Сәлем, достар!
Gonzo.kz блог-платформасы және "Сұрақ-жауап" сайты бірлесіп "Қаз қалпында" атты жаңа жоба бастады.
Жоба аясында екі аптада бір рет еліміздегі танымал тұлғаларға сұрақ қоя аласыздар. Олар сұрақтарыңызға видео форматта жауап береді.
Сұрақтарыңызды, алдағы хабарларды кімді көргілеріңіз келетіндігін төменде пікір түрінде қалдырсаңыздар болады.
Сауал қою 20 маусым күні (бейсенбі) түскі сағат 12.00-де тоқтатылады.
Бүгінгі «Қаз қалпында» жобасының қонақтары – «МелоМен» тобындағы Ғабит пен Роллан.
Белсендірек болып, сұрақ қойып, достарыңызға тарата отырыңыздар!:)