misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'access', action: 'user', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 68 гостей

Пользователь — "Olzhas Aitmagambetov"

с нами с 31 июля 2015
Ваше имя:
Olzhas Aitmagambetov
Дата регистрации:
31.07.2015, 21:03
Авторизовался:
01.05.2016, 08:32
Ақсақалдың батасы
17 января 2016
Olzhas Aitmagambetov
просмотров: 3222, комментариев: 1
Қараңғылық әлi  түсiп  болмағанымен  күн кешкiрiп  қалған  кез. Көше бойындағы  үйлер  көлеңке  жинап, ендi-ендi   қарауыта  бастаған. Екi  қолында да жүгi бар бiр қарт адам жаяу  жолдың жиегіндегі  көгалға  шаршап отыра  кеттi де,  өзiн қуып жетiп озып бара жатқан  жiгiтке:          -Туу, екi аяғым  мүлде  жүрмей  қалды ғой, - деп  ентiге  тiл  қатты. - Қарағым,  тым   құрығанда  анау үйдiң  жанына  жеткiзiп  тастайсың ба, батамды  берейiн. Бейтаныс  қарттың  әлгi жiгiтке:  батамды берейiн, – деп  жалына  айтқан  осынау  сөзi талай   жылдардың  салмағымен  шөгiп, ой түбiнде  жатқан бiр оқиғаны еске  түсiрген едi. 1956  жылы мен  журналистiк  жұмыстың  бабымен  бiр кездегi  Көкшетау облысының  Қызылту  (кейiн  Уәлиханов)  ауданына  көшiп  бардым. Содан бiрер  жыл бұрын  осында  Омбы  облысынан Уәлиев  Жақып   деген  жiгiт те  кәрi  әке-шешесiн, iнiлерiн  алып,  көшiп келген  екен. Аудан  орталығындағы  шаруашылық   тауарларын  сататын  дүкенде  сатушы  болып  iстейдi. Бiр елдi  мекенге  басқа  жақтан  көшiп келiп орныққан адамдар  әдетте   бiрiн-бiрi  жақын  тартып  тұрады   ғой. Жақып  екеумiз  тез танысып,  жақындасып  кеттiк. Оның Батыр  есiмдi  әкесi болды. Руы керей  болғандықтан көршiлерi Батыр керей деп  атайтын. Батыр десе,  батыр едi. Сүйегi  iрi, бойы  алпамсадай  болатын. Жас кезiнде  балуан болып,  талай  түйедей  жiгiттердi   алып ұрады  екен. Күшi көп,  қимылы  шапшаң  болғанымен  сөзге   ожар емес.  Орнымен  сөйлеп,   әдебiнен  аспайтын едi. Талай  шежiренi  жатқа айтып,  қай атаның  қайдан   тарайтынын   бақалшақтап  беретiн.  Өзi сол Омбы  облысының  Щербаков  ауданындағы Шахат ауылында  туыпты. Жасының жетпiстен   асқанына  қарамастан  атандай  бойын  тiк ұстайтын  күш-қайраты, ширақ қимылы  қызықтыратын. Үш  жүздiң  баласы   ен жайлаған Қызылту  елi қандай  меймандос. Бiрiне  бiрi жиен-жекжат,  қарын-бөле,  құда-құдандалы болып  жатады. Әр үйден  қонақ  үзiлмейдi, жаз болсын, қыс болсын  әр үйге  сыбаға  келiп, әр үйден  сыбаға  жөнелтiлiп  жатады.  Күнде  болмағанмен  күнара   шақырыс. Тiптi  сылтау  табылмай   бара жатса,  кеше  бұзаулаған  сиырының  уызына  шақырады. Сол Батыр  керей  атамыз  немiспен соғыс   басталғанда  53 жаста екен. Омбы мен Түменнiң  қалың  орманына  сiңiп  кеткен  малшы  қазақтың  қайсысының  қашан  туғанын кiм бiлiп жатыр. Өзiнiң  ептiлiгiнiң, әр iстiң ретін таба  бiлетiн  зеректiгiнiң  арқасында  көп iзденiп, тiленiп  жүрiп,  жасын  анағұрлым   азайтып  көрсетiп  қан  майданның   тура  өзiне  жолдама  алады. Әскери тәртiптiң  сүргiсiнен  өтiп үлгiрмеген   жасамыс   колхозшының  олпы-солпысы  қанша  дегенмен   байқалмай  тұра ма. Көп ұзамай Батыр-екеңнiң  де шын сыры   бiлiнiп  қалады. Майдандағылар  оны  алдыңғы  шепке  шығармай  от басы,  ошақ  қасында ұстап,  шаруашылық  жағын  басқартады.  Оның  қызмет   iстейтiн   жерi  ауыр  артиллерияны  сүйрейтiн  атты  әскер   бөлiмi екен. Оған сол  бөлiмше  аттарын  бағуды  тапсырады. Ауылды  жерде өсiп,  малмен көзi  шыққан  жiгiт ағасына  майданда   бұдан  артық  жұмыс  табыла ма. Көп ұзамай  Батекең  бөлiмнiң де, бөлiм  командирiнiң  де сүйiктiсiне  айналады. Құраманың  аттары  әрқашан  бабында. Әр аттың  үстiн жуып, қырып шаң  жолатпайды.  Жемi алдында. Майданның сәл  толас  кездерiнде   мезгiл-езгiл  серуенге  шығарып,  бой жаздырып  тұрады. Бұл  қарауындағы аттарға,  аттары  бұған  әбден  бауыр  басып алған. Мұны   оқырана   дыбыстап  қарсы алып,  күлдiр-күлдiр кiсiней  шығарып  салады. Екi  жақтың әскерi  қарама-қарсы  алдыңғы  шепте  болғандықтан  бiрiне бiрi  жиi-жиi  жаудыра  оқ боратып   тұрады. Мұндайда  әсiресе  аттарға  қиын. Қайда   жасырарыңды бiлмей  дал боласың. Ауылда  колхоз  белсендiлерiнiң  бiрi болып жүрсе де   аузыннан Алласын  тастамайды екен. Ендi тiптi Аллашыл   болып  алады. Артиллериядан  оқ  жауа бастаса  болды, Аллаға  сыйынып,  калимасын  айта   жөнеледi. Бастапқыда  маңайындағылар  оның  мұнысына  күле  қарап жүредi. Оқ жауа бастаса болды, Батыр: «Лә  иләһә илл алаһ!» – деп Аллаға  куәлiк  айтуға   кiрiседi.  Кейiн  осыған   маңындағылардың бәрi  үйренiп  те кетедi. Тiптi Батекеңнiң  даусы  кейде  естiлмей  жатса, «где Валиев,  почему  молчит?» – деп   елегiзитiндi  шығарыпты. Сол сәтте  Батекеңнiң  даусы  қайта  естiле  қалса,  «Молодец Валиев, продолжай, продолжай», – деп мәз-мейрам  болады екен. Сөйтiп Батекеңнiң алдыңғы  жақтан  атылған  оқ дауысымен  бiрге  естiлетiн   калимасы жауынгерлер  үшiн  әлде   не  қауiп-қатердiң   басталғанын   сездiретiн  не содан   сақтануға  шақыратын  бiр шартты  белгiге  айналып  кетедi. Батекеңнiң  арқасында  әркiм  Алла  атымен   жан шақырып,  әрқайсысы   өз басына  амандық   тiлейтiн  болған.  Орыс-қазақ, кәпiр-мұсылман  болып  бөлiнбей   «Лә  иләһә илл аллаһ, Мұхаммад расулуллаһ» – деген куәлiк  сөздерiнiң  ешбiрiн   бұрмаламай  сол қалпында  бiр тiлде   айтатын,  бiр емес,  бiрнеше  қайталап  айтатын  болған. Алла  сақтайын десе,  шынында,  сақтайды екен. Оқ  борап,  ажал сыңсып  тұрған  жерде  өлiм-жiтiм  болмай  тұрмайды ғой. Оққа  ұшты, жаралы  болды  дегендер  бұл  бөлiмнен  де естiлiп  жатады, әрине. Бiрақ  сирек  ұшырасатыны  қуантатын  болған. Мұндай   жақсылыққа   жаны   жадырай   қалатын әскери  бөлiмнiң  жауынгерлерi  өздерiн   оққағары  бардай  сезiнедi екен. Жау оқ  жаудыра  бастаса:  читай Валиев, читай Валиев, – деген сөздер   әр жүректен  елжiрей  шығып,  күптi  көңiлдерiн   бекемдей  түскен  секiлдi  сезiледi. Әскерде Батекең  ат күтумен  ғана   шектелмептi. Көзi   қиядағыны  көретiн,  құлағы  алыс  сыбдырды  қалт  жiбермей  ести  қалатын  қыр  қазағы емес пе,  оны  қаруластары  талай рет   түнгi  жорықтарға да  жұмсайды. Бiр жолы  түн  қараңғысын  жамылып,  немiс солдатын ұстап  әкелгенi де  бар. Сол ерлiгiне  орай  «Жауынгерлiк еңбегi  үшiн» медалiн алыпты. Кейiн  оған «Ұлы Отан соғысы»  орденi  мен  мерекелiк  медальдар  қосылып,  өңiрi  жарқырап   тұратын. Осы Батыр  керей  атамыз  көптi  көрiп,  ұзақ  жасап,  1988 жылғы  29 ақпанда  100-ге  толуына  үш-ақ  ай   қалғанда  бақилық  болды. Ақыл-есi  бүтiн бойы   еңкеймеген, басқаға  күнi түспеген   бiршама  қуатты  қалпында  өттi. Қашан  көз   жұмғанша   күлдiре   сөйлеп, жеңiл  әзiл,  қуақы  қалжың айтуын қойған жоқ.  Тұрлыбек  деген ең  кенже ұлының қызметiне  байланысты  соңғы  жылдары  бұрынғы  Торғай  облысының  Арқалық  қаласында  тұрды. Бәйбiшесi   ертеректе  қайтыс болған.  Тоқсанның   тоғызын  өкшелеп  қалған кезi. Шақырған  жерге  өзi барады. Қолынан Құраны  түспейдi.  Сауылдатып  оқып  отырады. Көзiне  көзiлдiрiк  кимейдi. Денсаулығының  жайын  сұрап,  арасында  «ана  жақтан   шақырту  қағаз келген  жоқ па?» - деп  әзiлдеймiз. – Жоқ, – деп  жауап бередi. - Ата-баба  аруағы менi Омбы мен Түмен  жерiнен  iздейдi ғой. Ал мен мұнда  Торғайда  жүрмiн. Үйi  келiмдi-кетiмдi  кiсiден  босамайды.  Әзiл-қалжыңға, сөзге  өзi бейiм  отырған  соң бiз де  қарап қалмай  өткен-кеткеннен  әңгiме   сұрап,  дамыл  бермеймiз. Әсiресе  кәрiлiкке   жеңдiрмей  осынша   көп жасауының  сырын  сұраймыз. – Әй, оның  сыры  көп қой,  қайсы  бiрiн айтайын, – деп  алыстан  орағытады. Тiптi жауап  беруден  қашып, сөздi  басқа арнаға  бұрып  жiбередi. Әйтеуiр  сұрағымыз  жауапсыз  қала беретiн. Бертiн,  тағы бiр   барғанымда бөлмесiне  өзi  шақырып алды. Бесiн намазын  ендi  оқып болған  екен. – Сен осы  менiң көп жасауымның сырын сұрай  берушi  едiң ғой, – деп бұл жолы ашыла  сөйледi. - Оны бiр Алладан  басқа ешкiм  айта алмас. Дегенмен... Осылай  деп барып тағы да  үнсiз  отырып  қалды. Ерiндерi  жыбырлап, iштей  өзiмен  өзi сырласып кеттi. – Оны бiр Алладан  басқа ешкiм айта алмас,  - деп  тағы қайталады. -  Баяғыда  бозбала күнiмде атын қасқыр жеп  кетiп, орыстың ен  орман-тоғайында  жаяу  қалған  бiр мүсәпiр  қазаққа  астымдағы  атымды  түсiп берiп,  өзiн үлкен  жолға  салып   жiберiп едiм. Соның шарапаты  тидi ме  екен? Ол да  мүмкiн. Бiрақ  ондайлар  көп қой. Ендеше  бұл сөздi  сен  сұрама. Бәрiбiр  мен айта  алмаймын. Бiлдiң бе! Сөз  сонымен  тынған  сияқты едi. Арқалыққа  соңғы бiр   барғанымда   жағдайын  сұрап  тағы  кiрiп  шықтым. Бұрынғыдай емес,  ұзағырақ  үндемей  жатып  қалады екен. Сонан соң  әлде  не есiне   түскендей  болып   асыға-аптыға  бiр сөздердi  айтып  тастап,  тағы  үндемей  қалады. Солай асыға  сөз айтқан  бiр сәтiнде  өзiнен өзi  шешiлiп: – Мен,  – дедi, - жасымда   үлкендердің алғыс-батасын көп естiп едiм. Басқалардай  емес қарт  адамдардың  көңiлi   әсерленгiш  келедi. Әлде  неден секем алса, көңiлi  жабырқай қалып, сәл  нәрсеге  риза болса,  ақ ниеттерi   ақтарылып,  бетiне  шапағат  нұры ойнап  шыға келедi. Ақ алғыс  естiп, ақсақалдың  батасын  алғанға  не жетсiн. Менi  әлi күнге  дейiн аман сақтап жүрген ақсақалдардың сол ақ батасы, сол алғыс сөздерi  шығар. – Сөз-ақ, – дедiм мен iштей   сүйсiнiп. – Ақсақалдың  ақ  батасын  алғанға  не жетсiн!           Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ,          қарт журналист,                     Алматы қ.
Olzhas Aitmagambetov
01 Март 15:07 #
Ринат, сіз атаңыз, ел азаматы Жұмабек Тәшенов туралы жылы сөз: http://yvision.kz/post/673214
Olzhas Aitmagambetov
01 Март 14:02 #
толығырақ осында: http://gonzo.kz/blog/3440-jaksyinyin_erbir_aytkan_sozi_salkyin_samal
Olzhas Aitmagambetov
01 Март 14:01 #
Азамат! Ол кісі біздің Қызылту болған екен. Әкемізден қалған естеліктерден: Қызылту ауданында қызмет істеп жүрген кезім. Бір жолы ауданға жұмыс бабымен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының төрағасы Жұмабек Тәшенов келіпті деп естідім... Үйдің алдында екі кісі әңгімелесіп тұр екен. Береуі өзім бұрыннан білетін Өміржан Оспанов еді. Облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы болып істейтін. Бұрылып барып сәлем бердім.

– Мына кісі бәріміз білетін Жұмабек ағаларың болады, сәлем бер! – деді Өмекең баппен сөйлейтін қалпын сақтап.

Мен тезірек басып барып әлгі кісінің қолын алдым. Өңі нұрлы, маған ұсынған қолы жып-жылы екен. Көп алдында көзге түсіп көсем болып жүрген адамдарға жаратушы иеміз біз білмейтін, жайшылықта аңғара қоймайтын ерекше бір қасиет дарытады ғой деп ойлаймын. Әлгі кісінің маған ұсынған қолы арқылы менің бойымды ерекше бір жылы леп шарпып өткендей болып әжептәуір уақыт бойы өзімнен өзім асқақтай көтеріліп, өзгеше бір күй кештім. Әлгі бір сәтте Өміржан ағамыз мен туралы:

– Журналистіктің тізгінін ұстап жүрген жігіттердің бірі, – деп жатқанын естіп қалғанмын. Соған орай Жұмабек ағамыз:

– Ұстаған тізгініңе берік бол, бала! – дегенде өз өзімнен қанаттанып аспанға ұшып кете жаздадым.