пікірін білдірген. Бала кезінде қазақ ауылында өскен жазушы әмеңгерліктің түрлі келеңсіз жақтарын да көріп өскені анық. Өз шығармасы арқылы осы бір тақырыпты ортаға сала отырып көпшілікке заманның өзгергенін, енді бір шешімге келу керек екенін меңзеген. 

Халық та, уақыт та өз сөзін айтты. Әмеңгерлік кешегі тарихтың бір жұрнағы ғана. Одан басқа ештеңе де емес. Арба қанша жақсы болса да ешкім бүгінгі ыңғайлы автомобильдерінен түспейді ғой. Әмеңгерлікті жаңғырту деген жаңа киімді ескі матамен жамаумен тең. Сондықтан, қай мәселенің болса да  шешімін өткен уақыттан емес, бүгінгі күннен іздеген дұрыс. Ал, қаракөз қарындастардың көбі тұрмысқа шықпай отыруы мен еліміздің демографиялық жағдайы бүгінгі өркениетті жолдармен шешілетін мәселелер.

(с) Бердалы ОСПАН.

Мәдениеттанушы.

Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы
17 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 3129
Қос ақынның партияға көзқарасында қазіргі кезде партия құрып шала бүлініп жүргендер үшін де  зер салып оқыса, (уақыт алшақтығына қарамастан) тәлім аларлық, ой түйерлік жайлар жеткілікті дегіміз келеді.      
Көшбасшылардың бірі
4 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 2196
Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым. 

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3291 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3291', { type: 'blog', node_id: '3291', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });