Астанада жыл сайын тұрақты түрде өтіп тұратын «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық термешілер байқауы өтті.
Рухани тәрбие мен қазақы пәлсапаны насихаттау, қазақстандықтардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын шараға биыл Астана мен Алматы қалаларын есептегенде еліміздің барлық өңірінен 32 термеші бақ сынасты.
«Текті сөздің төресі – терме» байқауының басты ерекшелігі мұнда термешілер еш жерде жарияланбаған, еш жерде айтылмаған жаңа термелер ұсынатындығында.
Қараша айының 5-6 аралығында өткен іріктеуден 32 термешінің ішінде Сәрсенбаева Майра, Байтенов Құнанбай , Жаңабергенова Елмұра, Жүнісов Сәттібай, Қуаныш Оспанов, Иманғазы Зағипа, Шалдыбеков Ерболат, Исламғалиев Армат, Жақиянов Алпыс, Жақсығұлов Серік сынды 10 үздік термеші ақтық сынға суырылып шыққан болатын.
Бүгін өткен байқаудың қорытынды додасының ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Ғалым Ахмедьяров:
- Елбасы айтқандай мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің осындай ұлттық дәстүрлі жобаларды көптеп жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Терме қазақ халқының төл өнері. Бұл байқаудың мақсаты ұлтымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан дәстүрлі терме өнерін құрметтеп жаңғырту, оны кейінгі ұрпақтың сансына сіңдіру, олардың патриоттық сезімін ояту, орындаушылардың шеберлігін арттыру, - деп көрермендерге байқаудың нақты мақсатын түсіндіріп өтті.
Ақтық сынға өткен термешілерді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Алдан Смайлдың төрелігімен ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай, ҚР Өнер университетінің профессоры, термеші Алмас Алматов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серік Нигимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Клара Төлембаевалар бағалады.
Екі жарым сағатқа созылған байқаудың қорытындысы бойынша «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық термешілер байқауының жеңімпазы астаналық Елмұра Жаңабергенова атанды.
Бірінші орынды батысқазақстандық Армат Исламғалиев, екінші орынды қызылордалық Серік Жақсығұлов, үшінші орынды Ерболат Шалдыбеков иеленді.
ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ АҚ ТІЛЕГІ
Майра Сәрсенбаева:
- Бұл байқау ұлттық өнерімізге деген үлкен жаңашырлық. Ұлттық өнеріміздің ұмтылмай келешек ұрпаққа дәріптеліп насихатталып жетілуіне деген үлкен үлгі. Бұл байқаудың бір ерешелігі бұрын еш жерде жарияланбаған, сазнада орындалмаған жаңа термелер орындалуында. Барлық термелер джерлік тәуелсіз елеміздің, қазақ тіліміздің, болашағын, ұлттың ұлттығын жырлайтын термелер. Осыйндай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын тапса бұл біздің қазақ елінің дәстүрлі өнерін әрі қарай дамытуда үлкен бір талпыныс болар еді.
Серік Жақсығұлов:
- Киелі мекен «Ұлытау» тақырыбында өзім терме шығарған болатынмын. Бүгін соны орындадым. Кешелі бері болған үлкен іріктеуден өтіп финалға 10 орындаушы келіп, өз бағамызды алдық. «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық термешілер байқауының мақсаты осы көне ата-бабаларымыздың келе жатқан жыраулық, жыршылық дәстүрді ояту, күре тамырына қан соқтыру, халықтың жадында соны жаңғырту болып табылады. Осындай байқаулар артып, жыраулық дәстүріміз өніп,өсіп арта берсе деген ниетіміз бар.