30 сәуір әлемде бейбітшілік орнаған күн деп те атауға болады.Себебі, дәл осы күні 1945 Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті. Халық батыры Рақымжан Қошқарбаевтың өлшеусіз еңбегі әсіресе, Ресейде тек соңғы жылдары ғана аталып жүр. Өз елінде Қошқарбаев ұлы қаһарман, аңыз адам.
Туды орнатуды Қошқарбаевтың өзі былай сипаттайды: «Комбат Давыдов мені терезе қасына шақырды. «Көрдің бе, -дейді, - Рейсхстагты? Керекті адамдарды таңда, туды тігетін боласындар». Сосын маған сырты оралған, ауыр салмақты матаны берді. Бұл – қара қағазға оралған ту еді. Бір топ барлаушылармен терезеден шықтық. Біраз уақыттан кейін бәрімізге жерге жата қалуға тура келді. Атыс үдей түсті. Қасымда тек бір-ақ жауынгер қалды. Ол Григорий Булатов болған. «Біз не істейміз, жолдас лейтенант?»,-деп сұрай берді. Біз екеуіміз суға толы шұңқыр қасында жаттық. «Туда өз тегілерімізді жазып қояйық»,-деп ұсындым. Содан соң химиялық қарандашпен: «674 полк, 1 ботальон» сөздерін жаздық. Қасына өз аттарымызды қостық: «лейтенант Қошқарбаев, жауынгер Булатов». Сол жерде қараңғы батқанға дейін жатуға тура келді. Сосын артиллерия соққы жасай бастады. Осы сәтте Рейхстагқа қарай жүгірдік. Құрылысқа жеткен кезде мен Булатовты көтердім, оның бойы екінші қабатқа жетті. Екінші қабат деңгейінде туды орнаттық...».
Жаужүрек батырдың өмірі туралы көбісі біле бермейтін деректер де бар.
***
Р.Қошқарбаевтың 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлеріне жіберілді. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді.
***
Фрунзе училищесін 1944 жылдың қазан айында тәмамдаған соң, оған кіші лейтенант шені берілді.
***
Рейхстаг алдындағы ашық 270 метрлік алаңды жер бауырлап өту үшін 7 сағат кеткен.
***
Ту тігу алдында химиялық қарындашпен серіктесі Григорий Булатовпен бірге аты-жөндерін жазған.
***
«Алматы» қонақ үйінің директоры болды.
***
Р.Қошқарбаевқа «КСРО Батыры» жоғары атағы берілген жоқ.
***
ҚР «Халық қаһарманы» атағы 1999 жылы берілді.
***