misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'access', action: 'user', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 1415 гостей

Пользователь — "Altyn Sapar"

с нами с 26 октября 2017
Ваше имя:
Altyn Sapar
Дата регистрации:
26.10.2017, 10:03
Авторизовался:
27.10.2017, 12:39
Altyn Sapar
27 Окт 11:00 #
Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешекgalymdar-kazaktyn-kyzdary-eshkashan-khi тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Altyn Sapar
26 Окт 16:49 #
Anuar Kabiden, бәрімізді нақұрыс, ақмақ деп санайсыздар ма? Сіздің берген "сілтемеңіз" мен үшін ешнәрсені дәлелдемейді. Мұның шынайылығын уақыт көрсетер. Айтарым, 12 гүлі ашылмаған кішкентай қыздарды балалық шағынан айыру, тұрмыс құрмаған балақайларға кимешек кигізу - нағыз барып тұрған надандық пен қараңғылық. Мұндайды еліміздің қай жеріне барсаңыз да, дені дұрыс, көзі ашық, салт-дәстүрімізді анық білетін азаматтарымыз қолдамайды. Бала деген балаша өсіп, қалыпты дамып, білім алуы тиіс. Дініміз ешбір бүлдіршін қызға орамал тақ деп міндет таққан емес. Сәл болса да ақылға келіңіз.
Altyn Sapar
26 Окт 10:51 #
Өзіңізден басқа, өзгенің бәрін ақмақ деп санаудың қажеті жоқ. Сонда Сіздің айтуыңызша, зайрлы киім киетін қыздардың бәрі жаман да, ал хиджаб киген қыздардың бәрі жақсы - бұл тым қатты кеткеніңіз! Өйтіп, барша адамзат атынан сөйлемегеніңіз жөн. Тек қана еліміздің уәкілетті органдары ғана емес, халықтың көп бөлігі кішкентай қыздардың мектеп қабырғаларында "кимешек" кигенің қаламайды. Біріншіден, бұл заңнамаға қайшы, екіншіден, еліміздің зайырлы ұстанымына қайшы, ал үшіншіден, мектептің ішкі тәртібі мен ережесіне қайшы. Осыны ұйғарғаныңыз жөн.