misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 175 гостей

Жүрекпен көретін жандар

с нами с 25 августа 2015

Олар тағдырдың маңдайға жазуына орай жанардан жастай айырылды. Бірақ, соған қарамастан өмірдің қиындықтарына мойымай ел қатарлы өмір сүріп жатыр. Жанары көрмесе де еңбек етіп жақындарын асырап отыр. Бүгін біз жанары көрмесе де жүрегі көретін, өмірді сүюге құштар жандар туралы және оларды жұмыспен қамтып отырған Ақтаудағы «Қазақ зағиптар қоғамының»  жұмысы жайлы баяндаймыз.

«Қазақ зағиптар қоғамы» 1937 жылы құрылды. Ал оған қарасты оқу-өндірістік кәсіпорындары 1940 жылдан бастап құрала бастады. Ең алдымен Алматы, Талғар, Шымкентте ашылған кәсіпорындардың саны бүгінде республика бойынша 32-ге жеткен. Соның бірі Ақтау қаласында орналасқан.  Ақтаудағы «Қазақ зағиптар қоғамының» кәсіпорны 1979  жылы ашыған. Мұнда бүгінде 40-тан аса  қызметкер жұмыс істейді. Оның дені көзі нашар көретіндер мен зағип жандар. 

Зағип жандар жұмыс істейтін кәсіпорын туралы осыдан біраз бұрын естіген болатынмын. Әне кездесем, міне кездесем деп жүргенде бір жылға жуық уақыт өтіп кетіпті. Осыдан бірнеше күн бұрын мекеме директоры Боранбай ағамызбен кездесуге келістік. Межелі күні Боранбай Тілепов өзі 37 жыл басқарған кәсіпорынға алып келіп, жұмыс барысымен таныстырды.

- Жанардан айырған асқынған глауокома болды. Он сегіз жасымда көрмей қалдым. Әрине, ауыр соққы. Қиналғаннан екі жылдай үйден шыға алмай қалдым. Бірақ, қиналсам да оқу оқып, Атырауда жұмыс жасап жүргенімде осы кәсіпорынға келуімді өтінді. Мұнда 1982 жылы келіп, жұмысты ұйымдастырдық. Қолымыздан келгенше қызмет жасадық. Былтыр зейнеткерлікке шықтым. Бірақ қоғамның Астанадағы бөлімі жұмысты жалғастыруымды сұрады. Сенімдеріне рахмет!,-дейді ол. Бізді мекеменің сату жөніндегі менеджері Лена Тогаевамен таныстырды.

Ол бізге кәсіпорын жұмысы мен тауарларын көрсетті.

Қала сыртында жұпыны ғимаратта орналасқан мекеме бүгінде канцелярия тауарларын жасақтаумен, қызметтік формаларды тігумен (қолғап, формалар, матрац, төсек жабдықтары), әлеуметтік тапсырыстарды орындаумен айналысады. Мекемеде жұмсақ жабдықтар, кеңсе тауарлары  және тігін цехы жұмыс істейді

Алдымен қағаз цехына бардық. Мұнда пицца қорабы, түрлі папкалар, конверттер, архив қораптары, тезтікпелер дайындалады екен.

Цехтағы барлық техникаға жауапты Қыдырқожа Садақбаевтың айтуынша, мекемедегі құрал-жабдықтың тозығы жеткен.

-Мына құрылғы  папка қағаздарын кеседі. Ал мынау «Іс қағазы», «Скоросшиватель» деген жазуларды басып шығаратын құрылғы. Клишесін ауыстыру керек. Бірақ бұл машинаға клише табу қиын. Өйткені мұндай құрылғының істен шыққанына біраз болды. Қазір ешкім қолданбайды,-дейді Қыдырқожа бояу жаққыш құралды іске қосып жатып.

Ол цехта жасалатын тезтікпенің (скоросшиватель) жасалу жолын көрсетті.

-Цех тапсырыстың болуына қарай жұмыс жасайды. Директорымыз жұмысты тоқтатпауы үшін үнемі тапсырыс іздеп жүреді. Мәселен қазір тезтікпе тапсырысын орындап жатырмыз. Ең алдымен материалды стандартқа сай кесіледі. Кейін бетіне бояуы жағылады. содан соң папканы бүгу сызықтары салынады,-деді ол жұмысын жалғастырып жүріп.  

-Бұйыртса «Аджип» мекемесі бізге алып берген жаңа құрылғы келеді. Соны күтіп жүрміз. Жалпы бізге мекемелер қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жатады,-деп қуанышымен бөлісті ол. Жаңа құрылғыға арнайы орын да дайындап жатыр екен.

«Мұқағалидың қызы» жайлы

Қиылып, бояуы жағылып, бүрмесі басылған болашақ тезтікпелер жабысқы темір қыстырылуға жөнелтіледі. Мұнда темірқыстырғы темір салынып, оның сырты әдемілік үшін қағазбен жабылады, Мұны қағаз цехындағы көздері нашар көретін не болмаса әр түрлі деңгейдегі мүгедектер жасайды. Орындықтарға жайғасқан қызметкерлерді көзбен шолып шықтық. Лена бізді «Мұқағалидың қызы» атанып кеткен Майра апайымызбен таныстырды.

Майра Гайсинаның осы кәсіпорында жұмыс істегеніне 30 жылдан асыпты. Көзілдірік артындағы күлімдеген жүзінен мінезі жайдары адам екендігі байқалады.

-Бұл қоғам біз үшін ыстық. Бұл жерде қуанышымызды да қайғымызды да бірге бөлістік. Жеке өз басым басшымыздың жүгірісінің арқасында үш бөлмелі пәтер алдым үкімет тарапынан. Боранбай ағамыз бізге үнемі қамқорлық танытады. Жалақының алдымен біз сияқты қарапайым қызметкерлерге бергізеді. Мүмкіндік болса жастарды жұмысқа тартуға тырысады,-дейді Майра апай.  Майра апайымыздан «Мұқағали қызы» атануының себебін сұрадық.

-Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын ұнатамын. Тойларда, мерекелерде әріптестер өлең оқуымды сұрайды. Сондайда оқып беремін. Кейде тіпті облыстық деңгейдегі өлең оқу жарыстарына да қатысып жатамыз,-деп жауап қатты.  Майра апай біздің өтінішімізден кейін Мұқағали Мақатаевтың "Шыда, шыда" өлеңінен үзінді оқыды

 «Мені аяғымнан тұрғызған -ашу»

Наталья Петренко - біз секілді өмір сүреді. Өзгелер секілді ерте тұрып, күнде жұмысқа барады, еңбек етеді. Оның бізден бар айырмашылығы –жанарының көрмейтіндігінде...

Наталья жанарынан 25 жасында кенеттен айырылады. Өзінің айтуынша, күтпеген жерден бастан ісік табылады. Ісік үлкейіп, салдарынан көз тамырлары жарылып кеткен. Наталья бұл жайында айтқысы келмейді. Өйткені, көптеген арман мен үмітті үзген  өміріндегі ұмытылмас сол сәтті еске түсіру кім-кімге де оңай болмасы анық.

-Ойламаған жерден көрмей қалу кез келген жан үшін ауыр болар. Маған да ауыр тиді. Маңдайыңа жазылғанға көнесің. Өз-өзіме келу үшін 3-4 жылдай уақытым кетті. Қатты қиналдым. Бірақ бір күні ойлана келе жаңа өмір бастаймын деп шештім. Мен көз жасымды тыймай жылағаннан бірдеңе өзгереді ме? Өзгермейтіндігін білгендіктен жаңа өмір бастауға кірістім. Аяғымнан тік тұруға өзіме деген ашу себепші болды. Бәрін қайтадан үйренуге тура келді. Алғашында қиын тигенімен бірте-бірте үйренісіп кеттім. Кейін зағиптар қоғамының кезегіне тұрдым. Сол жерден мені қазіргі жұмысыма шақырды. Содан бері зағип адамның қолынан ештеңе келмейді деген түсініктің қате екендігін ұқтым,-дейді Наталья қолындағы іс-қағаздарының қыстырмаларын жабыстыра отырып.

- Мұнда 1992 жылдың қараша айында жұмысқа орналастым. Содан бері еңбек етіп келемін. Мен бірінші топ мүгедегі болғандықтан канцелярия тауарларын жасақтаймыз. Мәселен қазір  тезтікпенің (скоросщиватель) қыстырғыштарын кигізіп, оны бүктеп санаймыз. Бұл тапсырыс «Өзенмұнайгаз» мекемесіне жөнелтіледі,-деді ол.

Наталья үйдің бар шаруасын өзі тындырады. Тамағын да өзі даярлайды, киімін де өзі жуады. Тек құжаттарды толтыру, төлем төлейтін кезде әлеуметтік қызметкер көмектеседі. Ол адамның қолынан бәрі келеді деп есептейді. Енді компьютерді де меңгергісі келеді.

-Бос уақытымда аудиокітаптар тыңдаймын. Кино көремін. Енді компьютерді меңгергім келеді. Уақыт тауып соны үйреніп аламын

-Оны қалай меңгермекшісіз? Ол мүмкін бе?

-Әрине мүмкін. Компьютерді қолдануды үйрететін курстар бар. Аудиобағдарлама бойынша жұмыс істейді. Әр командаңды айтып отырады. Сөйтіп өзіме қажетті ақпараттармен сусындағым келеді,- дейді күлімдеп Наталья.

«Тапсырыс керек»

Қызметкерлер соңғы кезгі экономикалық жағдайға байланысты тапсырыстың көп бола бермейтіндігін, сол себепті жұмыс та аз екендігін айтады. Бірақ, бұл жағдай ол үшін кедергі емес. Өйткені бұл жерге келетін қызметкерлер бастысы сергіп, маза бермейтін сансыз сұрақтарды ұмыту үшін келеді. Өзі сияқты жандармен бірге қуанып, қайғыларына ортақтасады.

- Жалақыны жасаған жұмысымызға байланысты аламыз. Мәселен,біз  мына тезтікпелердің 17 мың данасын дайындауымыз қажет. Бүгін 1200 данасын жасадық. Ептеп ептеп бітіреміз екі апта ішінде,-деді Қалаулы Чопанова.

Қалаулы  мұнда кәсіпорын ашылғалы бері еңбек етіп келеді. Ол да бірінші топ мүгедегі. Жанардан жүктілік кезінде айырылыпты.

-Кішкентай кезімде көзім нашар көретін. Бірақ ауылда жүргеннен бе назар аудармадым. Мектепте бірінші партаға отыратын едім. Содан мән бермеген болармын. Жүктілік кезімде дәрігерлер де ештеңе айтпады. Босану кезінде болар оқиға болды. Соған қарамастан баламды босандым. Қазір екі қыз, бір ұлым бар. Есейіп, шаңырақ көтерді,- деді Қалаулы апа отбасы жайлы.

Лена бізді тігін цехы мен пішу орнына алып барды.

Мұнда көзі нашар көретін қызметкерлер тігін тігіп жатыр екен. Жұмысбастылық танытып, дені ашылып сөйлесе қоймады. Десе де жұмыстарына жауапты қарайтындығы көрініп тұрды. Айтуларынша тапсырыстың түрін тігеді.

- Қазір біз Маңғыстау облыстық наркология диспансерімен медициналық халаттар тігу туралы келісім шартқа отырдық. Келісім шарт құны – 700 мың теңге. Сырт көзге тапсырыс көп секілді болғанымен оның да өзіндік қиындықтары бар. Біз ең алдымен тауардың сапасына назар аударамыз. Сол себепті тауарларымыздың құны да сапасына сай болады. Жеген нанымызды ақ адал жегіміз келеді. Тапсырыс берушілер тапсырыстың орындалуын жіті қадағалайды. Матаның сапасын, түсін, тігісін, киімнің ыңғайлылығын тексереді. Ескертпелері болса айтып жатады біз жөндеп береміз. Бізге бір тапсырыс берген мекеме жаңа тапсырыспен қайта келеді. Сол үшін қуанамыз,-дейді менеджер Лена.

Медициналық халаттардың тігісін, матасын ұстап көрдік. Ұқыпты тігілгені бірден байқалады екен.

Мекеме директоры Боранбай Тілеповтың сөзінше, мекеме электронды портал арқылы сатып алуға қатысып отырғанымен, ол жақтан тапсырыс көп түспейді. Өйткені ол жерде тауар бағасы тым арзан көрсетіліп, сапаға мән беріле бермейді.

Біз цехтарды аралап жүргенде жұмыс уақыты да аяқталыпты. Жұмыстарын аяқтаған қызметкерлер дәліз бойымен, автобусқа қарай аяңдап бара жатты.

P.S. Үйге қайтып келе жатқанда Боранбай аға театр маусымының ашылуын күтіп жүргенін айтты. Айтуынша, аймақтағы барлық қойылымдарды бірнеше рет көріп шығыпты. Сонымен қоса, домбыра да тартады екен. Талайды көрген Боранбай ақсақалдың әңгімесі өзі бір бөлек жазба.

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3283
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12900, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"