misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 47 гостей
Тарих
2400
с нами с 30 июля 2015

"Мысықпен" алысқан Мұрат батыр

Әр батырдың жорық пен жортуыл кезінде басынан кешер қызықты оқиғасы болары анық. Ал бүгін біз жазғалы отырған оқиға, ел аман, жұрт тыныш бейбіт заманда болғанға ұқсайды. Атамнан естіген әңгімем бұл.

***

Бәйдібек ауданында Кеңес деген шағын ғана ауыл бар. Аудан орталығы Шаянға барар жолдан бір-екі шақырым қиыс орналасқан.

Негізі атам осы ауылда туып өскен. Ұлы жүз, Дулаттардың ішіндегі Ошақтының Байлы деген атасынан тарайды. Сол ауылдың төмен жағында Сасық деп аталатын, кішігірім қамысты өзен бар. Кезінде аң мен құсқа толы құтты мекен болған деседі. Сол ауылда 1800-ші жылдары Мұрат деген батыр кісі өткен екен. Ол кісінің батырлығы бір басына жетерлік-ақ болыпты. Мынау, біз жазғалы отырған әңгіме сол ерліктерінің ішінде, ел есінде ерекше қалғаны болса керек.

***

Бір жолы Сасыққа мал қарай барған, батырдың ауылдас құрдастары аттанды салып, ауылға жетіп келеді. Келе сала – ойбай, Сасықтың қамысында жолбарыс жүр, деп елді дүрліктіреді.  Сонда – Ой, тәйірі мысықтан қорыққан сендерде жүрек жоқ екен – деген, Мұрат қолына қыл шылбыр мен қанжарын алып, тарғыл теріліні іздеп, жаяу тартып кетеді.

 

***

Өзен жаққа барып, қамыстың арасына кірісімен, сол қолына қыл шылбырды иығына дейін шандып, тарс байлап, жолбарысты іздеуге кіріседі. Із кесіп жүріп, көзі от шашқан жолбарысты көріп, көзіне-көзін қадап арбасып біраз тұрады. Құйрығын бұлғаңдатып тұрған жолбарыс, өзіне қарай атылған сәтте оның  аузына сол қолын тоса қояды. Аузын арандай ашып келген аң, көмейіне дейін келіп, кептелген, қыл шылбырға тісі кіріп кетіп, батырды не лақтыра алмай, не шайнай алмай дағдарып, тұрғанда, батыр оң қолындағы қанжарын кірш еткізіп, жолбарыстың жүрегіне қадай салады. Сосын терісін асықпай іреп, ауылға иығына салып келеді де, құрдастарына қаратып –алыңдар мына мысықтың терісін, үйдегі марғаудың үлкен түрі ғой бұл деп түк болмағандай үйіне қарай тартыпты дейді, куә болған жұрт.

Екінші әңгіме немесе шабармандардың жазасы

Бұл әңгіме де Мұрат батыр жайлы. Батырдың шау тартып, қартайған кезінде болған оқиға дейді. Шамамен сексенге келген кезі болса керек. Үйіне салық сұрап болыстың екі шабарманы ат ойнатып жетіп келеді. Әй-шәй жоқ –Кім бар? Шық бермен! Салық төлемейтіндей кім едіңдер? деп едіреңдеген екеу, үйден көзін көлегейлеп, шыққан қарияға назар да аудармайды. Сонда Мұрат батыр –Балам-ай естімей тұрмын. Бермен келіп құлағыма айтпасаң, бүгінде естуден қалдық, дейді. Қасына жарау атын тебініп, қамшысын білемдеп келген, шабарман, еңкейіп айқайлай бергенде, оның жағасынан ұстап ат-матымен қосып жерге алып ұрады да, тізесімен кеудесін мытып-мытып жібергенде қыр етуге де шамасы келмеген шабарман, мұрнынан қан кетіп, талып қалады. Мұны көріп «шок» болған екіншісі тұра қашады. Құйындатқан күйі болысқа барып, болған жайлы баяндайды. Сонда шабарманды қамшысымен жон арқадан бір-ақ тартқан болыс –Сендерге Мұрат батырдан барып, салық сұрадыңдар дедім бе? Қайта жандарың аман қайтқанына қуаныңдар, деп айдап шығыпты. Осылайша Мұрат батыр өле-өлгенше салық төлемепті дейді.

***

Батыр ұрпағын көрдім деді атам. Бірақ ешқайсысы әкелері мен аталарына тартпаған қоңторғай қарапайым шаруа кісілер болыпты. Шамасы, батырлық пен ерлік кез-келгенге қона бермес қасиет шығар деп топшылаймын. Ата-бабаңда қаншама батыр, би болмасын бойыңда болмаса өзгесі бос әурешілік секілді.

 

  

ӘБЖАЙ АТА
18 апреля 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 5401
Неге екені белгісіз, Әбжай ата соғыс туралы әңгіме айтпауға тырысатын. 9 мамыр жеңіс күндері орден мен медальдарға толы кителін көрші соғыс ардагері ақсақалға кигізіп, «Сен барып әңгіме айтып кел балаларға» деп, мектепке сол кісіні жіберуші еді.
Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға
17 апреля 2017
Muxit Bayazitov
просмотров: 5802
Өшпес өмір, таусылмас мал берейік, Бір білімді данышпан жан табайық,- деп ортаға ой тастай келіп: